Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от аноним в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Баяндама:
  ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ТӘРБИЕЛІ ҚЫЗ

                                                                         



         Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса  алатын тұлға өсіре аламыз, – деген болатын. Ол  үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін  жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
         Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің  маңызы зор.
         Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен  оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар.                                                                                   Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде  тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.
Мені мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде бірнеше сұрақ мазалады:
    Ұлттық құндылық дегеніміз не?
    Мектебіміздегі қыз оқушылардың ұлттық құндылықтар туралы таным-түсінігі қай деңгейде?
    Қыз оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалай сіңіруге болады?
Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында зерттеу тақырыбымды «Ұлттық құндылықтар арқылы қыз баланы тәрбиелеудің маңызы» деп алдым. Бұл тақырыпты таңдау мақсатым – сан ғасырлар бойы бабалар аманатындай болып бізге жеткен ұлттық құндылықтарымызды, атап айтар болсам, қыз балаға қатысты салт-дәстүр, ырым-тыйымдар, отбасына қажетті ыдыс-аяқ, тұрмыстық дүниелер, аты аңызға айналған аруларымыздың өнегелі өмірін,  рулы елдің қамын жеген ел анасы мен ел басына күн туғанда қолына қару алып, жауға шапқан қазақ қыздарының қайталанбас ерлігін қыз оқушылардың бойына сіңіре білудің жолдарын айқындау еді.
Тәрбие барысындағы міндеттерім:
    Ұлттық құндылықтарды бағалай алатын қыз оқушыларды тәрбиелеу;
    Ұлттық құндылықтарды тәрбие барысында жүйелі түрде ұйымдастыру;
    Қыз оқушыларымызға ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында нұсқау беру.
Күтілетін нәтиже:
1) Әр қазақ қызының бойында ұлттық құндылықтарға деген сый-құрметі артады;
2) Ұлттық құндылықтарға қызығушылығының артуы нәтижесінде  тәрбиесі жақсарады;
3) Қандай заман болмасын, өз ұлтының ғана жағдайын ойлайтын, өз ұлтын мақтан тұтатын, өз елінің болашағына алаңдайтын, Отанының өркендеуіне үлес қосуда белсенділік танытатын тұлға қалыптасады;
           Қазақ даласында әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар аз болған жоқ. Қыз оқушыларымыз шетелдік жұлдыздар мен кино әлеміндегі түрлі кейіпкерлерге еліктемей-ақ,  қазақ даласындағы әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар туралы оқып-білу арқылы да тәрбиелене алады. Мен бұл тізбекті ел анасына айналған Домалақ ана, Бопай ана, ханға әдiлдiгiн айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Айғаным мен Фатима ханшалар, жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, сондай-ақ есiмдерi тұтас жұрттың тәрбиесі бесiгiне айналған басқа да аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай беретінін атап өткім келеді. Аңызға айналған аруларға қысқаша  тоқталып өтейік:
Гауһар – Қабанбай батырдың жары, арғын Малайсарының қарындасы.
Айтолқын – Абылай ханның қызы. Талай шешуші шайқастарда ерен ерлікпен көзге түскен.
Жандай – найман жұртшылығының батыр қызы.
Мамыр – арғын Байғазының қызы. Қалқаман деген жігітке ғашық болған.
Еңлік – матай Қарабатыр Ысқанның қызы.
Айбике – Бұланбай батырдың жары, шолғыншы сарбаздардың басшысы.
Тайқара – Нұралы ханның қызы, Нұрмұхамед қажының әйелі.
Есенбике – Олжабай батырдың анасы.
Ақбике – ел анасы, Тәуке ханның замандасы.
Ақбикеш – ХҮІІ ғасырда өмір сүрген көріпкел.
Айғаным - ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Шоќанның әжесі.
Аққыз – ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген күйші.
Арықова Нағима – 1902-1956 жылдары өмір сүрген қоғам қайраткері.
Асфандиярова Гүлсім – 1880-1941 жылдары өмір сүрген алғашқы дәрігер.
Әмина – Мұхаммед пайғамбардың анасы.
Зере – Абайдың әжесі.
Қызтумас – Бауыржанның әжесі.
Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі.
Назым – Қабанбай батырдың қызы.
Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы.
Айша Қабыланқызы – Қожаберген жыраудың жары.
Қарашаш – Жиренше шешеннің жары.
Дина Нұрпейісова (1861-1955) – күй анасы, 30 күйі бар.
Сара Тастанбекқызы (1878-1916) – ақын, әнші.
Зағира Күленова – қазақтың тұңғыш парашютші қызы.
Шара (Гүлшара) Жиенқұлова (1912-1981) – биші, халық әртісі.
Күләш (Гүлбаһрам) Байсейітова Жасынқызы (1912-1957) – әнші.
Бижанова Галина Ержанқызы – физика-математика саласындағы тұңғыш доктор.
Нәзипа Құлжанова – бала тәрбиесі туралы кітап жазған
Мәдина Бегалиева – самолет жөндеуші механик.
Аққағаз Досжанова – ұшқыш.
Хиуаз Доспанова – ұшқыш, батыр.
          Ал, Әлия мен Мәншүктің ерлігі бір төбе!
Мен бұл аналарымыз бен аруларымызды текке тізіп отырғаным жоқ. Егер көз жүгіртіп тоқталар болса, әрқайсысы бір-бір тарих, бір-бір өнеге мектебі.
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ