Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жарқын болашақтың кепілі білім мен ғылымда
    Жиырма  бірінші ғасыр  ғылым мен  техникалық дамыған және  әліде ғарыштап дамып келе жатырған шағы. Қай бір дамыған мемлекетті алсаңызда олардың бірінші биікте көріну себебі ғылым мен білімге көп көңіл бөлуі. Қазіргі таңда ғылым мен білімге көп бөлген және әліде мемлекеттің қаражатты аямай келе жатырған мемлекеттерге Америка Құрама Штаттары, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай Халық Республикасы алдыңғы қатарда.  Бұл мемлекеттерден біз жиырма немесе отыз жыл артқа қалғанбыз.
    Қазіргі таңда елімізде дамушы мемлекеттердің қатарына қосылып, ғарыштап дамып келе жатырған мемлекеттердің біріміз. Біздің үкіметте және ғалымдарымыз да елдіміздің дамып,  дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін білім мен ғылымға көп көңіл бөлу керектігін біледі. Оған дәлел елімізде физика-математика бағытындағы мектеп лицейлер, Назарбаев зияткерлік мектебі, Назарбаев университеті және көптеген университет және коледждерге көп мән берілуде. Мектеп қабырғасында қазіргі таңда жаратылыстану бағытындағы пәндердің ағылшын тілінде оқыту жүйесі бір бірте алға жылжуда. Еліміз білім саласы әлемнің үздік  білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыс орнатуда. Біздің түлектеріміз дүние жүзінің таңдаулы университтерінде білім  алып жатыр. Отандық білім орталықтарына тәжірбие алмасу мақсатында көптеген шетелдік ғалымдар келіп  шеберлік сабақтарын өткізу де. Нәтижесінде мектеп және университет, коледж білім алушылары өздерінің ғылыми  жаңалық ашып, мемлекеттік гранттарды ұтып жатыр.  
    Білімнің әр түрлі саласында білім мен ғылымға көңіл бөлу арқасында, қазіргі мектеп оқушылардың болашағы бойларына  сіңірген біліміне байланысты екенін айқындалып көрсетілуде. Мектепте алғашқыда оқушыларға санаумен оқып, жазуды үйретіп жатса, орта буынан бастап олардың тереңдетіп оқыту қарапайым орта мектептерден бастау алуда. Еліміздің мектептеріндегі  мұғалімдерді қайта даярлап денгейлік курстарды өткізу арқасында, оқушыларымыздың оқытудың жаңа стандартына көшіп жаңаша ойлаудың форматына аусуда. Н.Ә Назарбаев айтып өткендей қазіргі мектептегі мұғалімдерінің қандай болса болашақта еліміздің болашағы сондай болмақ деген. Осыған қарап еліміздің қандай мақсат мүдесіне жету үшін мектеп ұстаздарының үлесі зор. Себебі ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азаматтар ұстаздардың қолынан білім алып тәрбиеленіп шығады.  
    Адамзат білім мен ғылымды игеріп қана  жарқын болашақтың кілтін ашады. Ал осы білім мен ғылым ішінде көптеген дүние кіреді.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы