Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ел құтқарар ер едім...
I. Кіріспе бөлім:
а) «Құлжадай айбар мүйіздім»
II. Негізгі бөлім:
а) «Дауылпаз ақын – ел мақтаны»
ә) Ел азаттығына қосқан үлесі
б) «Махамбет поэзиясындағы өшпес рух»
III. Қорытынды бөлім:
а) «Толарсақтан саз кешіп...»
                                                     «Бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен
                      күрес жырын Махамбеттей ғып жырлаған
өзгеше  ақын болған емес.
Алды да, арты да бір өзі сияқты»
                                      Мұхтар Әуезов
Халқымызда елі, жері, ұлты үшін еңіреген ерлер аз емес. Ұлан байтақ даланы сол ерлердің арқасында «білектің күшімен, найзаның ұшымен»  сақтап қалғаны тарихтан белгілі. Сондай ұлы тұлғаның бірі – Махамбет Өтемісұлы. Ақын есімі әр қазаққа жақын. Неге? Себебі ол ел үшін күрескен, халқының азаттығын аңсаған батыр, ақын.
«Кермиығым, кербезім!
Керіскедей шандозым,
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!»,-
деп жырлаған Махамбет өзінің Исатайға арнаған «Тарланым» атты өлеңінде.
    Осы өлең жолдарын оқыған сәтте, менің Махамбет жайлы ойларым тізбектеле жөнелгендей болды. Исатай батырға жыр арнай отырып, ақын өзіне баға бергендей...
    Асқан ақындығына, қайсарлығына халқы бас иген Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, Бекетай аймағында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жерінде дүниеге келген.
    Өзінің жалынды, отты жырларымен соңынан халқын ерте білген өр тұлға халықтың зарын жырлап, оны хан, сұлтандарға батыра айта білген.
    Ақынның өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» кездескен қиындықты жеңе білуге жастарды үгіттейді. Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, өлеңмен жігер берген Махамбеттің өршіл жырлары болды.
«Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі біте ме?»,-
деген өлең жолдары елім деп еңіреген ерлердің бейнесін ашқаны анық.
    1836-1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі ұлт-азаттық көтеріліс болып өткенін  тарихтан білеміз. Көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі, ең шұрайлы жерлердің бәрін байлар өзара бөлісіп алған еді. Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісін Исатай Тайманұлымен бірге басқарды. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған өр ақын патша әкімшілігінің қолшоқпарлары хан, сұлтандардың озбырлығын ашына айтты.
«Өздеріңдей хандардың
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім!»,-
деп жырымен тіліп түскен ақынның қазақ халқы үшін алар орны ерекше.
    Ол жауға қарсы білектің күшімен ғана емес, қаламын да қару етті.
«Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жастық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік»,-
деген жыр жолдары осының дәлелі.
    Қылышымен де, қайратты жырларыменде «халқым» деп қайрат көрсеткен ақын былайша толғайды:
«Бозша ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей, шерт сынбай
Ел құтқарар ер едім...»
    «Толарсақтан саз кешкен» елінің елдігі мен бостандығын аңсап, сол үшін жанын берген қас батыр, жүректі ақын Махамбет халқымыздың ұлы тұлғасы, оған бүгінгі ұрпақ мәңгілік тағзым етері сөзсіз.
«Махамбет
Махамбет
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?»
    Осылайша тебіренген Фариза Оңғарсыновадан артық Махамбетті жырла мүмкін емес шығар...
Жырын сүйем Махамбеттің жігерлі,
Селт еткізіп оятатын үні елді.
«Махамбеттей отбоп жанып, лауласам..»
Лапылдаған, алаулаған ой келді...



№74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
+1 голос
0 ответов
0 голосов
0 ответов