Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
экспо 2017 туралы ойларыңыз
спросил от Kuaniysh в категории Досуг, Развлечения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
ЭКСПО -2017:  Біз әлемге қалай танылар екенбіз?!
Қазақстанның елордасы  Астана  қаласында 2017 жылы «Болашақ энергия»  деген тақырыппен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.Өздеріңізге белгілі 2012 жылы 6 желтоқсан күні елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Астананың  ЭКСПО-2017-ні өткізу үшін күрестегі жеңісі – бұл бүкіл Қазақстан халқының жеңісі. Халықаралық көрмеге дайындыққа   барлық қазақстандықтардың түгелдей белсенді ат салысатынына менің сенімім кәміл. Мен ЭКСПО-2017 біздің тарихымыздағы тағы алтын парақ болатынына сенемін»,-деп атап өткен болатын. Осындай сөзден  кейін жан-жақты қызу пікірлер айтылып талқылануда. ЭКСПО-ны өткізу Қазақстанға мемлекет басшысының  «Жасыл  көпір» бағдарламасы  мен  Қазақстанның энергия экология стратегиясы сияқты бастамаларымен қатар «жасыл экономиканы» дамыту  үшін де жаңа технологиялар мен инновациялар алуға мүмкіндік береді. Ойлап отырсақ, бұл көрме халықаралық экономикалық  форумдармен  қатар, спорттық- туризм де қатар дамиды деген сөз. Астанада өткен  көрмеге 3 ай ішінде 5 миллионнан астам шетелдік қонақтар тамашалайды деп күтілуде.
ЭКСПО-2017көрмесі 2017 жылдың  10 шілдесінен  бастап 10 қыркүйегіне  дейін  Қазақстанның елордасы  Астана  қаласында  Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын  Халықаралық көрме. ЭКСПО-2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Осындай дауыстан кейін Қазақстан алдынғы қатардан көрінуді мақсат тұтып, бұл көрмені бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттер аума¬ғында тұңғыш рет  өткізгелі отыр. Ресей Фе¬дерациясының өзі ЭКСПО-2020-ны Екатеринбургта өткізуден дәмелі болып отырғаны бәрімізге аян. Екінші жағынан, көңілде күдік кернеп отырған бір жәйт бар. Яки, Абай атамыз айтқандай, қуанайын десек те қуана алмай отырған жайымыз бар. Неге дейсіз ғой, бар тапқан таянғанымыз шетел азаматтарына асып кетіп жатыр.  1998 жылы жаңа елордаға жаңа атау беріліп, ол Астана деп аталды. Астананы бүкіл әлем болып салды Астананы салуға еліміздің 71 қаласы, 432 құрылыс компаниялары қатысып, 135 зауыт іске қосылып, құрылысты көптеген шет ел материалдарымен жабдықтап отырды. Жергілікті фирмалармен бірге жаңа астананы түрік, итальян, француз, швейцар компаниялары да көтерді. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар беріліп отырды. Астананы әлемнің ең таңдаулы сәулетшілері салды. Қаланың сәулеттік концепциясын әзірлеуде Президент Н.Назарбаевтың қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді. Астана құрылысының бас жобасының авторы белгілі жапон сәулетшісі Кишё Курокава (Kisho Kurokawa) болды. Астанада Норман Фостер әлемдегі бірегей дін үйін - Бейбітшілік сарайын салды. Сәулетшінің командасы сонымен қатар Қазақстан астанасы үшін жаңа ойын-сауық орталығы - «Хан Шатырды» салды. Астана – «қазақстандық брендтің» бір бөлігі». 1999 жылдың маусымында қала ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» сыйына ие болды. Жас елорданың әлемдегі ең таңдаулы отыз қаланың қатарына енуіне барлық негіз бар. Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы өсіп, өзгеріп келеді, ол Қазақстан тұрғындары үшін де, шетелдік қонақтар үшін де тартымды бола түсуде. Еуропа мен Шығыс мәдениеттерінің таңдаулы үлгілері мен дәстүрлері үндескен қазіргі заманғы сәулеттік стилі жаңа елорданың экономика, саясат пен мәдениет орталығы ретіндегі келбетін мейлінше толық ашады. Барынша қысқа мерзім ішінде қала көрінісі өзгеріп сала берді және қала құрылысы қарқынды жалғасуда. Қаланың түнгі көрінісі де өзгерген – ғимараттарды, көшелерді жарықтандырудың ұтымды шешімдері,самсаған шамдар тізбегі мен Есіл өзеніндегі түрлі-түсті фонтандар, әсем өзен жағалауы, дүкендер мен бар, түнгі клубтардың жайнаған  витриналары   көз  тартады. Міне, шет  азаматтарының  арқасында еліміз көркейіп, алтынмен апталып, көріктеніп, әлем танып шыға келді.
Қаланың бас алаңын қалыптап тұрған - Сенат, Парламент ғимараттары, ҚР Президентінің Ақ ордасы мен бірқатар үкіметтік ғимараттар, ал оның екі жағынан тұрғын үй және қоғамдық кешендерді қоса алғанда барлығы 650 нысан көтерілуде.
Бейбітшілік және келісім сарайы – 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамиданы да айтуға болады.Осындай ерекшеліктеріне де байланысты бүкіл әлемге қазақ елін таныстыруға ат салып отырғаны аян.
Үкіметіміздің есебі бойынша  ЭКСПО-2017 көрмені өткізуге 2,4 млрд доллар қажет көрінеді. Осы есеп біздің еліміздің көркеюіне үлкен көмегін тигізер ме екен?.. Себебі, көрмеге үш айда ең кем дегенде 5 миллион адам келіп,  екі-үш күн қонақ болады, көрмені, қаланы, Астананың Бура¬бай тәрізді жақын маңайын аралайды, көреді. Ал, біздің әлемге танымал Байқоңыр қаласын шет елдер көруі мүмкін бе? деген сұрақтар да жаныңды мазалайды. Байқоңыр қаласы ЭКСПО-2017-нің қатарына еніп, жақын орналасқан сыр өңіріне шағын «жұмақ қала салынады» дегенді естіп, қуанып едік.  «Союз» зымыраны.
ЭКСПО-2017-нің мақсат-міндеттерін оқып отырып, жалпы Қазақстан құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесін салудан  нәтиже шығарып,  сәулет пен қала құрылысының әлемдік қазынасына қосылатын болады деген ой түйдім. Байқоңыр ғарыш айлағын бүкіл әлем жұртшылығы біледі де, неге қала аймағын әлемге танытпасқа?! Ондағы қазақ жұртшылығы, яки ұстаз қауымының ерен еңбегіне орай неге шағын үй ауданын салмасқа...?! Осындағы кейбір адамдардың үй құжаты болмай қатты қиналып жүргендердің куәсі болып жүрміз. Үйі бар бола тұра, уақытша үй құжаты арқылы тіркеуде тұрғандар да бар. Тағы айта кететін жәйт, Байқоңыр қаласының қақ ортасында орыстың церкоптары бар. Бір емес, екеу. Ал біздің қаламыздың ішінде мүлдем жоқ. Қаламыздың екі шетінде орналасқан Ақай мен Төретам кентінде 1-2 жылдың ішінде ғана мешіттер орналасты. Бұл да орыс саясатының қазаққа жасаған үстемдігі емес пе? Көпдінділіктің түбі жақсылыққа апар¬майтынын біле тұра, 1992 жылдың 15 қаң¬тарынан бастап  діни ағымдарға да толық бос¬тандық беріп қойған. Діни ұйымдар жайлы әлемдегі ең либе¬ралды заң қабылданған.Соған байланысты жастардың дінге деген көзқарасы өзгере бастады. Елімізде түрлі секталар көбейді. Жастардың, әсіресе мектеп жасындағы балалар да мешітке жұма сайын баратынды шығарды. Әйтеуір жақсы жағынан болса болды дейміз-ау, кейінгі ұрпақ қалай өмір сүреді екен? Барлық мектепте өзін өзі тану сабағымен бірге дінтану  сабағы төменгі сыныптан бастап өтсе ғой деп ойлайсың. Жуырда  байқоңырлықтардың жағдайы туралы лауазымды адамдардың оқу бағдарламасына байланысты айтқан ұсыныстарын естіп қуанып қалдық. Одан бір нәрсе шығар деген үміттеміз... Үмітіміз үзіліп кетпесі хақ.
Қытай ЭКСПО-ны реформа бастағаннан кейін 31 жыл өткен соң ғана, 2010 жылы Шанхайда өткізді. Ал, біз болсақ, елді көркейтеміз, «Мәңгілік ел боламыз» деп, ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмеге қазақ елін таныстырамыз деп жүргенде, барымыздан айырылып қалмайық. Халықтың тапқан-таянғанын өзіне қайтармай, әркімнің жемсауытына жем болмайық, ағайын.
Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
2017 жыл, қаңтар айы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов