Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Кенесары қасымұлы туралы шығарма керек. Тауып бере аласыздар ма?
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ел үшін туған ер.
                                                                         Ер игісі ел жүгін көтереді.
                                                                                                                
                                                                                         Жүсіп Баласағұни.

«Өткеніңді білмейінше-болашағың бұлдыр.Өткеніңді білу-бүгініңе сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің айғағы. Біз өсетіні жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле бермей келдік. Біз тарихымыз жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік» ,-дейді жерлес жазушымыз Естай Мырзахметов.
    Иә, шынында да біз өз тарихымызды, туған жерінің, халқының бостандығы үшін күрестегі ерлер жайлы жеткілікті білеміз бе?
    Қазақ хандығы құралғаннан бергі ғасырлардың қайсысы болса да қазақ ұлты үшін жеңіл болған жоқ. Әсіресе он тоғызыншы ғасырдағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік, саяси жағдайы өте ауыр болды. Өйткені патша үкіметі  елдің ішкі саясатына араласып, қазақтың би- болыстарына шен беру тәсілі арқылы бір- біріне айдап салды. Қазақ елінің ең шұрайлы деген жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастады.
Мінеки, осындай ел басына күн туған шақта халық қамын ойлаған біртуар азаматтың бірі- Кенесары Қасымұлы еді.
Кенесары, Наурызбай-
Абылай хан-ды бабасы,
Әуелгі мекен-тұрағы-
 Көкшетаудың даласы.               
Иә, қазақ халқының соңғы ханзадасы 1802 жылы шұрайлы да әсем Көкшетау жерінде дүниеге келген.
 1841 жылы ата-баба салтымен хан сайланғаннан кейін ел тәуелсіздігін ең басты мақсаты етіп алды.
                                                             Рас, ол бірден қол бастап қолына қару,
                                                              Хан болды Кенесары Орта жүзге,
                                                              Жайылды аруағы өзге жузге...
                                                              Хәкім болып қай жұрттан шыққандарың,
                                                               Жарамас шөп салуға басқан ізге,- деп жырдажырланғандай, алып патша үкіметіне қарсы күрескен жоқ. Бейбіт жолмен келісімге келуді ойлап патшаның өзіне де, сол кездегі Батыс-Сібір генерал- губернаторына да, Орымбор генерал – губернаторына да хат жолдады. Хаттың бірінде: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын. Біз достық пен ынтымақта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді» ,- деген.
  Бірақ патша үкіметі шапқыншылықты күшейткен үстіне күшейте түсті. Сондықтан да Кенесары Қасымов он жылға созылған тәуелсіздік жолындағы күресті бастады. Кенесарының өзекті ойы Доскей Әлімбаевтың « Кенесары» атты поэмасында былай беріледі:
Патшаның келіп жабылды,
Арқаға нақақ жаласы.
Бұған қалай шыдасын
Кенекендей даласы!
Кенесары батырға
Қан жауғандай боп кетті.
Жер мен көктің арасы
Кенесары батырдың
Қан талғандай қызарды
Көзінің ақ пен қарасы.
Қастығын патша қоймаса,
Дұшпандығын жоймаса,
Өртенер деді қаласы.
Аталарымыз:«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»,-деп жайдан-жай айтпаған. Рулық араздықтың, алауыздықтың нәтижесінде тәуелсіздік жолындағы күрес Кенесары қолының жеңілісімен аяқталды. Жыр алыбы Жамбыл атамыз: «Кенесары, Наурызбай заманында ханнан асқан ер болды, қазақты орысқа бермеймін деп Сарыарқада соғыс салды. Олар таланған елді қорғаймын деп қасына мың батыр қол ертіп жүрді. Кенесары жағадан алған жаудан жеңілетін ер ме еді? Ол етектен алған иттерден жеңілді ғой»,-деген екен.
Бірақ халқымыздың намысы бар ұл-қыздары тәуелсіздік жолындағы күресті тоқтатқан жоқ.Бабаларымыздың арманы бүгінгі күндері іске асты.
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет! Кенесары рухына:Тәуелсіздігіміз мәңгілік! Туған еліңіз мұрагерлеріңіздің сенімді қолында-дегім келеді.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов