Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
достық туралы шығарма керек. Тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Шығарма
Достық
   Достық ұлы сезім.Өйткені дос деген барлық адамға керек. «Досы көпті жау алмайды» деп бекерге айтпаған ғой.Адам қиналса да ,қуанса да жанына әрқашан досын іздейді. Досы жоқ адам қанаты жоқ құспен тең.
Өзі алты ақ әріптен тұрса да мағынасы тереңде жатқан сөз.Жай айтып қоятындай мәнсіз сөз қатарына жатпайды.
    Достық бұл жас таңдамайды. Ол мектепте де, жұмыста да, класта да басқа жерлерде де жалғасын табады. Достықтың өзінің бірнеше түрі бар. Амал дос, адал дос,арам дос дегендей.Қайдан дос тапсаңда ескі досқа жетпейді.Жаңа досты тапсаң да ескі досты ұмытпа деген бар емес пе.Досты адам түріне ,жұмысына, оқуына , киіміне, дәрежесіне қарай таңдауға болмайды.
   Қиын сәтте жаныңнан табылған дос шынайы дос болып табылады.Сол достың қадірін ешқашан ұмытпау тиіс. Сен қуансаң да ,ренжісең де дос бірге жүруі керек.Ондай сәтте табылмаса ,саған ол дос ұзаққа бармасына көзің жетеді.
  «Доссыз өмір –тұссыз ас» демекші досың жоқ болса өз пікіріңді кіммен талдайсың,кім саған ақыл кеңес айтады.Тұзы жоқ тағам жеуге келмейтіні секілді,өмірдің сәні де , мәні де болмайды. Достықты бағалай білген адам дос болудың жолын біледі. Адам түгілі жануар да дос болуды қалайды. Жеті қазынаның бірі итте адамның досы емес пе.
   Уақытша дос болатын , қазіргі заманға сай достарда табылады.Қалтаға ,мансапқа қарай адамды алдай білетін достар да болады.Тек ондай достарды уақытында ажырата білуің тиіс.
   Мен өзім достық қадірін білетін жанның бірімін.Біреуге ренжісем де кімдікі дұрыс,кімдікі бұрыс деп досыммен ақылдасамын.Ішімдегіні досыма айтып жеңілденемін.Өзімде дос көп,бірақ қай досқа қай уақытта не айтуға болатынын түсінемін.Достарыммен үнемі кездесіп отырамын.Оларда маған керек кезінде өз ойларын  айтып ортаға салады. Қуанышымыз әрқашан ортақ.
Достарыма құшағым ашық.Дос боламын дегенге көңіліміз таза.  «Жүз теңгең болғанша , жүз досың болсын» деген бар емес пе қазақта.
   Достықтың шегі болуы мүмкін емес.Достар достың қадірін түсініп  аялай білейік.Біз бір-бірімізге дос емеспіз бе? Ендеше ойыңды айт жасқанба.
Сен де дос жоқ па, онда кел ортаға, біз саған  адал дос боламыз жаңа дос.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Дос
           Әр адамның өз досы болуы керек. Дос деген адал, қамқоршы болады. Бір-біріне сырлас болады. Достар бір-біріне өтірік айтпауы керек. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын дегендей дос  деген дүниедегі табылмас байлықтарының бірі. Досың ол сенің сырласың. Досыңа сен басқаларға айтпаған  сырларынды айтасың. Досың қиын жағдайда көмектеседі. Егерде ол сенің шын досын болса, ол сені ешқашанда сені жалғыз қалдырмайды. Досты құрметтеу керек.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Нағыз дос
  Нағыз дос қиын жағдайда табылатын жандардың бірі. Нағыз дос тек қана жақсы жағдайларда емес,қиын кездерде де қасында болуы тиісті. Әр адамның өз нағыз досы болуы керек деп ойлаймын. Достық туралы әр-түрлі әндер, өлеңдер, шығармалар жазылған, бейнефильмдер де түсірілген. Досы бар адам ешқашан жалғыз қалмайды.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Достық – қымбат өмірде.

«Доссыз – адам, тұзсыз - тағам» деген қазақта жақсы сөз бар. Бұл сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Айналамызды қанша жерден ата – анамыз, тума – туыс, сыныптастар, жұмыстар қоршап тұрса да, достардың орны тым бөлек. Өйткені, ата – анаға немесе басқа таныстарға айта алмайтын жан сырыңды тек доспен бөлісіп, доспен сырласуға болады. Достық – дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі. Достар деген бір - біріне адал, қалтқысыз сенетін, жанашыр, қамқор, ортақ көзқарасты ұстанатын жандар. Сондықтан адам дос таңдауда қателеспеуі керек. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне деген сенуінен басталады. Досына қарап адамның қандай екенін танып білуге болады.
Әр адам өмірге келгеннен кейін, ішкі дүниесіндегі сырын, шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Досты табу оңай, ал оны сақтау өте қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтап, адалдықпен жауап беру керек. Достық қайтарымын қажет етпей, қайтарымсыз көмек беру. Түсінушілік пен сенім – достықты берік ететін діңгек саналады..  Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Адамның достары көп болуы мүмкін, ал нағыз жанашыр  жан досы біреу болары сөзсіз Шынайы адам ғана басқа адамдардан шынайылық  күтеді. Бір дос  қораңнан мал кеткенше дос болады, ал енді бір дос кеудеңнен жан кеткенше дос болады. Кей адамдар әулеттерімен, бала – шағаларымен араласып – құраласып, тұтас бір үлкен отбасыдай көрінеді. Жақсы дос тіпті туған – туыстарыңнан да артық жаныңа жақын болып кетуі мүмкін.  Өкінішке орай бұл өмірде достардың бәрі шынайы және адал дос бола бермейді.Адал достан бөлек амал достар да кездесіп жатады. Қастық пен көреалмаушылық, күншілдік сияқты қасиеттер достықтық жаулары. Мұндай сезімге бой алдырғандар басқаның жақсылығын, қуанышын, байлығын көре алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді.
Ел аузына достық туралы мақал – мәтелдер мен дәйек сөздер жетерлік:
«Дос — ажарың, жолдас — базарың.», «Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.»,
«Досы көпті жау алмас», «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы», «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос». Осы сөздердің мағынасына қарап халқымыздың ежелден достықты қадір тұтқанын байқауға болады. Қандай қиын кездерге тап бола қалсаң жанашырлық танытып, көмек қолын созатын жандардың бар екенін білу үлкен бақыт! Адал достық – алтыннан да қымбат.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Сәлем беріп отыр екен деп ойлап едім ғой деп ойлаймын және ол телефонда камера істемейді табылған болуы мүмкін емес еді және ол телефонда камера істемейді табылған болуы мүмкін емес еді және ол телефонда камера істемейді табылған болуы мүмкін емес еді және ол телефонда камера істемейді табылған болуы мүмкін емес.
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов