Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Сәкен Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» («Ақан сері» романынан) шығармасынан берілген үзіндіні оқығаннан кейін бізді ойландырғаны – көркем құндылықтардың  көркем әдебиеттегі, оның ішіндегі прозадағы құндылықтар мәселесінің зерттелуі, зерделенуі. Осыдан келіп, көркем туындыдағы құндылықтар тілі оқушылардың шығарманы әсерлі қабылдауына  ықпал ете ме, ықпал етсе, себебі, негізі неде деген жайттар

бүгінге күні күн тәртібіне қойылғаны жөн деп санаймыз.

    Қазақ әдебиетінің дамуында, оның әлемдік көркемөнер құндылықтары сапынан көрінуінде Сәкен Жүнісов шығармашылығының алар орны аз емес екені даусыз. Қазақ көркем қара сөзінде өзіндік өрнек, өзіндік қолтаңба қалдырған талант иесі Сәкен Жүнісов прозасы – қазақ жерінің, табиғат пен адам байланысының көркем бейнесі дейтін болсақ, бұл –қаламгердің әлеуметтік – философиялық ойларының да түйіні тәрізді. Бұл туралы баспасөз бетінде аз жазылған жоқ.

    Біз бұл зерттеуде оны қайталап айтпаймыз, біздің мақсат – С. Жүнісов әңгімесіндегі ой астары, мәтін астары мен шығармадағы құндылықтар жүйесінің байланысы мәселесі ғана. Бұл еңбектегі негізгі бағыт – оқушылардың назарын  Сәкен Жүнісов кейіпкерлерін сол кездегі дәуір тілімен сөйлетіп, қоршаған дүниені сол кездің санасына сай бере білгендігін  аңғарту болып отыр. Бұл жұмысты жазудағы екінші бір нысана – Сәкен Жүнісов шығармасындағы құндылықтар жүйесін анықтау деген мәселеге назар аудару.

Біз қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен зерделеп білгіміз келді.

        Көркем әдебиеттің басты құралы сөз болғандықтан да әрбір жазушы ұлттық тілдің сөздік қорын жете пайдаланып, оны шебер келістіріп қолдануға талпынады, соның нәтижесінде ғана көркем суреттеулер жасай алады. Көркем шығарма болу үшін,
ответил от Kuaniysh
0 голосов
бірінші шарт – суреттілік, образдылық, яғни күндегі көріп жүрген адамдарымыздай өзіндік қимылы бар, ой парасаты, киім киісі, жүріс-тұрысы бар жанды адамдар болуы керек;

екіншіден, сол образ типтік образ болуы тиіс, яғни қоғамдық тәрбие бере алатындай бір топ адамдардың басындағы жақсы не жаман қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, оны нанымды етіп беру қажет;

 үшіншіден, шындық пен суреттілік бір-бірімен ұласып жатуы, яғни жазушының суреттеп отырған образы сол кездің шындығына сыйымды болуы керек;

төртіншіден, ол шығарманың туу тарихы, өмірге келу себебі, яғни жазушы туындысының жазылу мақсаты болсын;

 бесіншіден, халықтық сипатта жазылған болуы керек; алтыншыдан, көркем әдебиеттің оқырманына тәлім-тәрбие бере алатындай дәрежеде, жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа қарай жетелей алатындай қасиеті – қоғамдық мәні болуы шарт т.б. міне, осы тұрғыдан алғанда, С.Жүнісов шығармалары – адамдар образы арқылы оқырманының эстетикалық сезіміне әсер ететін, әдемілікті түсінуге, мінез-құлықтарын жақсартуға көмектесетін, адамдар арасындағы әр түрлі қайшылықтарды көрсетіп, шындықтың бетін айқындайтын құрал екендігін әдебиеттерді оқу арқылы көз жеткіздім.

       С.Жүнісовтің көркем сөз шебері екендігі белгілі. Жазушы шығармаларында теңеу сөздер мен эпитеттердің, метафоралардың жиі кездесетіндігі осыны аңғартқандай. Көркем туындыдағы сөз саптаудың бояуын қосып, әрін келтіріп тұрған тілі көркем шығарманы оқушылардың әсерлі қабылдауына игі ықпал етері сөзсіз.

        «Ақырғы бәйге» шығарма тіліне талдау жасау арқылы оқушылардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, Сәкен Жүнісовтың атақты әнші, ақын, сазгер, саяткер, құсбегі Ақан сері мен оның аты Құлагер тағдырының ең бір күрделі де қайғылы кезімен танысуда оқушы сезіміне әсер етемін, шығарманы оқуға қызығушылығын оятуда өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймыз.

Сәкен сері ағамыздың шығармасына сүйене отырып өнер иелерін құрметтеу, әдеби шығарманың тілін түсіну- әр уақытта да ұлағатты іс болмақ.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов