Тараз қаласы
№47 орта мектебі
5 «д» сынып оқушысы
Оспанова Айсара
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Егемқұлова Айжамал Мынбаевна
Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ
ӨШПЕС РУХЫ
Елбасымыз
«Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары –«Қазақстан 2050»
стратегиясының түп қазығы етіп алды.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны
ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл –әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың
басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік
талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тірлілік тезіне төтеп бере алмай жер
бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы, өзгенің
қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні
біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі
қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған
Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Ұлтымыздың
ұлы кемеңгері Абайдың: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз
қалдырған» - дегендей, өмірі мен өнегесі халқының жадына мәңгілікке жазылып,
одан ойып тұрып лайықты орнын алған әрі
батыр, әрі ақын, әрі тарихи қайраткер Махамбет
Өтемісұлының есімін әрқашанда ерекше құрметпен атаймыз.
Мақтан
етем Махамбеттей ақынды,
Көкке
өрлеткен қазақ деген атымды.
Найзасы
мен өткір тілің оқ еткен,
Қайдан
көрдің дәл осындай батырды.
Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш
Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен
бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген- арлыларды әңгімелесек,
биіктемесек аласармаймыз», - деген сөзі Махамбетке арналған болатын.
Махамбет – өзінің барша болмыс қасиетімен көшпелілер
көсемінің соңғы тұяғы. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын,
Шалкиіз, Жиембет, Асанқайғы, Қазтуған, Сыпыра жырау, Доспамбет сияқты біртуар
тұлғалардың өлмес мұрасын көкірегіне тоқып өскен. Әйгілі Сырым батырдың әділет сүйгіш, азатшыл рухы Махамбеттің бесік
жыры болып, өмірінің мағынасына айналған. Махамбет өзі өмір сүрген заманның
ағымына жүйрік, көзі ашық, көкірегі ояу жан болған.махамбеттің арғы атасы
Құлмәліден Шыбынтай мен Өтеміс туады. Өтеміс Жайықтың бергі бетінде Айшуақ
хандық құрған тұста беделді бидің бірі
болған.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік,- деуі де осыдан екен. «Алып анадан
туады» дегендей, ел аузындағы аңыз бойынша, Махамбеттің анасы Қосуан ақынға
жүкті боларда қасқырдың өтіне жерік болыпты деседі. Қосуан ана шынында да, өте
батыл, ержүрек әйел болған сияқты.
Ақын өмір сүрген кезеңде қазақ халқы соқтықпалы,
соқпақсыз кері кеткен заманды басынан өткізген еді ғой. Алдымен жаугершілік,
одан қалды отаршылдықтың қияметін көріп, запыран жұтқан, тығырыққа тіреліп,
шығудың амалын таппай отырғанда Исатайдай азаматты азаттық туын көтеріп жол
бастады, Махамбеттей ақыны қостады.
Қазақ халқы –ежелден бері намысын ту қылып биік ұстаған
өжет, ер халық. Халық арасынан шыққан Ер Махамбет елі үшін қанын төкті, жанын
қиды. Махамбеттің осындай ерлігін, өрлігін халқы еш уақытта ұмытпайды. Оның
еркіндікті, теңдікті аңсаған, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қылыштай
өкір жырлары сол көтеріліс ұранындай болған. Ақынның өрлігі мен рухы өз
өлеңдерінде айқын аңғарылады. «Белгілі туған ер едім», «Мен едім», «Менің атым
Махамбет» деген өлеңдерінен кісіліктің, ерліктің лебі есіп тұрады. Махамбет
үздіксіз қуғын-сүргін көреді. Осындай бір сәтінде оны Баймағамбет сұлтанның
алдына алып келеді. Махамбет өз бетімен келмеспін, көрмеспін деген жауының
алдында отырып:
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім...
Бір қазақпен тең едім
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан
билердің,
Атандай даусын ақыртып,
Басын кессем деп едім,-
деуі, ақынның тағы да өрлігін, қайсарлығын, беттілігін,
батырлығын дәлелдей түседі. Қазақ
әдебиетінің ұлы мұхитындағы өзгеше бір сырлы арал боп тұрған. Махамбет
поэзиясының тақырыбы біреу – майдан. Қазақ елінің елдігі, еркіндігі, егемендігі үшін болып жатқан майдан. Махамбет
өлеңдері жігерлі де асқақ. Жауына қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғындай
жұмсауы:
Мен –кесекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Келелі қара бұлтпын
Келе жаумай ашылман
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар, намысымды қашырман,-
деген сөздері батырдың беліндегі ақ семсер, алмас
қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем болмаған. Ақын жырларында жиі
қайталанатын «мен» сөзі менмендік емес, ерліктің ерекше семсеріндей күнге
шағылыса жарқылдайды.
Боз ағаштан биік, мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан
Ел құтқарар ер едім, жандаспай ақыры бір тынбан.
«Мен» сөзі әр қайталанған сайын дұшпаны қаймыға, өзі
өршелене түседі.
1836 жылдың көктемінде Нарында басталған ұлт-азаттық
күрес зорайып, Қиялымоладағы, Теректіқұмдағы, Тастөбедегі аты шулы қанды
майданға барып ұласты. Махамбет өлеңдері 1836-38 жылдары болған ұлт-азаттық
көтерілістің айнасы.
Махамбеттанушы ғалым Оңайгүл Тұржан:
«Махамбет-қара өлеңмен дауыл тұрғызған ақын. Ол ақындық қуатпен дәуірді оятуға
ұмтылды. Оның өлеңінің өзі –бір көтеріліс», -дейді. Айтса, айтқандай!