Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
"Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану" қалай және неге енгізілгені туралы  рефлексия
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының негізгі міндеті-қазақстандық мұғалімдерге тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу(1, 6,12-бет).  Сондықтан, мен өз білімімді жетілдіру мақсатында осы Кембридж Бағдарламасының үшінші деңгейлік курсына келдім. Бірінші бетпе-бетте жеті модуль туралы біліп, түсіндім. Алған теориялық білімімді тәжірибеде ұтымды қолдануды мақсат еттім.
Тәжірибиеге барғанда, алдымен, оқушының информатика пәні бойынша нені білетінін, неге өзгеріс енгізу керектігін білу үшін 7-сыныптан сауалнама алдым. Сауалнама барысында оқушыларымның өз бетінше  ойланып, өз бетінше әрекет етуі сонымен қатар, алған білім-білік, дағдыларын күнделікті өмірмен байланыстырып, салыстырып, өз болжамдарын жасау қабілеттерінің төмен деңгейде екенін байқадым.
 Сол себепті алдыма мынадай мақсат қойдым: ақпараттық, сандық технологияларды сабақта тиімді қолдану. Нәтижесінде оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді сабаққа тиімді түрде енгізу, сол арқылы ақпарат алу, сұрыптау, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыруға септігін тигізу. Ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттерді қалыптастыру. Осылайша олар қарым-қатынас үшін АКТ- ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
Қазір технологияның дамыған заманы, сондықтан оқушылар білім саласындағы технологияларды сауаттылықпен пайдалануды үйренулері тиіс. Сондықтан "Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану" модулін зерттеуге алдым. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау  және пайдалану  жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты  оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. (нұсқаулық 61-бет). Тізбектелген сабақтар топтамасына осы әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқушыларда ақпараттық құзырлылықты қалыптастыруды көздедім.
Конструктивтік білім беруде білім алушының өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастыруына ерекше мән берген. Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский «Жаман мұғалім ақиқатты дайындап өзі береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деп айтқандай, өзімнің әр сабағымда оқушыларды өз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеу мәдениеті мен сөздік қорын байытуға, өздерін ойландыруға, бағалауға жағдай туғыздым.
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар модулін дамыта отырып, балаға қалай оқу керектігін үйретумен мен мектептегі тәжірибемді бастадым. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технология модулін – көздеген мақсатыма жету үшін оңтайлы деп қабылдадым.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде, ұққанымызды өз тәжірибемде қолдандып, оқушыларды үйретуге кірістім. Осыған байланысты оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін басшылыққа алып, оқушылардың оқығандары бойынша білім, білік, дағдыларын өз деңгейінде көрсетіп, кейбір жайттар бойынша болжам жасап, күмәнді ой тудыра алуына мүмкіндік бердім. Басқа адамдардың пікірімен санасып, өз пікірін дәлелдеп, «оқушы-оқушы» қарым-қатынасын орнатуға бағыттап, жағдай жасау керек деп ойладым. Сондықтан «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» модулін сабақтарымда ассосациялық карта,  деңгейлік тапсырма, қашықтықтан сұрақтар әдістері арқылы тиімді пайдалануға тырыстым.
Ол үшін интербелсенді әдістің мақсатын жай ғана қызығушылықты арттырудан да ары қарастыра отырып, бір нәрсені үйрететін әдіс ретінде пайдаландым. Бағдарламаның осындай идеяларын негізге ала отырып, әр сабағымды жоспарлауда оқыту мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды басқа да модульдермен ықпалдастырдым. Алдымен оқушыларға топтық, жұптық жұмыс түрлерін қолдандым. Бұл жұмыс түрлері оқушыларға қатты ұнады, ізденді, қызықты, өзінің білмей жатқанын мұғалімнен емес өзінің жанындағы сыныптастарынан сұрады. Сабақта экранды тиімді пайдаландым. Барлық тапсырмаларды слайд арқылы экранға шығару, мұғалімнің қайта-қайта айтып түсіндіруінен гөрі эффектісі көп болды. Бұл жерде барлық  сұрақтарға жауапты тыңдай отырып талқылау оқушылардың қызығушылығын оятты. Топтық жұмыста жақсы, нашар оқитын бала болып бөлінбеді, С оқушы да жұмысқа өз үлесін қосып пікірін айтуға тырысты. Себебі, теориялық білімі аз болсада, үйде компьютерді қолданғандықтан тапсырманы белсене орындауға септігін тигізді деп ойлаймын. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана алу дағдыларын дамытатын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді пайдалынады. Бұл оқушылардың теориялық білімін саралау үшін тиімді болды.  
 "Жад" тақырыбымен басталған бірінші сабағымда сыныпты 2 топқа бөлдім. Себебі: топтың көлемі мен санның арасындағы теңгерімді айқындаудың маңызы бар. Үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып кетуіне әкелуі ықтимал. Мұғалімге нақты тапсырманы ұтымды орындау үшін топтың қандай көлемі қажет екендігін анықтап алу қажет [Ресурс3,1апта,1күн ].
ответил от Batyirxanov
0 голосов
7 сыныптағы «Жад» тақырыбында қызығушылықты ояту кезеңінде әртүрлі таныстырылымдар, бейнебаян көрсету сияқты тапсырмаларды беру арқылы сабақтың тақырыбын анықтаттым. Үй тапсырмасын тексеру кезінде «VIP-тест» бағдарламасын пайдаландым. Бұл әдісті алу себебім бұрын оқушылардан тест алып бағалауды өзім жүргізсем,  бүгінгі күні мен «VIP- тест» бағдарламасын қолданып отырмын. Бұл маған уақытымды тиімді, сабағымды жоспарлы жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, оқушылар үшін өз-өздерінің білімдерін тексеріп, өз-өздерін бағалайды. «VIP- тест» бағдарламасын қолданған кезде, оқушылар өз білімдерін автоматтандыру арқылы өз бағаларын тез, әрі нақты ала алды. Мен алып отырған сыныпта 9 оқушы бар. 4 қыз 5 ұл бала бар. Сынып ұйымдасқан, топтық жұмысқа дағдыланып қалған сынып болды.  Бұны мен әсіресе «А» деңгейіндегі оқушы М. осы тапсырманы  жылдам орындап, өзінің білімінің жоғары екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Бұл бағдарламада жұмыс істеуге оқушылардың қызығушылығының артқандығын байқадым. Сабақтың әр кезеңінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға тырыстым. Мысалы: жаңа тақырыпты анықтау мақсатында интербелсенді тақтадан суреттер берілді, сол суреттердің атауларын атай отырып, ортақ қасиеттерін көрсетіп топтастыру берілді. Бұл тапсырманы  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді,сын тұрғысынан ойлауды – көздеген мақсатыма жету үшін оңтайлы сәтті шыққан әдіс деп қабылдадым. Себебі: Топ болып талқылап, В деңгейіндегі М оқушым тақтаға шығып, интербелсенді қалам көмегімен оларды топтастырды. АКТ оқушы қызығушылығын арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Өйткені, естігеннен, оқығаннан гөрі, көзімен көрген ақпаратт есте жақсы сақталады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Ал, "Операциялық жүйе: жіктелуі мен функциясы" тақырыбына өткенде, үйге әр топ оқушыларына компьютерде word мәтіндік процессорында сөзжұмбақ жасап, жасырып келу, қағаз бетіне шығарып келу тапсырмасы берілген. Оқушылардың бір-бірінің жасаған жұмыстарын бағалай отырып, құнды кері байланысқа түсу арқылы бірінен-бірі үйреніп, өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік жасадым. Оқушылардың аса қызығушылықпен орындалғандары көрініп тұрды. Оны "Ойлан тап" әдісі арқылы сабақта топтар сөзжұмбақтарымен ауысып, қызу талдай бастады. Топ мүшелерінің арасында сұрақ-жауап туындап, балалар бір-бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түсе бастады. Мағынаны тану кезеңінде компьютермен жас ерекшелігіне сай жекеленген деңгейлік тапсырмалар беру арқылы өз білімдерін дұрыс бағалауға жұмыс жасадым. Орындаған кезде оқушылардың ынтасы өте жоғары болды. Бұрын сабақта ынтасы төмен болып отыратын «С» деңгейіндегі А атты оқушы "Операциялық жүйе" тақырыбын түсінгенін өзіне берілген "компьютерді қосу, қайта қосу, операциялық жүйесін анықтау, өшіру,көргенін айтып беруде" тапсырмасын өте жақсы орындады. Мен оның бұл тапсырмадан компьютерді өз бетімен қолдана алатынын, мұқияттылығын көрдім. Бірақ ол әлі де өз бетінше топтың алдына шығып сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге қиналатын, тіпті ашық пікірін айтуға қысылатын тәрізді. Біріншіден, сенімсіздігі болса, екіншіден, дағдыланған қалпынан бірден шығып кету оңай болмады. Бірақ, мұғалім дұрыс ұйымдастырып, бағыттаса бірте-бірте қалыптасады екен. Ой толғаныс кезеңінде "Қашықтықтан сұрақтар" әдісін пайдаландым, себебі: бұл тапсырмада видео сұрақтар интербелсенді тақта арқылы қойылатын сұрақтар болғандықтан. Мектептегі басқа сынып оқушыларының өздеріне сұрақтар қойып отырғанына таңырқана қарап, қызығушылықпен, жан –жақты ойлау арқылы талдап, осы сұрақтарға жауап бере бастады. Осы кезде кездескен қиыншылықтар да болды, мысалы: оқушылар сұраққа жауап берген кездерінде таласып қалып отырды, уақыт өте тапшы болды.Бұл әдістен бірнеше модульдерді байқадым: жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалог. Оқушыларға берілген тапсырмаларда жас ерекшеліктері ескеріліп, жеңілден ауырға қарай немесе қарапайымнан күрделіге принципіне негізделді.
"Алфавит" тақырыбында мағынаны тану кезеңінде "БББ"кестесін  компьютермен орындатқыздым. Бұл әдісті алу себебім: Компьютермен тапсырма орындау оқушыларды жоғары деңгейде ынталандырады. Ойларын түйіндеуге, шоғырландыруға септігін тигізеді. Бұл әдіс сәтті шықты. Себебі: "Білгім келеді" бағанына 1-топтың оқушылары тек қана алфавит туралы білгім келеді десе, 2-топтың В деңгейіндегі оқушым: информатика пәніндегі алфавитті кім ашты екен, ол алфавиттің біздің алфавиттен айырмашылығы қандай екен, қандай мақсатпен ашты екен деп нені білгісі келетіні жайлы жазыпты. Осыдан мен оқушылардың реттеле бастағанын байқадым. Бұл жерде олар тек компьютерді қолданып қоймай, сонымен қатар кесте сызып оны толтыра білуінде. Постер қорғау кезінде power point бағдарламсында орындауға берілген тапсырманы оқушылар өте жақсы, көрнекі, нақты орындап шықты.Бір-біріне екі жұлдық бір ұсыныс білдіріп жатты. Оқушылардың ұсыныстарына қарап сыни көзқараспен қарау жетіле бастағанын байқадым.  
Талантты-дарынды балалар да серіктестеріне сеніммен қарап, бір-бірлерінің пікірін тыңдауды, құрметтеуді, қажет болған жағдайда түсіндіріп, көмектесуді үйренді. Мысалы: С деңгейіндегі Ш оқушым "Операциялық жүйе: функциясы мен міндеттері" тақырыбында қиналып отырып қалғанда, А деңгейіндегі Р оқушым кел мен саған көмектесейін, бірге жасайық деген сөзінен байқадым. Және бір-бірінің пікіріне көңіл аударып, демеп отыруға дағдылана бастады. Бұл үлгерімі орташа балалардың тапсырмаларды орындауда достарына арқа сүйей отырып, еркін жауап беруді үйренуіне мүмкіндік туғызды. Балалар біртіндеп өз ортасында сабақ мазмұнына қатысты. Сөйлесуді, пікірлесуді, бір-бірінің кемшіліктерін түзетуді, бір-бірін тыңдауды үйренді. Осы оқушылардан бұрын мынадай сәттерді байқамаған едім.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Ақпараттық- коммуникациялық технология модулін пайдалана отырып тек қана сабақ барысын жүргізіп қана қоймай, сергіту сәттерін де ұйымдастырдым. Проектор көмегі арқылы видео қойылымдармен сабақ кезеңдерінің ортасында оқушыларды сергітіп алдым. Оларға бұл сергіту сәтінің ұнағанын сездім, оларды  күнделікті сабақтарда қолдануды сұрады. Әр сабағымда өзімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ұтымды пайдалануға тырыстым, сабақтарымда көрсетілімдер мен таныстырылымдар әзірледім. Интербелсенді тақта көмекгімен қиын, күрделі тарауларды жеңіл, оңтайлы тәсілдермен беріге болады. Тақырыптың түсіну деңгейін білу мақсатында оқушыларды жылдам ойлауға баулу және теориялық білімдерін орындау үшін тиімді болды.
Ұстанған бағытым дұрыс деп ойлаймын, себебі: сабақтың кері байланыс кезінде "Ойлау бутерброды" әдісінде В деңгейіндегі Е оқушым  компьютермен кесте толтыру тиімді болды, маған ұнады, ал "Даналық ағашы" әдісінде қалай басқа оқушыларды интербелсенді тақта арқылы шығарғанымды сұраса, "Сұрақтары бар қорап" әдісінде VIP тест туралы білгісі келетін жайлы ойларын қалдырды, сабақ жүйелі бекітілді.
Нұсқаулықтың 34 бетіндегі 10 –суреттегі оқу пирамидасында, көрсетілім-30%, талқылау-50%, практика-75% деп оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы көрсетілген. Соны ескере отырып  тәжірибеде қолданып көрсетуді ұйғардым.
Менің осы сабақтарымда мағынаны тану кезеңімен бекіту кезеңінде практикалық тапсырмаларды орындатқызған кезінде анық көзім жетті. Себетке алма мен банан жинау арқылы формативті бағалау  сабақтың әрбір кезеңінде жүргізіледі, осыдан келіп сабақ аяғында жиынтық бағалау қойылады.
«АКТ модулі оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы модульді тиімді қолдану маңызды болып саналады». [Нұсқаулық, 61-бет]. Орындалған тапсырмалар нәтижесінде оқушылардың сөйлеу дағдылары дамыды, пікір алмасу амалдарын үйренді, тұжырым жасау, қорытынды шығару ісінің жаңа тәсілдерін ойға түйді, жолдасының сөзін тыңдай отырып, өз тарапынан да жауаптар әзірлей отырып тіл байлықтарын молайтты.
АКТ- ны бұрын да сабақтарымда қолдандым. Бірақ жаңа технология деп сабақ басталғаннан аяғына дейін компьютермен ғана практикалық жұмыстарды жүргізіп отырғанмын. Осы Бағдарламадағы модулдарды басшылыққа алғаннан бастап өз сабағыма дайындалған уақытта әртүрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана бастадым. Сабағымда интерактивті тақтаны,  актив студионы, электронды оқулықтарды орнымен қолдана алдым. Әр сабағымды оқулықтан тыс мәліметтерді, фотосуреттерді ғаламтор арқылы алып, көрсетіп отырдым. Әлі де болса оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі барысында балалар өз ойын жеткізуге әрекеттенгенде, ойын қорытып, дәлелдеуге машықтандыруға тырысамын. Мұғалім оқушыларды иксенмихаи "өзіндік мақсат", Райан мен Деки "ішкі уәж" деп атайтын қасиетердің жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда өз-өін ынталандыра алады. Осыған орай ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады (МАН 34-бет). Машықтар мен міндеттерді жоғарылатуға қорықпаймын, себебі сол кезде ағын болатынына көз жеткізе алдым. Егер уақыт жеткілікті болып, зерттеу жұмысын бағдарлама талабына сай төрт апта болған  жағдайда нақты  нәтижені көре алатын ба едік. Біз осы барғанда алдымызда отырған шәкірттің қызығушылығын, белсенділігін біршамаға арттырдық десем артық болмас. Барнс білім берудің мұғалімді селсоқ тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдары қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу  барысында жүзеге асатынын көрсетті деп жазады. (нұсқаулық 38 бет)
4 сабақ  бойы бақылаған 3 оқушыларымның қандай дәрежеде өзгергендерін байқадым. Қабілеті жоғары Маржан көшбасшы болуға ұмтылып көшбасшы бола алатыны байқалды. Оны мен сабақтарда берген тапсырмалар барысында  топқа бағыт беріп отырғандығынан байқадым. Ал, қабілеті орташа Ерназ Маржанға еліктеп қосымша тапсырмалар болса  «мен де орындай аламын» деп, алға қарай ұмтылып отырғанын байқадым. Қабілеті төмен оқушы Айдана да  ашылып, оған қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысып, топта «мен не істейін», «менің ойым мынандай» деген кездерін байқадым. Топ алдында Айдана  өзін еркін ұстау дағдысы қалыптаса бастады. Өзінің қолынан келетіндігіне көзі жетті.
"Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есте қалар, өзім істесем үйреніп аламын" деген Шығыс даналығындағы ұлағатты сөзін назарға алып, сабақтарымда бағыт-бағдар көрсетіп, оқушылардың ақпараттық технологиялармен өз бетімен жұмыс жасап, білім алуына күш жұмсадым.
Қиындықтар: оқушылардың акт-ны толық игермеуі, мектептің ғаламтор желімен қамтамасыз етілмеуі кедергілері туындады.
Оны шешу жолдар: оқушыларға қосымша тапсырмалар беру арқылы акт-ны меңгерту, мектеп әкішілігіне ғаламтор жүйесін жандандыруға ұсыныс жасау.
Нәтижесі: мектеп әкімшілігі ғаламтор жүйесінің жұмысын жандандыруды есепке алды, оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қажетті ақпаратты жедел алу мүмкіндігіне ие болуы.
ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасырында ақпараттық-коммуникациялық технологияны білмейтін адам кемде-кем. Сол себепті сабақтарымды салыстырып, саралай қарайтын болсам оқушыларымда алға ілгерлеушілік бар екендігін сеніммен айта аламын. Курсты аяқтағаннан кейін де оқытудың бұл тәсілі мен үшін маңызды болып қала береді.   Осы зерттеу тәжірибесінен түсінгенім ақпараттық-коммуникациялық технологияның маңызы  баланың білім алуына тигізер септігі зор. Алдағы уақытта сабақтарымда білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерімен қатар 7 модулді пайдаланып сабақты өткізе аламын деп ойлаймын. Болашақта тапсырмалардың дұрыс берілуін ойластырамын. Оқыту мен оқудағы интербелсенді әдіс оқушы-оқушы және оқушы-мұғалім арасындағы жоғарғы өзара қарым-қатынас.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов