Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
                                                    Юнусметова Наргиза Маьмуржанқызы
                                                    Сайрам ауданы 104 негізгі орта мектебі
                                                                     «Болашаққа еңбек етіп, өмір сүретіндер –
                                                                    Бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларда
                                                                     Қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады
                                                                      Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр».
                                                                                                              Н.Ә. Назарбаев.
       Жас ұрпаққа білім беру мен тәлім берудің сан жолы, көп қыры бар.Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстанға» жету жолында алдымызда тұрған мәселе –әлемдік білім беру кеңістігіне ену, бәсекеге барынша қабілиетті  50 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу болса, бұл мәселенің шешімін табу болашақ ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін мұғалімге жүктейді.  Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарамасында да қарастырылған  білімдегі жаңа бетбұрыс  12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, педагогтардың мәртөбесін көтеру, білім және ғылымның кірігуін қамтамасыз ету, жеке тұлғаға бағытталған оқытуда білім мен біліктілігін жоғарғы деңгейдегі, шығармашыл мұғалім қатарын арттыру.
      Қазіргі кезде білім беру саласының негізгі мақсаты – тәрбиелі де білімді, өз өзіне сенімді жаңаша өзіндік шешім қабылдай білетін , жауапкершілігі  мол тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
    Осы мақсатты жүзеге асыруда  баланың білімін игеруде өзіндік бір іс- әрекетті  және іздену белсенділігі  артатын шығармашыл оқушыны дайындау арқылы шешілмек. Шығармашыл тұлға бойында батырлық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық  сияқты қасиеттерімен қатар ерекше ой қызметі дамиды.
       ХХІ ғасыр бәсеке ғасыры. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін  дамыта дамыта алмаған елдің  тығырыққа тірелері  анық  Біз болашақтың  жоғары технологиялық  және  ғылыми ауқымды өздірістері үшін кадырлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманға білім беру жүйесінміз біз инновациялық эканомика құра алмаймыз» деген болатын. Қашанда білімді ұрпақ болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры, жас ұрпақтың  тағдыры бүгінгі ұстаздардың қолында.
       Қазіргі оқу орындарында шығармашылық ізденіс қабілиеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете  меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог әрі психолог  және оқу үрлісін ұйымдастырушы технолог бола  білуі қажет. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз  қабілетін дамыта алатындай білім берудің  әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі   анықталады.
          Жаңа ақпараттық технологияларға қазіргі кезде таратылып жүрен электрондық оқулықтар, слайдтар, интерактивті тақта мен проекторлар негізінде бейне оқыту  жүйелерін көрете отырып, электронды почта арқылы ақпараттармен  қамтамасыз ету ақпараттандыру жағдайындағы  инновациялық оқытудың негіздері.
Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеялармен дүние жүзін жаулап, байып келеді. Ал инновация дегеніміз не?
      «Инновация»  ағылшын тіліне аударғанда «Жаңалық жаңашылдық, жаңалық енгізу өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір  жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,  мақсаты мен  мазмұнын , мұғалім мен оқушының  бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
       Оқыту технологияларын сабаққа  пайдалану  өмір талабы. Заманның ақпараттық ағынына ілесу бүгінгі әр бір оқушыға және мұғалімге міндетті.
         Осындай жаңа ұғымдардың бірі интербелсенді оқыту болып табылады.
          Ағылшын тілі сабағында компьютерді пайдалану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқытын оқушылардың өзі компьютермен жүмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
         Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық , шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
           Қазақстан Республикасының  мемлекетаралық тілі- ағылшын тілін жваңа технологиялар артылы оқыту күнен күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілиеттерімен жетілу игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
          Мұғалімнің ағылшын тілінде шығармашылықпен жұмыс жүргізуі қазіргі ғылыми- педагогикалық  проблема ретінде өзекті  мәселенің  бірі- оның қалыптасуының  кезеңдерінде. Жұмыс барысында мұғалімнің шығармашылық іс – әрекеті н қалыптастыру мәселесі шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуге талап етеді .  Шығармашылық үрдісті А.Н. Лук бес кезеңге боледі
1.    Айқын және дұрыс қойылған мақсат
2.    Қосымша мәліметтер іздеу.
3.    Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.
4.    Нәтіжені жан жақты  тексеру.    
Осы зерттеулерге сүйене отырып, профессор Б.А. Тұрғынбаеваның еңбегінде шығармашылық үрдісінің кезеңдерін төмендегінше топтастырады.
1.    Жаңалықпен бетпе- бет келу.
2.    Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық ;
3.    Шешімнің жарқ етуі;
4.    Шығармашылық акт;
5.    Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
     Ғылым- психологтардың  еңбектеріне, зерттеулеріне сүйенсек, мұғалімнің  шығармашылықпен  жұмыс жұргізу  мәдениетіндегі мұғалім  тұлғасы қайталанбайтын еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі болуы шарт.
       Шығармашылықтың әр кезеңінде мұғалім бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады.
Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдық  дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»- деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі  ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын мұғалім тұлғасы айтылған.
     Олай болса,оған  білімнің нұрын құйып, шығармашылық  ынтымақтастыққа әрекет етсе, «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстанға»  жету жолы анықталар еді.
       Қорытынды айытқанда, «Мектептің жаны мұғалім». Мұғалім қандай болса, мектебіде сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса,  сол  мектептен балалар көбірек білім  алып шығады. Ең әуелі  мектепке керегі – білікті маман, жаңашыл мұғалім. Әрбір ұстаз  алдын – ала өзін– өзі педагогикалық  жұмысқа іштей бейімдеуі керек, инновациялық ынталық пен табандылыққа  үйренуі қажет және өз сенімін оқушыға жеткізе білуі керек. Мұғалім танымдық іс әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйықтысы  болғандықтан , оқушының шығармашылығын арттырады.
                                                                                 Ұстаз болу жүректің ақындығы,
                                                                                 Болмысынан балаға жақындығы.
                                                                                  Шын ұнатсаң ұстаздық кәсібіңді
                                                                                  Қолыңа қондырарсың алтын күнді.                         

Әдебиеттер:
1.    Білім заңы. Алматы 2007 жыл.
2.    Құрманбаев Н. М. Методика обучения англискому языку. Алматы- 1988 жыл.
3.    Тұрғынбаева Б. А. Мұғалімдердің шығармашылық  әлеуметін арттыру жағдайында дамыту:
4.    Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық – Алматы 2007 жыл.
5.    Педагогикалық ізленіс – Алматы: Рауан 1990 жыл.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от dariga в категории Другое