Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Еуразияда орналасқан. Қазақстан Республиқасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстанда көп ұлт тату өмір сүреді. Қазақстанда 14 (он төрт) облысы бар. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыйланды. Қазақстанның рәміздеріне Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңбаның шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырақ бар.1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. 2016 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл болады. Бұл үлкен мереке. Қазақстанның табиғатты өте әдемі. Биік таулар, жазық дала, ормандар, бидай өрістері, бұның барлығы- Қазақстан.
Менің Отаным тек қазақстандықтар үшін ғана таныс ел емес. Қазақстанымды бар әлем таниды. Елбасымыз әлемге Қазақстанды қөрсетті. Отаным халықаралық, дүниежүзілік деңгейде іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп жатыр. Тәуелсіз 25 жыл бойы жеткен еліміздің жетістіктерін мақтана айтамын. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниежүзіне атақты дана саясатшы, өйткені ол елдерді бір –бірімен татуластырушы дипломат деп ойлаймын. Біздің ел осындай Елбасының саясатын қолдайды. Тәуелсіз жылдардың тағы бір маңызды жетістігі – Астана қаласы. Астанаға барғанда мен ерекше толғанып, жүрегім қатты соғып кетеді, өйткені осы қаланың әсемдігіне көзім тоймайды. Астанамыз тек сұлу емес, ол экономика, мәдениет, ғылым орталығына айналды. Астанама осы өлең жолдарын арнаймын:
Айналайын, жас қала,
Сүйем сені, Астана!
Сұлусың, сен, дана,
Астанам, сен, тамаша!
Мен Солтүстік Қазақстан облысы Булаев қаласында тудым. Булаев - өте әдемі қала. Ауданым қазақ еліне танымал ақын Мағжан Жұмабаевтің туған жері. Мағжан атамыз өз өлеңдерінде туған жеріміздің ормандар мен жазық даласын жақсы суреттеген. Булаев қаласы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша нан көзі. Осында Солтүстік Қазақстан элеваторы орналасқан. Мен Астана, Қарағанды қалаларында қыдырдым. Шет елге де саяхатқа бардым. Араб әмірліктеріне отбасымызбен саяхатқа бардық, Таиланд елін де көрдім. Басқа елдер әдемі, өзінше сұлу, бірақ мен үшін Булаев қаласы бәрінен де ыстық және қымбат, себебі ол-менің туған жерім!
Қазақстанның тәуелсіздігі менің еліме бейбіт өмір, қазақстандықтардың татулығы мен ұлттардың достастығын нығайтты. Мен өз елімді мақтан тұтамын! Өз еліме жарқын болашақ тілеймін!