Мен қазақ қыздарына қайран қалам...
МЕН, ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ,
САНАСЫ АДАСУДАН ОЙРАНДАЛҒАН.
ҚЫЗ-ҚЫРҚЫН, ЖІГІТ-ЖЫРТЫҢ БОП КЕТКЕНІН,
СЕЗІНІП ЖАТЫРСЫҢ-АУ, ҚАЙРАН БАБАМ.
МЕН, ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ,
НАМЫСЫН, ҚАЗАҚПЫН ДЕП ҚАЙРАМАҒАН.
КӨРІП ҚАЙТ ӨЗ КӨЗІҢМЕН, ДЕСЕМ ЕГЕР,
ТІРІЛІП КЕЛЕР МЕ ЕДІҢ, ҚАЙРАН БАБАМ.
(М.АХМ.)
«Шұғыл хабарландыру!»
«Сақ болыңыздар! Елімізге батыстың теріс ағымын насихаттайтын бомба тасталғанын білесіз бе? Ең қауіптісі- жарылған жерде жұқпалы ауру тез таралғыш. Әсіресе,жасөспірімдердің имунитеті төмен болғандықтан,оларға бірінші жұғады. Ауру белгілері: ашық киініп жүру,үлкеннің айтқанын құлағына ілмеу,мағынасын түсінбесе де шетел музыкасын тыңдау. Таралу түрі- әлеуметтік желілер арқылы. Егер бойыңыздан ауру белгілерін байқасаңыз,тез арада Абайдың қарасөздерін,М.Дулатовтың «Оян,қазақ!» өлеңін күніне 2-3 рет оқуға кеңес береміз. Бұл кітаптарды орталық кітапханалардан таба аласыз»-деп жазылған қағаздар көше-көшеде ілулі тұрса, мүмкін қазақ есін жияр ма еді? Қалай ойлайсыз,бұдан құтылудың жолы бар ма? Кіріп кетіп шығар жолды таппай,сансырап адасып жүргендер қаншама?
Бұрынғының биязы,кербез қыздарын айтсаңшы.... Ол кездегілер қырық үйден тыйым салғандар ғой,шіркін! Қазіргінің қыздары тыйым түгіл,ата-аналарынан еркіндік алғалы қай заман? Жан сұлулығы тұнып тұрған сол бір ұяң қыздың тағдыры ұзаққа бармасын кім ойлапты?
Қазақ қызы десе,шашы ұзын,жібектей сызылған,шолпысы сылдырлаған аруды елестеткің-ақ келеді. Бірақ,бірақ... Көз алдыңнан жыртық шалбармен желп-желп етіп,ер балалармен бірге жағаласқан қыздарды көргенде тіпті алдыңғысының келбетін де ұмытып қалғандайсың. Сонда болашақта ұрпағына тәрбие беретін аналарымыздың түрі сол ма? Жарылған бомба адамдарды тұншықтырып жатыр.Тез сөнсе екен...