Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
2. Баланың алғашқы көлігі немесе бесік-арба жайлы не білеміз?

Сәбиге бесік-арба таңдау барысында дүкенге  барсаңызда, ғаламтор – дүкендерінен қарасаңыз да көздің жауын алар кішкене көліктер толып тұрады. Сол бесік-арбалардың ішінен дұрысын қалай таңдаймыз?
Бесік-арбаны таңдай білу үшін, бірінші,олардың түрлерін ажырата білу керек.
1.    Тербетілетін бесік-арба.
Бұл кішкене көлік түрін баланың дүниеге келген күнінен бастап, 4-5 айлық кезіне дейін пайдалануға болады. Бесіктің биіктігі мен жылылығына байланысты бөбектердің барлығына емес, тек күз-қыс мезгілдерінде дүниеге келген кішкентайларға ғана аса қажет көлік түрі болып саналады. Ал көктем – жаз мезгілдерінде дүниеге келген сәбилерге трансформер бесік – арбалары өте ыңғайлы.
Тербетілетін бесік-арбаның іші өте үлкен, өте жылы және дөңгелектері де шыдамды болып келеді, сонымен қатар артық заттарды салатын бөлімі де бар. Алайда, салмағының ауырлығы кейде келеңсіздік тудырып жатады.
 
2.    Қыдыруға арналған бесік-арба
Бұл бесік – арба 5-6 айлық сәбилерден бастап, 3 жасқа дейінгі балаларға арналған арналған. Тербетілетін бесік-арбадан айырмашылығы өте көп. Биіктігі, өлшемі, салмағы да ерекшеленеді. Сырт келбеті қуыршақтың бесігіне ұқсайтын бесік-арба өте жеңіл, аты айтып тұрғандай қыдыруға өте ыңғайлы, үйде көп орын алмайды (жинап қоюға болады). Алайда, кемшіліктері де жоқ емес. Көбінесе бұл бесік-арбалар гамак тәріздес болып жасалады, яғни бүлдіршіннің арқасын тік ұстай алмайды және суық күндерде қолдану мүмкін емес.
 
3.    Трансформер
Бұл бесік-арбаның ерекшелігі қыдыруға арналған және тербетілетін бесік-арбаның жиынтығы болып саналады. Бөбектің дүниеге келген күнінен бастап, 3 жасқа дейінгі кезеңіне дейін пайдалануға болады. Арқасын 170-180 градусқа дейін шалқайтуға болады. Бөбек отыра да, жата да алады.
 


Жоғарыда аталған бесік – арбалардың өз ерекшеліктері бар. Ерекшеліктерін саралай отырып кейде нені таңдарымызды білмей шатасуымыз мүкін. Сол себепті, өзіміз үшін белгілі критерийлер құруымыз керек.Мысалы, мынадай:
    Баланың дүниеге келген мезгілі
    Бөбектің жасы
     Материалдың сапасы қандай болғанын қалайсыз?
    Сіз ауылда тұрасыз ба, әлде қалада ма? (Дөңгелектің шыдамдылығына байланысты)
    Ұстағышы қандай болғанын қалайсыз?
    Салмағы және өлшемі.
    Сырт келбеті және бағасы

Назарыңызға рахмет, бұл мақала сізге пайдасын тигізеді деп сенемін.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
спросил от Ажигалиева в категории Ұстаз