Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
1.Баланы ұйқысына қарап таны


Кейде, кішкене бөбектеріміздің ұйқыдағы жатысы біздерді таң қалдырып жатады. Ересек адам жата қоймайтын бөбектің позасына қарап шошудың қажеті жоқ, бұл сәбидің қоршаған ортаны қабылдауы мен мінез-құлқын көрсетуі мүмкін.
Ұйқы үшін ең жақсы жатыс – қолын созып, шалқалай жатыс түрі. Бұл сәбидің қанайналым жүйесін ретке келтіріп, миын демалтады. Егер бөбегіңіз осылай жатар болса, бөбегіңіздің мінез – құлқы үшін алаңдамасаңыз болады. Себебі, бұл жағдайда балаңыздың жаны тыныш, оны еш нәрсе алаңдатпайтыны анық.
Бүлдіршініңіз екбетінен, аяқ – қолын бауырына жинап жатса, бұл оның тым көңілшек немесе бір нәрседен қорқатынын айтады.  Бұл жағдайда бөбегіңізге қол  ұшын созып, ерекше қорған болуыңыз керек. Әрине, кез келген ата – ана баласына қорған болады, алайда, бұл жағдайда сіз балаңызға қорған болып, көмек қолатын соза алатыныңызды  анық көрсетіп, айтып жүруіңіз қажет. сонымен қатар, бұл поза балаңыздың асқазанында  ақаулары бар екенін де айтуы мүмкін.
Егер балаңыз ұйқыда жатқанда еңбектегендей аяқ – қолын бүгіп тұрар болса, бұл балаңыздың бірдеңемен күресін көрсетеді, оның бір жері ауыруы мүмкін немесе түсінде бір нәрсемен күресіп жатуы мүмкін. бұл жағдайда,балаңызбен әр түрлі рөлдік ойындар ойнап көріңіз.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов