Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
абылай хан туралы шығарма керек. Абылай хан туралы эссе болса да болады
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Абылай

           Батырлармен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.

                                                                        Н. Ә. Назарбаев.

Еліміздің, жеріміздің бүтіндігі жолында жаумен жан аямай арпалысқан дана да дара аз болмаған. Солардың бірі де бірегейі Абылай хан еді.

Абылай әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген екен. Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған өте бір ауыр кезең еді. Осы бір ауыр жағдай жайлы:

Былай барсаң, Қоқаң бар,

Қоқаңдаған әкең бар.

Былай барсаң, Қалмақ бар,

Күшіңді еппен алмақ бар.

Былай барсаң, Қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң, Орыс бар

Балаңды берсең, қоныс бар,-

деп бір ауыз өлеңмен бедерлеген екен жыршыларымыз.

Абылай тағдырдың осындай зұлмат тауқыметімен беттесті. Жастайынан жетім қалған ол Төле би сияқты ақылгөй абыздың тәрбиесінде болды.

Асыл бабамыздың бүкіл өмірі бір ғана мақсатқа бағынды. Ол жалпақ қазақ даласында еркін өмір сүрген қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ойы мен қажыр-қайратын жұмсады.

Абылайдың шын есімін, елі үшін туған ер екендігін қазақ елі Аңырақай шайқасында білді.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Қуандық Шаңғытбаев атамыз «Сабалақ» атты өлеңінде бұл жағдайды былайша суреттейді:

Төбеде жан көп ескеріп Құдайды,

Қуанғаннан көзін жасқа бұлайды.

-Тосқауылдан тосын тиген қайсың?- деп,

Жан-жағына қарап жұрттан сұрайды.

-Кім? – дейді жан, тағы айнала қарап ап,

Ақ сақалын саусағымен салалап.

-Мен,-дейді бір жігіт сонда жақындап,

-Атыңды айтшы. – Атым, тақсыр,- Сабалақ.

Талай рет жекпе-жекке тіленіп түсіп, Қалдан-Шеріннің сүйікті жиені Шарышты өз қолымен өлтірді.

Ықпалы жүрген ер еді,

Алтыннан қылыш будырған.

Абылайлап ат қойып,

Жауды көрсе құтырған,- деп

жырлады оның ерлігіне сүйсінген жырау.

Он бес жасынан бастап қан майданды көзімен көрген, қырғын шайқастарда ерлік-тапқырлықтарымен көзге түскен бабамыз ең алдымен елдің тұтастығы мен дербестігі қажет екендігін терең түсінді. Осы мүддесін іске асыру үшін ерлік ісімен де, шешендігімен де, тапқырлығымен де, ақылдылығымен де, шебер ұйымдастырушылығымен де өз замандастарынан бір бас жоғары тұрды.

Қазақ елінің тағдыры сынға түсер сәттерде Абылай хан ештеңеден тартынбаған екен.Тіпті Ресей мен Қытайға тосқауыл болу үшін кепілдікке балаларын да берген екен. Ал ардақты батырлары соғыс даласында қаза тапқанда көзінің жасын сығып тастайтын сәттері де болған.

Абылай қытай, қалмақ тілдерінде еркін сөйлеп, олардың ықпалды адамдарын ұтқыр сөздерімен тосылтып отырған. Қазақ мәдениетін жетік білген бабамыз өз жанынан «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Сары бура», «Шаңды жорық», «Қайран елім» т.б. күйлерді шығарған. Шоқан Уәлиханов айтқандай, сол заманның эпикалық қарымдағы ерлік істерін күй тілінде бейнелей білді.

Абылай атамыздың ордасы Көкшетауда болғанымен, оның ықпалы бүкіл қазақ жеріне жүріп тұрды.

Өзінің сабырлы мінезімен, адамгершілік қасиеттерімен сыйлы хан атанды.  Абылай бабамыз елді дала демократиясы бойынша әділ басқарған. Халық жер шаруашылығымен айналысып, малға шөп дайындаған.Тұрғын үйлер салумен айналысқан.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Қазіргі парламент мәжілісі мен сенат Абылай хан заманында да болды десек қателеспейміз деп ойлаймын. Ол тек хан кеңесі және билер кеңесі деп аталды. Хан кеңесіне билер мен батырлар қатысып, сыртқы қарым-қатынасты, соғыс пен аттанысты шешсе, билер кеңесінде ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы сияқты мәселелер қарастырылған.

Абылай хан туралы тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды: «Ол ақыл-парасаты жағынан болсын, көрегендігі жағынан болсын, қол астындағы халқының күші мен санының басымдылығы жағынан болсын сол кездегі қазақ даласын билеген замандастарының бәрінен де басым еді».

Өтті талай заман көп,

Парасаттық желі өскен.

Дем беруші бабам деп,

Шығармады ел естен,-деп

ақын жырлағандай, Абылайдай бабамыздың есімі ұрпағының мәңгі есінде.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Өмірі өнеге тарихи тұлға

Қазақ халқының басына төнген қиын-қыстау заманда тарих сахнасына шығып, ел қамын ойлаған қайраткер Абылай бабамыз еді.

Дана бабамыз өзі де жастайынан көп тауқымет көрген екен. Өзара бақталастық-тың салдарынан жастайынан жетім қалып, Төле бидің тәрбиесінде болады. Би атамыз үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен балаға Сабалақ деген ат қойыпты-мыс. Алайда көпті көрген дана би Сабалақтың жай тұқымнан емес екенін де түсінген, себебі сол кездің өзінде-ақ оның бойында ірі қайраткерге тән қасиеттер болған. Ақылдылығымен, батырлығымен, табандылығымен ерекше көзге түскен. Ең алғаш оның ерекшелігін байқаған Бөгенбай батыр болған. Бөгенбай адамның да, малдың да асылын бір көргеннен таниды екен. Төле би атамызға амандаса келгенде батыр Сабалақты көріп:

Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің!

Мінезің қазақтағы хан екенсің.

Жазға салдым қалмаққа аттанамыз,

Соған да керек болар жан екенсің!-

деген екен. Көңілінің түскендігі сондай, астындағы Нарқызыл деген тұлпарын сыйға тартыпты.

Бөгенбай атамыздың  шынында да көреген адам болғандығын Сабалақ  жоңғарлармен   болған алғашқы ұрыста-ақ дәлелдейді.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығыс дәстүрі бойынша шайқас жекпе-жекпен басталады екен. Осы ұрыста 20 жастағы Сабалақ  қалмақтың батыры Шарышпен жекпе-жекке шығып, оны жеңеді.Содан кейін қалмақтың қалың қолына «Абылайлап » ұрандап, қарсы шабады. Сабалақтың ұранынан қуат алған қазақ қолы қалмақтарды жеңеді.Осы тарихи жағдай жайлы Қуандық Шаңғытбаев атамыз «Сабалақ» атты өлеңінде былайша толғанған екен:

Төбеде хан көп ескеріп Құдайды,

Қуанғаннан көзін жасқа бұлайды.

Тосқауылдан тосын тиген қайсың?-деп,

Жан-жағына қарап жұрттан сұрайды.

Кім? – дейді хан, тағы айнала қарап ап,

Ақ сақалын саусағымен салалап.

Мен, - деді жігіт сонда жақындап.

Атыңды айтшы? – Атым, тақсыр, Сабалақ.    

Осы ұрыстан кейін Сабалақ аты ұмытылып, Абылай деп аталады.

Абылайдың шыққан тегі анықталғаннан кейін қазақтың сол кездегі ханы өз тағын ұсынса да, ол таққа отырмаған. Осыдан Абылай бабамыздың үлкен адамгершілік қасиетін байқауға болады.Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін ғана таққа отырған атамыз өз заманындағы беделді де талантты тұлғаларға арқа сүйей отырып,  хандық билікті күшейткен. Қазақ елін біртұтас мемлекетке айналдырған. Абылай хандық құрған заманда еліміздің шекарасы да кеңейген.Бұның бәрі бабамыздың керемет дипломат, ақылды саясаткер екендігін дәлелдейді.

Ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абай атамыздың: «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деген сөзі Абылай ханға арналғандай, ел мерейін тасытқан Абылай данамыздың есімі мәңгілік жасай бермек!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов