Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Жаз туралы шығарма керек
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Жаз

Жайдары жаз келді.Дала жасыл кілемге оранып, күн сәулесі жадырап, әдемі гүлдер шығып айнала жайқалуда.Жаз өте ыстық болады.Адамдар қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады

Маусым, Шілде,Тамыз- жаздың ең керемет айларының бірі.Шілде айында шомылуға немесе табиғатқа шығу өте керемет.Жазда күн астында жүріп- ақ қараайып кетесің.Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысмен жүресің.Күзде сол егінің өз жемісін береді.Әрине біздің көп жейтін жемістеріміз қауын- қарбыз.Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға біз бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б жатқызамыз.Төрт түлік малдар төлдейді.Жаз жан- жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез.Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық құрылыс, тасымал т.б жұмыстар қауырт жүргізіледі.Далада көп деген шыбын шіркейлер, көбелек, инеліктер шығады

ответил от Kuaniysh
0 голосов
Мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйіне қыдырып, асыр салып таңнан кешке дейін ойнайды.Көп теген жазғы демалыс лагерлері ашылып, балалар жазғы демалысын тиімді әрі қызық өткізеді.Жазда күн ұзарып, түн қысқарады.Адамдардың көбі еңбек демалысына шығып, басқа қалаға немесе шет елге демалуға шығады.Жалпы өзім ұзақ бір сапарға шыққанды ұнатамын.Мен өзім Орал қаласының тұрғынымын.Бізде жаз мезгілі ыстық өтеді.Кешкілік кезең қатты ұнайды.Достарыммен табиғат аясына демалуға шығып, түрлі ойын ойнап, футбол, волейбол ойындары қызық үстіне қызық бола береді

Күлімдеген күн шуағы барша әлемді қуанышқа бөлейді.Аспанда қалықтап қанат жайған құстарда жаздың сәнін келтіріп әдемі әнімен жер бетіндегі әр жанға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.Таңның атысымен кештің батысына дейін барлық адамдар дамылсыз қызған тіршілік. Жаз мезгілі күйген тіршілігі мен , ыстығымен, ауа райымен, табиғатымен ерекше ғой шіркін. Қыс мезгілі келсе суықтан тоңып , жазды сағынамыз, жаз айы болса ыстықтан шаршап , қысты сағынамыз.Жаз мезгілін суреттеп сөзбен  жеткізе алмайсың.Жаз мезгілін ұнатпайтын адам жоқ шығар.Үлкен қариядан жас балаға дейін жаз мезгілін асыға күтеді.Жаз мезгілі барлығына тиімді деп санаймын.Табиғат жасыл кілемге оранып, жаздың сәнін келтіреді. Жазғы демалыс орындары ашылып, барлығы отбасыларымен демалуға келеді.Жаздан кейін әрине бәріміз күз мезгілін күтеміз.Бау-бақшаның піскен кезі.Жаз айларында әр бір күн ерекше , тамаша дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақта, әрқайсының орыны бөлек ерекше....
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма.
Жаз.
Маусым айы – жаздың басы. Осы айда туған жерге, туыстарына саяхат, қыдыруын басталады. Балалар жазғы демалыстарына шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңңын атысымен кешке дейін ойнайды. Жазда күн көзі ең көп түсетігн мезгіл. Әр мезгілдің үш айы бар, ал жаздың ең ыстық айы шілде. Шілдеде күн ұзақ түн қысқа. Күннің ыстығы сонша күшті болады, құм да, тас та тіпті қызып кетеді. Шілдеде шөптің бәрі толығымен піседі, піспегені қалмайды.  Бұл уақытта табиғатта көп өзгерістер болады. Сол табиғаттың кереметін  туған жерде тамашалап, көре аласын. Мен өзім жаз кезінде балаларымды ертіп алып, қайың жұрттқа, ата-енеме жол тартамын. Көлікпене келе жатып, туған жерге жақындаған сайын терезеден жазғы жасыл көк дала жайылған жібек кілемдей, қызылды-жасылды көк ала жол маңайынан созылады.  Мен өзім Шығыс Қазақстан облысының тұрғынымын. Бұл жердің табиғатын екінші Швецариямен салыстырады. Жазда Өскемен ыстық болады, бірақ әр жазда әртүрлі болады. Әке-шешеме жеткеннен соң тыным таппай саяжайға барамын. Ол жерде бақшаның жұмысы көп. Не ексен, соны орасың дегендей, қалай еңбектеңсең, егіндерін жемісін береді. Әрине біздің көп жейтін жемістеріміз алма, алмұрт, жүзім және көкөністер. Біз оларды жаз бойы суарып, шөбін жұлып күтеміз. Біздің саяжаймызға жазда алыстан құстар ұшып келді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Дауыстары бұлбұлдай сайрап , біздің саяжайды таңертен ерте және кешке таман әсем әуенге толтырады. Жаздың түні қандай десеңізші! Ай сүттей жарық. Айы шарбақтай жарқырап, жер бетіне күміс сәулесін себеді. Ал арайлы таңың айтсаңшы, ой, шіркін! Жарқырап тау артынан күн шығады, таңмен бірге оянған құстар әні көңілінді әдемі үнге әлдилейді. Аспанда қалықтаған бұлт аз . Күн тас төбеге көтеріледі де, жер беті оянсың дегендей, мол нұрын төгеді. Күн жерге түсіп, ыстық болады. Бақшамыздағы жеміс-жидектер сары, қызыл түске  бояна басталады.
Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, суға түсесін, аяғынды ыстық құмға қыздырасын, жеміс- жидектерге молынан тоясын, балық аулайсын, табиғат аясына саяхатқа шығасын, қымыз ішіп, атқа мініп, балқарағай дәндерін шағып, әжемнің құрт-май, ірімшігін жеп рахатқа бөленесің.
Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов