Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тарих  пәні  бойынша  ҰБТ-ге дайындықты
            ұйымдастыру ерекшеліктері
                                                   
                                                       Біліп айтқан сөзге құн жетпейді
                                                          Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
                                                            Өзің білмесең,білгендерден үйрен,
                                                      Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Төле би
Жоспар:
Кіріспе бөлімі:
ҰБТ –ның мақсаты мен міндеті, қажеттілігі.
Негізгі бөлім:
         ҰБТ-ге дайындықты ұйымдастыру ерекшеліктері.
         Оқушының өзіндік дамуы,
Қорытынды:
          Мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда алдына қойған мақсаты.    
ҰБТ-ның мақсаты –жоғары білім алуға барлық бітірушілердің  тең  дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру. Солай  болса да, қазіргі таңда оқушыны әр түрлі пәннен қорытынды аттестаттау дайындық  жоспары белгіленіп отыр. Сабаққа байланысты күнделікті жоспарға сай әрбір оқушылармен емтиханға дайындық жүргізіліп жатыр. Мектептен бала оқып,  қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырады да, жоғарғы оқу орнына барып, таңдау  пәніне байланысты және қалаған мамандығына орай ҰБТ тапсырады.Оның әрбір оқушыға қажеттілігі бар.   Онда білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың  нақты рейтингісін көрсету болады. Ал, оқушылардың және мұғалімдердің білім  алудағы жоғары нәтижелерін нақтылайды.
ҰБТ-ның тиімді жақтары да қарастырылған:   
1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып, жоғарғы оқу орнына түсуге, дайындалуға талпынады.
2.Қосымша сабақтар алады және өздігінен ізденеді.
3.Ата-аналардың баланы оқытып-тәрбиелеуде жаупкершілігі артады.
4.Тестілеу кезінде өз білімдерінің деңгейін біліп, білмейтіндерін меңгереді.
5. Мұғалімдердің,мектеп басшыларының оқушылармен жұмысы артады.
6. Мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты көтереді.
7. Жалпы жұртшылықтың білімге деген көзқарасы өзгереді.
8. Мұғалім,.ата-ана,.оқушы арасында байланыс артады.
9. Оқушылардың біліміне әділ баға қойылады. Және оның білімі сараланады.
10.Мұғалімдердің де еңбегі бағаланады.
    Ұлттық бірыңғай  тест – білім сапасының басты көрсеткіші. Білімді ұрпақ – білімді ұстаздардан, білікті маманнан шығады. Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту – мұғалімнің ең басты міндеті.ҰБТ- білімді тексерудің бір түрі. Ұлттық бірыңғай  тестің кемшілігі мен артықшылығы болады. Оны мынандай бағыт – бағдардан білуге болады.
Кемшілігі-тест қорытындысында кемшіліктер анықталады.Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай  алмаймыз. Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады. Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін. Солай болса да, оның артықшылығы бар. Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі қалыптасып қалады. Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы, әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдай       жасалады. Ал, ерекшелігіне келетін болсақ, стандартты түрде жалпы білім тексеріледі. Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды. Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды. Оқушы өз білімін көрсете алады,  есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.
         Мағынасына қарай әр тарауда кездесетін сұрақтар іріктеліп алынып, жатталады.  Декреттер,  қаулы-қарарлар бірнеше дұрыс жауаптармен көрсетіледі. Мәселен, тарихта белгілі бір жылға байланысты оқиғалар кездеседі:
1921 ж. қаңтар “Қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы” декрет.
1923 ж.22 қараша “Қазақ тілінде іс жүргізу туралы”.
1927 ж. мамыр “Қазақ уездік, округтік мекемелерде Қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу жөнінде”.
1928 ж. 1-қаңтар “Аралас уездік  мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу”.
1924 ж. 1-қаңтар Ақшалай салық енгізу.
1921 ж. 24 мамыр “Айырбас сауда” тағы сондай сияқты.
Оқушылардың білім алу себептерін айқындау барысында мұғалім күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастырады. Пәндік оқытуды қалыптастырып,  тиімді технологияларды  сабақта қолданып, жеке тұлғаны дамытады. Алдына мақсат қойып жұмыс жасаған ұстаз  ҰБТ-ға дайындық бағдарламасын толық орындау кезінде мәселелер мен қиындықтарға кездеседі.Сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың  арасында  байланыс туындайды.
Оқушының өзіндік дамуы, өзіндік білім көтеруінің маңызы артатын болады.
Оқушының өзін-өзі төмен бағалауы, көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес бұл пәнді басқа пәндерге қарағанда  оңай деп тануы қиынға соғады. Кейде бала өзі таңдамай, пәнді мәжбүрлі түрде таңдайды. Кейде қажетті оқулықтардың өте қымбаттығынан оқушылардың көбінің оқулықтармен толық қамтамасыз етілмей қалады. Сондай қиындық болмау үшін алдымен оқушы өз бетімен ізденіп, оқуға ден қойса, талаптанған бала мақсатына жетер еді. Тапсырманы орындау үшін тарихи дерекпен жұмыс істеу керек. Мұндай тапсырма жақсы дайындалған оқушының өзіне қиындық келтірмейді. Ол үшін үміткер тарихтың аналогиялық тапсырмаларына баса назар аударған жөн. Тарихи әдебиеттерді көбірек оқу керек.
         Мысалы №1Джон Кэстль: “Ол зор тұлғалы, сымбат-ты, аққұба өңді, қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, со-нымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып , ол сұлтан ғана  болатын, оның балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы коңтайшыны өз қолымен тұтқынға алған... Кейін Орда оны Хан сайлады”,-деп жазады. Міне, мұндай деректерді мына кестеден көруге болады.
 

Сонымен, қорытындалай келе, мұғалім Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттау дайындық барысымен бірге оқушыны ҰБТ-ға дайындалуға  мақсаты қойған. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастырады. ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтайды. Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау қажет. Қатемен жұмыс парағын жүргізіп, оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандырған жөн. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату қажет.
Сөзімді халық даналығының мынандай сөзімен түйіндегім келіп отыр. «Ұстаз ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес, өз ұстазын сүймесе» дегендей әрбір шәкірт ұстаз еңбегін ақтаса, нұр үстіне нұр болар еді.


                                            Тарих пән мұғалімі
                                                                Ағыбаева Айгүл, Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы, №275 мектеп.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы