Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тәрбие негізі-рухани құндылық!
                                                                      Тәрбие-тал бесіктен басталады.
                                                                        Мақал
      Өркендеген  мемлекеттің  кеңге қанат жаюы үшін,мәдениетімен қатар,басқаларға үлгі болар тұсы-тәрбиесі.Жастарға саналы да,сапалы білім бере отырып,білім мен тәрбиені ұштастырса,жас өркен түзу өсіп,мол жеміс берер еді.Тәрбие тек озық шығу үшін ғана емес,басқа да қырларымен ерекше.Ұлттық сана-сезімді қалыптастырып,рухани құндылықты арттырады.
      Қазіргі кезде ұрпаққа қандай тәрбие беріліп,қандай тұрғыда дәріптеліп жатыр?Кім,қандай мақсатта рухани байлықты бойына жинап жатыр?Жастарға кім тәрбие беруде?Осы сұрақтар төңірегіне таясақ,тосылып қалып жатамыз.Кейбіреулер ата-анадан,бала-бақшадағы ұстаздарынан бойға сіңіреді деп,кесіп айтады.Негізінен топшылаулары дұрыс-ақ,алайда қазіргі ата-ана мен ұстаздың болмысы қандай?Көпке топырақ шашпайын,дегенмен осындай жағдай қалалық жерде басымдырақ.Тәрбиені теледидар терезесіне тапсырғандар мен игілікті,ізгі қасиеттерді интернет арқылы бала бойына сіңірту жетерліктей.Иманның әлсіреуінен,тәрбие сапасы төмендеген.
     Байырғы кезде,Абай- әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан,Шоқан-әжесі Айғанымнан үлгі-өнеге,ғибрат алса,қазіргі жас жеткіншектер кімге қарап бой түзеп жүр?Табыс,той,қыдыру...деп жүргенде,тәрбие тысқары қалып қалмады ма?Негізінен сұрақ көп,жауап жоқ.Тайға таңба басқандай көрініп тұса да,жалтаратындар мен жоққа шығаратындар баршылық.Жас аналар сәбилерін тастап кетіп-ақ,жаман тәрбиеге бой алдыруда.Елімізде небір жаман жағдайлар орын алып жатыр.Мұның бәрі тәрбиені тасалап,барынша көмескелеп келеді.
      Тәрбие-тал бесіктен басталады деп, бекер айтылмаса керек-ті. Отбасындағы сан алуан қиыншылық,ұрыс-керіс,жылулық пен махаббат,бәрі-бәрі тәрбиеге тікелей қатысты.Бала қоршаған  ортаға,үйдегі ата-анаға,мектепте нұсқаушы мұғалім мен қатарластарына қарап бой түзейді.Тәрбие беру арқылы,бала бойына рухани құндылықтарды жината білу маңызды.Ізгіліктен бастау алған тәрбие арқылы,болашаққа негіз қалаймыз.Кірпіш болып қаланып,үлкен  жетістіктерге жететіні анық.Ата-аналарымыз бос уақыттарында бала тәрбиесіне көп көңіл бөлсе,нұр үстіне нұр болар еді.Өз болашағымыз үшін барынша талпынып,әрекет етсек ғана,бақытты боламыз!Менің жасым біршама кіші болса да,болашаққа көз жүгіртемін.Осындай алаңдаушылық басқалардың да ойында барма екен?Не де болса,жазғандарымды оқыған адам өзінің бойына бір түйір болсын,керекті нәрсе алатынына сенімдімін.Бейқам жүрген жандар аз да болса,ойланар.Тәрбиенің түп қазығын түсінер.

     Құрметті оқырмандар!Бала-байлығымыз,тәрбие-бала өмірін қалайтын негіз.Неге байлығымызға негіз беріп,жандандырмасқа?Ендеше,бәрін ой елегінен өткізіп,саралап,бар болайық,бай болайық!                      
ШҚО,Тарбағатай ауданы,Көктүбек ауылы,Көктүбек орта мектебі.Сейсенбекова                               Аяжан,10-сынып
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов