Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ыбырай Алтынсарин «Әңгімелер жинағына»  оқыту
Ыбылайдың «Әңімелер жинағын» оқу барысында өзіме алған әсерім өте ерекше. Шығармалардың басты мақсаты ретінде бала тәрбиесі оның ішінде адалдық, еңбек, талап, әдептілік т.б қасиеттерді бойға сіңіруге шақырады. Сонымен қатар тұжырымдағаным жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақыратына көзімді жеткіздім. Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек.  Осы кітаптың ішінен мынандай шығармаларды оқи отыра мынандай қорытынды жасадым. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала»- деген шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр  дейді. Осы әңгімеден алған қорытындым кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиындатып»  бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл –жақсы әдеттің нышаны емес, әрине.  Сондықтан балаларды жастайынан -ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеп,  ерекше көңіл бөлген жөн. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруға үгіттеген Ыбырайдың басқа да әңгімелері аз емес екенін көруге болады. Мен өзім сабақ беру барысында да осы әңгімелер арқылы оқушылардың таным-түсінігін кеңейтем деп ойлаймын.     
             Қазіргі заман жастарының талабына  біздер алдымызда отырған оқушылардың көзғарасын өзгертіп, қызығушылығын арттыратын Ыбырай сияқты ұлы тұлғалардың еңбегін оқуға,тарихымызды саралай отыра бүгінгімізді ұштастырып түсіндіре білуіміз керек. Тек осы тектес шығармаларды оқу арқылы адами рухани –адамгершілік деген қасиеттеріне жол табуға болады.
      Қорыта келе айтатыным Ыбырайдың шығармаларын өз сабағымда «Мұғалімнің сыйы» кезеңінде кеңінен қолдансам. Кез келген әңгімесін алсам да оқушыларға түсінікті болады деп ойлаймын. Өйткені оқушыларға жеңіл түсінікті тілмен жазылған. Уақыт өтсе де өз құндылығын жоғалтпаған осындай шығармалармен оқушылардың таным-түсінігін кеңейтуге жол ашатыны сөзсіз. Оқушылар түгіл әңгімелерді оқи отыра өзіме де әртүрлі жаңа ойлар келді. Яғни жаңа шығармашылыққа жол ашты десем де болады.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз