Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ыбырай Алтынсарин туралы шығарма эссе керек. Тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Ұлттың ғылым-білімге көзін ашқан данасы, рухани тұлға тұтып ұлықтайтын ұстазы – Ыбырай Алтынсарин. Қазақ даласында ең алғаш орыс әліпбиі бойынша бала оқытуды бастап, ұлттық мектеп тәрбиесінің негізін салушы Ы. Алтынсаринді  қазақ қана емес, еңбегіне өзге жұрттар да бас иген ұлт тұлғасын бүгінгі ұрпақтың да, келер ұрпақтың да қастерлеуі керек.
Көне сөзде ең сауапты іс – кісіге хат таныту болып саналған. Сондықтан да «Бір әріп үйреткенге қырық күн сәлем бер» деген. Ал, Ыбырай – әріп қана емес, ғылым-білімнің, оқу–тәрбиеміздің негіздерін жасап, қабырғаларын қалап берген.
Бұл істе Ыбырай Алтынсарин – алғашқы ізашар тұлға. «Өнер білім бар жұрттар» бір ғасырлық уақытқа ұзап кеткен шақта, жүрегі ұлтым деп соққан Ыбырайдың  алдында қараңғы қазақты жалқаулықтан, мамыражайлықтан айырып, білімге көзін ашып, жаңаша білім күнкөрістің кілті екенін ұғындырып, соған баулу мәселесі тұрды.Оның қолында туған тілде оқыту тәжірибесі де, оқу-құралдар да, дайын мұғалімдер де, тіпті мектептің өзі де жоқ еді. Өз мақсатына жету жолда ол оқу-ағартушылы, ұйымдастырушылық, бойында бар өнерін, қабілетін оңтайлы пайдалана білген адам. Осы жолды таңдағандықтан Ы.Алтынсарин біреуден жәрдем күтіп отырмай, алдындағы санаулы оқушыларға арнап біршама еңбектер, оқулықтар жазған. Ол жазушылық, аудармашылық, ақындық, журналшылдық, этнографтық, келіссөз жүргізу қабілеттерін мейлінше ұштай білді.
  Мақсатқа жету үшін ғалым қазақ тілінде тұңғыш әдеби хрестоматия жазуға бел буады. Бұған дейін ешбір  ғалымның 1879 жылы жарыққа шыққан «Қырғыз хрестоматиясының» кіріспесінде жазылғандай ақын-жазушылар жалпы білім беретін кітаптарға арналған өлеңдер, мысалдар, қысқа әңгімелер жазбаған еді. Ағартушы бұл еңбегіне тек мектеп жасындағы  балаларға ғана емес, қалалық, орыс және батыс елдерінің өмірінен мүлде бейхабар қазақ оқырмандарына да түсінікті, жатық тілде жазылған шығармаларын енгізді. Ғалым-ағартушы қазақ балаларының санасына жететін әдеби жанрды, шығармаларды таңдауда өте тиянақты болады, мысалдарды оқу әрі тәрбиелік материал ретінде қолданды.
 Оның бірбеткейлігі, идеологиялық көзқарасы, ұлтжандылығы шығармаларында айқын көрінеді. Ол өзінің ағартушылық ойлары мен жазушылық шеберлігін тиімді ұштастыра білген. Жастарды өкіметтің озбыр іс-әрекеттеріне қарсы шақыра отырып,  қарапайым халықтық көзқарастарды насихаттаған.
Ыбырай Алтынсарин  қазақ жастарының ғылым мен білімге оқыса, оны меңгеріп, жетістікке жететініне сенім білдірген.
Ер балалармен қатар қазақ қыздарын білімге шақырып, олардың да қоғамға араластыру жайында біршама жұмыстар атқарғаны белгілі.
«Егер пайдалы істі бастамасаң, ешқашан да ештеңе болмақ емес» деп 1864 жылдың қаңтарында ойға алған ісін тұңғыш рет Торғай қаласында іске асырады. Білімге жанашыр адамдардан көмек алып, жиған –тергенін бәрін салған, төрт жылға созылған мектептің құрылысы аяқталып, білім ошағы өз жұмысын бастайды. Сол кездегі қазақ балаларының қуанышын көз алдыға елестеті қиын емес. Себебі, қазіргі кезде мектепке жаңа ғимарат беріліп жатса, оқушылар жаңа мектепте оқығандарына риза болып, кеуделерін мақтаныш билейді.      
 Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! –
деп  өзінің өміршең халықтық көзқарасымен бүлдіршіндерді білім ордасына шақыра бермек. Бұл өлең жас ұрпаққа тәрбие беруде маңызды оң әсер етті. Ол қазақ даласына кеңінен тарап, қазақ балаларының мектепке баруына ықпал етті.
Ыбырай Алтынсарин  тек білім-ғылымға емес, тәрбиеге көп мән берген ұстаз. Бұған дәлел оның «Асыл шөп», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мейірімді бала», аударма әңгімелері «Бір уыс мақта», «Әке мен бала», «Өнер-білім бар жұрттар», «Өсиет өлеңдер», «Әй, достарым!» т.б шығармалары.
Олар: жас ұрпақты адал еңбекке, еліне адалдыққа, шын достыққа, мейірімділікке, ата-ананы қадірлеуге, кішіпейілділікке тәрбиелеу, мансапқорлық пен дүниеқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға шақыру сипатта жазылған.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын,-
деп ақын да, хакім де, батыр да анадан туады демееші ағартушы-ақын әр адам баласы үшін өмірдегі асыл жан ана туралы жырлаған өлеңін толғандырмай қоймайды.
Ірі тұлғаның жүрегінің нәзіктігі мен жанының тазалығын «Жаз», «Өзен» сияқты табиғат тақырыбына арнаған өлеңдерінен көреміз.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріпжарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
 Аралап тау мен тасты арқыраған, -
 деп табиғаттың сұлу суретін шебер де әсерлі сипаттаған.
«Жаз» өлеңінде табиғат құбылыстары мен әсемдігімен қатар, қазақ жұртының тыныс-тіршілігін, тұрмыс-салтын шебер суреттеп жеткізген. Оның өлеңдері іс-қимылға, әрекетке толы.
Мен  «Әке мен бала»  әңгімесін оқығанда әңгіменің тәрбиелік мәні зор шығарма екенін түсіндім. Әкесінің баласына айтқан «Егер жалқау болсаң, бір рет еңкеюге ерінсең, он рет еңкеюге тура келеді» деген сөзі маған да  айтылған өсиет сияқты мәңгіге жадымда қалды.
 19 – ғасырда жазылған өнерге, білімге шақырған шығармалары өзге дамыған елдермен терезесі тең, жан-жақты дамыған, тәуелсіз, зайырлы елге айналған заманда да өз маңызын жоғалтпақ емес.  
Оның есімімен өзі тұрғызған Торғай қазақ орта мектебі, жоғарғы оқу орындары, ауыл, аудан, көшелер аталады. Ы.Алтынсариннің елі үшін жасаған еңбегі ұлт есінде мәңгі қалмақ.
 
                                  








Шығарма
«Ұлы ағартушы»
(Ы.Алтынсаринге -175 жыл)


КММ «Привольное орта мектебі»
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан
Привольный селосы


Жұманова Рузия Қасымжанқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Эссе.

 «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы».

1.Ыбырай Алтынсарин салған дара жол.
2.Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі.
3. Ыбырай Алтынсариннің оқулықтары.
3.Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
4.Болашақ ұрпаққа сыйлаған мол мұра.


Елбасымыз айтқандай адам баласының өмір сүруіне үш фактор бар. Мұның ішінде ең маңыздысы «руханият». Себебі адам баласы руханиятсыз өмір сүре алмайды. Әр ел болашақ ұрпаққа өз рухани азығын сіңіруге тырысады. Себебі тәрбиемен адамгершіліктің адам өмірінде алар орны ерекше.Атақты ғұлама, ғалым Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы деген сөзі бар екен. Осы сөз арқылы да тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері де осы тақырыптарды қамтиды. Ыбырай қазақ әдебиеті тарихының қалыптасуында ерекше рөл атқарды. Мысалы: тоғайдың әсем болып жайқалуына жапырақтары себепші болса, ал Ыбырайдың қазақ әдебиеті тарихында аты мәңгі өшпейді. Халықтың есінде сақталар, мәңгіге бағаланатын тұлға.Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы,жазушы , қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин ағартушылық тарихында ,мектептің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Көптеген мектептер, интернаттар  ашып , білім берген. Барлық қазақ жастарын оқуға,білімге, өнерге шақырған болатын. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінің көбі сапалы, ешбір артықшылықсыз керемет дүние ретінде жазылған. Ыбырай өзінің өмірінің соңына дейін ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған. Ыбырай Алтынсариннің қазақ жастарының білімді болып, білім алуына қосқан үлесі де зор. Ол алғаш рет 1864 жылы Торғайда мектеп ашады. Бұл да болса нағыз көрегенділік пен үлкен ерлік деп ойлаймын.
     Ыбырайдың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі шексіздікпен өлшенеді.Оның жасаған дүниелерін ешкімге еш уақытта жасай алмайды. Өйткені ол көп еңбекті, қажымас қайратты талап етеді. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай Алтынсарин бір ғасырда бір рет туатын ұлы тұлға деп ойлаймын. Мен Ыбырай Алтынсаринді үлгі тұтамын. Оның әрбір өленің оқығанда өзіме керек дүние аламын. Елін-жерін  тебірене сүйген адам ғана нағыз ұлы ұстазға айналады. Ыбырай қазақ халқын мәдениетті ел қатарына жеткізді және қазақ жастарының санасына жаңаша бағдар сыйлады .
      Ыбырай Алтынысариннің педагогикалық, ағартушылық бағыттары көп қырлы. Ол бүкіл өмірін мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға шақырған
     Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні тереңде жатыр. Оның өлеңдерінің көбі жастарға арналған. Себебі ғылым да, өнер де жастар үшін өте маңызды. Және де адамды алға сүйрейтін білім, ал білімді игеретін адамдар олар жастар. Өйткені қартайған адам қанша ұмтылса да жастардан озып алға түсе алмайды.Өйткені бұл өмір талабы заман талабы, ал заманға бағынатын- адам, деп ойлаймын. Қазіргі заман жастардікі бұған еш күмән жоқ. Ыбырай Алтынсарин барша қазақ халқының білімділігін, сауаттылығын дамыту үшін өлеңдер де жазып, мұра түрінде қалдырған. Соған дәлел жазушының «Кел, балалар оқылық!» өлеңі:

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылыр,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
деп, жазушы барша адамдарды білімге шақырып, ізденіс пен еңбек арқасында барлық тілеулердің орындалуын айқындайды. Осы өлеңмен адамдарды білімділікке талпындырып сауаттылықты дамытуды аңсаған. Ақын оқу-білім тек ізденіс, талап пен сабырлықтың қажет екенін анықтайды және де оқымаған надандарды ақын сылап, ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған…
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған…

Үстіміздегі көйлек тоқылады, сауысқан тамағын шоқып табады, ал, біздер білімді оқумен табуымыз керек. Көп оқыған адам мақсатына  жетеді. Тек оқып қана қоймай, соны зейін қойып, көңілімізге тоқуымыз керек. Бүгінгі көргеніңді, естігеніңді ертең ұмытып қалсаң, ол оқыған болмайды.

Мал, дәулеттің байлығы –
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы–
Күннен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.

деп ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білімді болуға шақырса, екінші жағынан, оқу,білім, өнер, бәрі де халық үшін керек екенін көрсетеді.Білімді болу үшін жалықпай, көп еңбек ету керек екенін түсіндіреді.
Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен айтады. Өлеңнің басты идеясы – қазақ халқына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.

Ақын жастардың білімді болса,өз халқының бір пайдасына жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді.  
       Қорытындылай келе, біз ұлы ұстаздың Ыбырай Алтынсариннің дәуірінде айтылып кеткен сөздерді әлі күнге дейін өз өмірімізде қолданып келеміз. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген өлеңдері мен әңгімелерімен  рухани азық алдық, сонымен қоса осы әсем шығармалар арқылы бой түзеуге болады. Ыбырай  мұрасы халқымыздың асыл мұрасы, қол жетпес қазынасы.  Ыбырай Алтынсарин барша адамзаттың болашағын, тағдырларын ойлап, көп істерді атқарды. Сол үшін әр адам білімділікке талпынып, ізденіс пен сабырлықты жетелей ала жүріп, барша жетістікке, даналыққа жетуі тиіс!!! Әрбір азамат осындай кереметтей ақынды қадірлеп, есте сақтаулары, болашақ ұрпақтарға жеткізулері тиіс!!!

Пайдаланған әдебиеттер:
1.    Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым, 1979.-110-129 бет.
2.     «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004. 109 – 112 б.
3.    Ы.Алтынсарин. Қазақ энциклопедиясы.-Т.1-121 –б7
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Ыбырай Алтынсарин-қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері. Оның шын аты-Ибраһим. Ол Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затоболск ауданында дүниеге келген.

Алтынсариннің әкесі сауаты аз, еңбекқор шаруа болған. Оның анасы Айман (кейбір деректер бойынша Аймен) Арғын руынан Шеген есімді бишінің қызы болған. Ол сауатты адам, көптеген халық ертегілері мен әндерін білетін. Ибраһимнің анасы оған ерте жастан халық ертегілері мен әндерін үйреткен.

1850 жылы далада үлкен билікке ие болған Балғожа Ыбырайды Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан ашылған мектепке ауыстырылды. Елді орыс тілді адамдар басқарады деп сенген Балғожа немересі арқылы елді ұстап тұруға ниет білдірді. Жақында ашылған мектепте 30 бала оқыды, оның ішінде 9 жасар Ыбырайда бар еді.

Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды. Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды

Алтынсарин орыс халқы мен қазақ халқының достығына сенімді қолдаушы болды. Ол орыс демократиялық насихаттады, орыстың педагог-жазушылары К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тәжірибесін пайдаланды.
Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген

Ы.Алтынсариннің әдеби қызметін бақылаған замандастары, оның еңбектерінің қаншалықты халықтың қажеттігіне жарайтындығын көзі тірісінде бағалаған.

Ол кезде Ресей үкіметі жергілікті әкімшіліктер үшін қазақстандық қызметкерлерді осындай мектептер арқылы оқытуға ниеттенген болатын.

Оқушыларды отарлық саясат рухында тәрбиелеу керек болды. Алайда, Ыбырай ерте жастан мектеп жүйесінде қалмай, әлемдік және орыс әдебиетінің классиктерін өз бетінше оқыды. 1857 жылдан 1859 жылға дейін орта мектепті бітіргеннен кейін атасы Балғожа бидің хатшысы болды.

Кейін оны Кіші аудармашы ретінде Орынбор облысының әкімшілігіне ауыстырды. 1860 жылы Орынбордан Торғайға көшіп, мұғалім болды. 1864 жылы ол қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашты. Мұнда оның білім беру және педагогикалық қызметі басталады.

Ы. Алтынсарин орыс, араб және татар тілдерін еркін меңгерген және халықты ағартуды армандаған. Ол кезде қазақ балаларына мектеп ашу өте қиын болатын. Дегенмен, 1864 жылдың қаңтарында Ыбырайдың тікелей қатысуымен алғашқы қазақ мектебі ашылды.

Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарға білім берді. 1887 жылы ол Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Қыздар мектебін ұйымдастыру-бұл тұрғыда ұлы ұстаздың үлкен жетістігі.

1891 жылы Ағартушы қайтыс болғаннан кейін Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде әйелдер мектебін ашуға рұқсат етілді. Құжаттарға сәйкес, бұл да Ы. Алтынсариннің ізденістерінің нәтижесі екендігі дәлелденді.

Ы. Алтынсарин тәрбие жұмысының ең озық әдістерін пайдалана отырып, балаларды ана тілінде оқытуға ерекше назар аударды. Сондықтан ол "қазақ хрестоматиясы" оқулығын және "қазақтарды орыс тіліне оқытуға арналған бастапқы оқулық"дидактикалық құралын жазды.

1879 жылы жарық көрген" қазақ хрестоматиясы": біріншісі - әртүрлі орыс тілді оқырмандардан, негізінен" Полсон оқырманынан " балалардың өмірі туралы әңгімелер; екіншісі - әртүрлі жастағы адамдардың өмірі туралы әңгімелер; үшіншісі-қазақ әншілерінің өлеңдерінен үзінділер; төртіншісі-қазақ мақал-мәтелдері сияқты төрт бөлімнен тұрады
ответил от Menai
0 голосов
с о л г о б ы з г е д а к е р е к б о л ы п т у р е д ы т а п с а н д а р а й т ы н д а р ш ы о т ы н ы ш а т о ж а з а а л м а й о т ы р ы е д ы б о р и с л о в б э й б и д о н т х е р т м и д о н т х е р т м и
ответил от Fill

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов