Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Балаға ағылшын тілін үйрету

________________________________________
Бала жаңа алфавитті қаншалықты тез үйрене алады?барлығы ата-ананың әдісіне байланысты. Егер балаға бұл үрдіс қызық болса, бірнеше күнде-ақ үйреніп алады. Оқу барысында, тек ағылшын тілі ғана емес, өзге де сабақтарды меңгеруде балаларда көптеген қиындықтар тууы мүмкін. Бастысы – баланың үйренуге деген ниетінің болмауы. Балалардыда түсінуге болады. Балалық шақтың тәтті естеліктерін қысқартып, орнына білім мен жақсы дағдылар қалыптастыру екі жақсы ой тудырады. Осындай жағдайда не істеуге болады?
Үйренудің ең белсенді әдісі – суреттер арқылы үйрету. Балаға екі жасынан бастап алфавитті үйретуге болады, оның үстіне осы шақта бала тез қабылдағыш болады. Кішкене карталар жасап, онда әріптер мен әріптен басталатын суреттерді қоса бейнелеп қойыңыз.
Оқытудың бастапқы деңгейі. Кез келген сабақ немесе тіл үйрену үшін алдымен әріптерден бастау керек. Баланы әріптермен таныстырыңыз, тек, дәстүрлі әдістерден бөлек әдістерді көріңіз. Үйренуді ойын түрінде бастаңыз, сонда балаға қызық болады.төменде баланы ұинамай-ақ әріптерді білуге үйрететін тәсілдер:
-    Балаңыздың бөлмесін, немесе сабақ үйрететін бөлмені әріптер мен сөздер қатысқан қызықты плакаттармен, суреттермен сәндеп тастаңыз.
-    Ағылшын тіліндегі әріптердің пішініндей етіп тәтті тоқаштар пісіріп беріңіз.
-    Педагогтар магнитті тақтаны кеңінен қолдануға кеңес береді. онымен түрлі түсті әріптерден сөздер жинатуға болады.
-    Ғаламтордан әріптер мен сөздердің бояғышын жүктеп алыңыз. Әріптерді бояп болған соң баланың әріптер мен сөздерді үйренуге, өзге тілде сөз оқуға қызығушылығы артады.
-    10-12 жас аралығындағы балаларға мультфильмдер мен ойыншықтар беруге болады. Егр балаңыз компьютерде отырғанды ұнататын болса, ойынның аудармасыз, яғни ағылшын тіліндегі нұсқасын басып беріңіз. Алайда, үзақ уақытқа отырғызып қоймаңыз.
-    Кез келген сабақ ұжымдық ортада тез бекітіледі. Сондықтан көршілердің, туыстардың Самый эффективный метод изучения алфавита
-    Оқу барысындағы ойындар. Ойыннан артық ештеңе жоқ шығар. Балаңыздың тез қабылдап, есінде тез сақтауы үшін «ойлан-тап» ойнап көріңіз. Ойынның мақсаты мынада: сіз балаңызбен бірге алфавиттен бірнеше әріптерді бірге қайталаып, айтуыңыз керек. содан соң балаңыздың алдына сол әріптер салынған суреттерді жайып тастап, одан бі-бірлеп таңдап, қандай әріп екенін табуды сұраңыз.
-    Пазлдар ойыны. Ағылшын әріптерінен құралған үлкен сурет жасаңыз. Оларды жеке-жеке қырқып, еденге шашып тастаңыз. Сіз әріпті атаған уақытта балаңыз еденнен әріпті табуы керек. тек тауып қана қоймай. Сөз құрастыруын сұраңыз.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов