Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Города и Страны

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шежірелі ел –ұлылар мекені
«Жидебай» қорық жанымда,
Құрғамай жатқан қонағы.
Бір меймен келсе ауылға
Алдымен маған соғады.
        «Маған» деп мақтан ете алман,    Маған  кім сәлем береді.        Алладан жалғыз бата алған        Абайдай дана керегі.            Шәкәрім баба жатпаса,            Шалғайдан келіп несі бар.        Кемеңгерлер елі басқаша        «Келем» деп халқы асығар.                          (Т.Жанғалиев)
Ақын жырлаған шежірелі ұлылар елі Шығыс Қазақстан облысындағы қазақтың үш алыбы  ұлы Абай, ғұлама Шәкәрім, дана Мұхтар дүниеге келген киелі топырақ  Абай ауданы туралы . Бұл елді білмейтін қазақ кемде кем. Ол елді көріп, Ұлылардың мекені, жайлау, қыстағы, олардың өмір сүрген үй-жайы барлығы тайға таңба басқандай көрініп тұратын бұл өлкеге кім болсын бір соғып, тағзым етуді армандары сөзсіз.
 Кез келген  халықтың тарихында ерекше қадірлі  жерлер бар. Қазақ халқы  үшін сондай қасиетті мекен – Шыңғыстау, яғни Абай елі екні сөзсіз. Халқымыздың үш кемеңгері өмірге келуі – өте сирек кездесетін құбылыс. Бұл өңірде бұрын да атақты адамдар өмір сүрген.Мәселен, халқына әділдігімен, қаталдығымен басшылық жасаған   Өскенбай , Құнанбай , Кеңгірбай би,Нысан абыздар да елге қызмет етіп, осы өңірден ұлылардың шығуына үлес қосты десек артық болмас.Кейінгі кезеңде өмір сүрген Шәкір Әбенов, Мерғали Ибраев, Роллан Сейсенбаев, Жәнібек Кәрменов, Мерғали Ибраев,  Кәмен Оразалин, Тыныш¬тықбек Әбді¬кәкімов, Бейбіт Сапаралы, Мұратбек Оспанов Төлеген Жанғалиевтардың халқы үшін жасаған еңбегі де ұшан-теңіз. Тегінде топырақтың киесі бар-ау. Бір өлкеден қай заманда болмасын ұлы тұлғаладың тууы тегін емес қой. Жидебайды «жер кіндігі» дейді ғой, мүмкін соның өзі де жай ғана сәйкестік емес шығар. Бүгінгі ел алдындағы азаматтар өз алдына бір әңгіме. Бауыржан Жақып, Қалқаман Сарин, Серік Жанболат, Қуанышбек Қари және тағы көптеген тұлғалар еліміздің ертеңі үшін талмай еңбектеніп жатқан тұлғалар.
Айтыскер ақын Қ.Алтынбаев:
– Шалдары шешен жаралған,
Шежіреден нәр алған.
Қыздары отты жаралған,
Жеңістерден нәр алған,
Абай туған ел осы!
Ауыл сайын ері бар,
Алтын жұлдыз тағынған.
Ақындар ғалымшарындай
Мұхтар туған жер осы!
деп  шабыттана жырлаған екен осы өңір жайында. Міне, нағыз осы өлкені ашатын жыр.Төңірегі тұнған тарихи мекен екенін де әр қазақ біледі . Аралтөбе, Тастықұдық, Байғабыл, Ащысу, Ералы, Ойқұдық, Ақшоқы… бәрі-бәрі «Абай жолында» кездесетін мекендер.
    Осындай өлкеде туғанымды мақтана ете, шаттана айтамын.

                        №74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов