Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
3.    Балаңыз қараңғыдан қорықса...
Балаңыз қараңғыдан қорқа ма? Сіз бұл фобияны жеңуге көмектесе аласыз, тек бұған бейқам қарамаңыз.
 
Кез-келген сәби дүниеге еш қорқынышсыз келеді. уақыт өте келе қоршаған ортаға байланысты белгілі фобиялар пайда бола бастайды. Ал бұл фобияның қайдан пайда болғанын түсініп, одан арылтуға тырысу сіздің ғана қолыңызда.
Сонымен, бұл фобиялар қайдан пайда болуы мүмкін?
1.    Микроклимат. Отбасыдағы  ұрыс – керіс, айқай-шу немесе үздіксіз сауық баланың психикасына әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда, бала өзін ешкімге керексіз сезінеді. Осы себепті көптеген қорқыныш сезімдері пайда болуы мүмкін, соның ішінде қараңғылықтан қорқу да бар.
Кеңес: Үйдегі жағдайды саралап көріңіз. Үйіңізді алынбас қорған деп айта аласыз ба? Мүмкін, қорғаныңыздың ішіндегі қорқынышты өзіңіз жасап жатырған шығарсыз?
2.    Ата – ананың өмір сүру стилі немесе олардың жұмысы. Кейде ата – ананың балаға  көңіл аударуға уақыты болмайды. Түнде жұмыс жасап күндіз ұйықтауы мүмкін, немесе күні-түні дамыл таппай жұмыс жасауы мүмкін. Әрине, баланы материалдық жағынан қамту да дұрыс, алайда балаңыздың жанына үңілуді ұмытпаңыз.
3.    Кейде ата-ананың мейірімін көріп, тату – тәтті отбасында дүниеге келген балалар да қараңғылықтан қорқып жатады. Бұл баланың жай ғана ата – анаға деген еркелігі болуы мүмкін, немесе баланың теледидардан,компьютерден қорқынышты бір нәрсені көріп, шошынуы мүмкін. Шамасы, балаңыздың қандай мультфильмдер көретінін байқап жүргеніңіз абзал.
4.    Балаңыз ұйқыға дайындала ма? Әлде, төсекке жеткенше асыр – салып ойнайды ма? Егер екінші нұсқа болар болса, балаңыз ұйқыға дайын емес, яғни 15-20 минут төсекте дөңбекшіп, санасында сан түрлі қорқынышты кейіпкерлер пайда болуы мүмкін. Мұндай кейіпкерлер пайда болмас үшін, балаңызды ұйқыға тыңғылықты дайындап: тісін шайып, киімін киіп, ұйқыға кеткенше жанында ертегі оқып бергеніңіз жөн болады.

Кез – келген фобияның бір сәтте жоғалмасы анық. Егер жоғарыдағы кеңестер пайдасын бермесе, біраз шыдамдылық танытқаныңыз жөн. Бөлмеге кішкене қолшам сатып алып, жағып қойыңыз және өзіңізге орынбасар сатып алғаныңыз жөн, ол кішкене, сүйкімді жұмсақ ойыншық болуы мүмкін.
  
Тек балаңызды келемеж етіп күлмеңіз және ұрыспаңыз. Бұл жағдайды балаңыздың көзінше ешкімге айтпаңыз және бейқам болмаңыз. Кішкене фобиялар, үлкен қорқынышқа айналуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ