Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ана туралы шығарма тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

9 Ответы

0 голосов

Жан Ана

«Ана» бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы теңіздің тереңдігіндей,дүниедегі ең, ең қымбатты сөз.Анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар.

Мен үшін анамның орны бөлек.Ана деген қымбатты, ардақты жанғой.Менде өз анамды құрметтеймін, сыйлаймын, жақсы көремін.Анама мың да бір алғыс айтқым келеді.Мені 9 ай, 9күн көтеріп,  жарық дүние сыйлап, ақ сүтін беріп, еркелігімді көтеріп,ешкімнен кем қылмай өсіріп, осы кезіме жеткізгеніне алғысым шексіз.Анамның өзінің қартайғанын, денсаулығының нашарлағанын айтқанда жүрегім ауратын.Анашыма ұзақ өмір, денсаулық тілеймін.Әрдайым жанымызда күлімдеп, немере мен шөберелерінің қызықтап отырсын.Анашым бұл өлеңді сізге арнап шығардым.

Анашым менің жүрегімнің бөлігі,

Әр күнімді жадырататын оның күлгені

Сіздің амандығыңызды әрқашан тілеп өтемін

Қартайғанда бағып сізді күтемін.

Ана деген әрқашан өз баласының саулығын ойлап, өз денсаулығын ұмытатын;баласының тоқтығын ойлап, өзі аш қалатын; баласын киіндіріп,  өзі ескіні киетін; баланың оқу деп, өзіне ақша жұмасамайтын; баланың тойы деп , бәрінен қарызданатын, әрқашан балам деп жүретін АНАЛАРЫМ- АЙ!Ұл- қыздарыңыз сіздей аналардың қадірін біліп, ешқашан қарттар үйінің есігін көрсетпесін.Аналар нағыз адал жандар.Адам «адам» болғысы келсе, алдымен анасын қадірлей білу керек

ответил от Kuaniysh
0 голосов
Анамыз барда өзімізді сәбидей, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, қысы бар қардай,жазы бар жайнаған гүлдей, қысқасы жаны бар адамдай сезінеміз.Біз 30-40 келсекте әлі баладай көрінеміз. «Ата- ананың қадірін балалы болғанда білерсің» дейді.Бәрімізде анамыздың қадірін білемізбе?!Біз үйленіп балалы болғанша, анамыз қасымызда болама кім білсін. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, анасы бар адамдар бар алтынды, байлықты қадірлемей, айрылып қалғанда ғана қадірін біледі. Қараңғы түнекте, жарық болатын –Ана, сен мұңайғанда , күн болып жадырайтын- Ана, сен ашу атты атқа мінгенде, ссабыр болатын- Ана.Кейде біз жұмыс, оқу және т.б деп аналарымызға хабарласуға ұымытып кетеміз.Қайда жүрсекте автобуста болсын, семинарда отырсақта, оқуда болсын,жұмыста жүрсекте қолымызға телефонымызды алып «Анашым мен сізді жақсы көремін.Сізге көп- көп рахмет» деп хат жазып жіберіңіз.Анаңыз оны көріп  , бір жадырап, күліп, қунып қалатыны сөзсіз.Анамыз жанымызда жүргенде құшақтап, сүйіп, алғысымызды айтып, қуантып жүрейік.Бар кезде барлығыныңда , бір- бірімізді де қадірлейік.Ата-аналарымыз аман болсын.
ответил от Kuaniysh
fghjopwsdfrtgyjuhiojgffvghjkikjgfdfgthjkhngbvcfgvbhjmkijmnhbgvbghjm
0 голосов
Аналар – асыл жандар
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
 Ғ.Мұстафин
           Ана- әр адамның өмірінде алтын әріппен жазылатын, әр адамның өмірінде үлкен орын алатын ерекше жан. «Ана-бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді»- демекші өмірдің қиындығына тағдырдың қаталдығына қарамастан балаларына бар мейірімімен махаббатын аямайды. Аналар бар бақытын – балаларынан көретін ерекше жүрек иесі. Бала өмірге келгеннен ақ сүтін беріп,аялап, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай мәпелеп өсіреді. Баласының әр қадамын санап, бірге ойнап-бірге күліп,  әрбір жетістігіне қуанып, марқайып, жүреді. Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысар дейді-ғой, анасы баласының әр ісіне тілекші, ақ батасын беріп, тілеуін тілеп отырды. Анаға деген құрмет шыр етіп келген әр бір пенденің асыл қасиеті.
 Ғалымда, шахтер да бас иетін.
Анашың бар сенің қасиетің демекші, бәрімізде анадан туып, ананың көкірегінен нәр алған жандармыз.
   
          «Аналар- асыл жандар» деп ақын – ағаларымыз жырлағандай осы асыл жандарға арнап жыр, айтылған әнде аз емес. Ана дегенде  есіме Ф.Оңғарсынованың
                                                                                Ақ жүректе сақтаған,
                                                                                Жарқын күлкің-бақ маған.
                                                                                Ақ бетіңнен сүйін
                                                         Келші, келші ақ мамам –деген, өлең жолдары түседі. Алыста жүріп анаңды сағынғанда, құшағын аңсап, «балам» деп берген қара суынан бал татитындай көрінеді.                               
Балаға ананың орны ерекше, ананың ақ сүтін ақтау деп ежелден айтады емес пе. Тіпті «анаңның алдындағы парызыңды мекеге үш рет арқалап апарсаңда өтей алмайсың»,- деп жатады. Міне ана алдындағы баланың парызын осылай түсіндірген.
М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,-деген сөзі , осы сөзді айқындайды.
Ананың қадір қасиетін ұғындырар асыл , қанатты сөздер, жыр шумақтары аз емес. Бірақ мектеп қабырғасын да оқып жүрген әрбір жасөспірім бала Ыбырай атамыздың «Ананы сүю» өлеңін оқығанда бір тебіренбей қоймаған шығар деп ойлаймын.
Кім сендерді балалар сүйе -тұғын,
 Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе -тұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре –тұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? ....
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
 Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
 Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
 Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Бұл барлық аналарға тән қасиет осындай . Осылай бізді мәпелеп өсірген алтын жандарды, қартайған шағында аялап қарап , жақсылап бағуымыз керек деп ойлаймын.
Ұл-қызымыздың әдептілігі  – анасын риза қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек!
ответил от Kuaniysh
тупой че поделаешь ааааааа
апавгруапролджэждлрпавапрождлорпапролджэждлорпавапролд
0 голосов
Шығарма
Ана
Ана.Үш әріптен тұрса да мағынасы терең,мазмұнды сөз. Жер бетіндегі тіршіліктің бастауы болар жан.Сенің алғаш шыр етіп дүниеге келгеннен бірінші айтар сөзің - Ана, алғаш шырылдап бір жанды іздейсің ол- Ана.
Дүниедегі ең қадірлі жан бар болса әрине ол тек –Ана деп білемін .Жер бетіне де сән беретін ,адам бойына нәр беретін сол адам.Алпыс екі тамырын идіріп саған қуат сыйлайтын, жанынан жан бөліп беретін кісі.
 «Ананың көңілі балада ,баланың көңілі далада» демекші кей бала ананың қадірін білмейді. Өзінің сол адамның арқасында жер басып жүргенін сезбейді.Өйткені барлық адам бірдей емес дегендей.Ананың құшағына жетер.ананың еркелегеніне тайталасар адам жоқ. Ең асыл сөзді айтатын да, сенің кемшілігіңді түзетер ,сен үшін отқа да ,суға да батар сол адам ғой.Алайда оны мән беріп түсінбейтін балалар бар.
Дүниедегі ең жұмсақ,ең тәтті, ең,ең деп айтатын теңеулер тек анаға сай айтылатынын біреулер түсінсе ,біреулер түсінбейді.
Сен қиналсаң да,қуансаң да жаның да анаң болған бір бақыт емес пе.Сен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, жанын шүберекке орайтын сол –Ана. Мен үшін ең асыл сөз ананың саған айтқан әлдиі дер едім.Сен мшырылдап жатқанда құлағыңа майдай ,жұмсақ тиетін ана әлдиін естімеген бала болмас сәрі бұл өмірде.
Мен осындай дәрежеге жеткеніме анамның арқасы екенін мақтан етемін.Оның әр сөзі мен үшін бір сабақ десем артық болмас.Анамды әркез құрметтеймін, берген тәлім тәрбиесін жоққа шығармаймын.
 «Анаға қарап- қыз өсер,әкеге қарап-ұл өсер» деп бекерге айтпаған дер едім.Анамның айтқан ақылы, үйреткен тәлімі өміріме мол азық болады десем артық айтқандық емес.Сондықтан сондай асыл жанның маған өмір сыйлағаны үшін мен өмір бойы алдында қарыздармын.Ананың әр сөзіне жетер сөз жоқ.Бас исең анаға иіл еңбегі сіңген.Анам үшін мақтанам.Мәңгі аналар жасасын.
Ананың әлдиі үзілмесін, аналар тербетер бесік бос болмасын.Ардақты анам болғанына қуаныштымын.Ең жақсы сөз анаға арналсын.Барлық ұрпақ ана алдында қарыздар екенін ұмытпасын.Ең  жаныңа жақын тұтар адам болса ол  -Ана деп ұғын.  Анасыз өмір,сөнген көмір.Өмір сыйлаған адамды кім сыйламас.Аналарға арнап  ең жақсы әндер шырқалсын.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Ана
Бізді дүниеге әкелген аяулы анамыз. Анамыз біз қайда жүрсек те арттымыздан іздеп, қобалжып жүреді. Біз бәйге, додаларға түссек, анамыз бізді қолпаштап, әрдайым жеңетінімізге сенеді. Сондықтан анамыздың көңілін түсірмеуге тырысамыз. Анамызды әруақытта  сыйлап,  қастерлеп, мәпелеп жүру – біздің борышымыз. Ананың алақаны тек бесіктегі баланы ғана аяламайды, бүкіл әлемді де аялайды. Үйдің ұйытқысы – мейірімді ана.
Ананың алдына не істесең, қартайғанда өз алдына сол келеді. «Меккеге үш арқалап  барсаң да, ананың қарызың ақтай алмайсың» деген мақал дәл айтылған. Сол себепті анамызды үнемі тыңдай білу керекпіз. Айтқанын бұлжытпай орындауымыз керек.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Ана
       Сәбидің аузынан шығатын ең алғаш сөз-Ана. Ана – қасиетті де киелі есім. Бар болғаны үш әріптен құралған, бірақ мағынасы- теңіздей терең, қол жетпес көк аспандай ең  қымбат сөз. Бұл сөз иесі әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді жан. Әр кімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Менің де өз анама деген ықыласым бөлек. Мен анамның аты Сымбат. Ол кісі мұғалім. Мен анамды өте қатты жақсы көремін. Менің анам-жер бетіндегі құрметті , құдіретті жан.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
«Ана- отбасының  алтын діңгегі»
         Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі.  Өмір бесігінде  әнге тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік жан екенін барлығымыз білеміз.  Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды  болатынын  барша  әлемге әйгілі. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі - алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.
         Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры,  аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне бас иеміз. Аналар адамды бесігімен баулиды.  Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады.  Жанұяның  іргетасы берік болуына да себепші- алтын, қадірлі, құрметке лайық адамымыз біздің  анамыз. «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен. Сол себеппен анамызды аялап, құрметтеу, қадірлеу әр адамның борышы, парызы.
          Әке – өмірдің берік тірегі болса, ана – ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын  адам -  ол ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана» деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала – ананың асыл арманы, алтын кені.  Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай –қайсымыз болмасын,  қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріміз елімізде  көп болсын. Сондықтан бәріміз де ананың  алдында  қарыздармыз,  ананың  махаббатының  алдында бас иеміз. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар.  Шынымен  де солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты. Сондықтан баршамыз анамызды  сыйлап, бақытқа бөлеу үшін  жүректің ең маңызды жерінен орын суырып алып берейік ағайын!
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Ана.
    Ана... Сәби атаулының ең қымбат жаны. Сәби деп отырған адамымыздың жасы нешеде екені маңызды емес. Анасының алдында әр адам өзін сәбидей сезінеді.
    Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқаннан бастап ананың ақ сүтімен бойына күш жинайды, ананың ақылын тыңдап бой түзейді. Анаға теңесер әлемде жан жоқ. Ананың қамқор алақаны мен мейірімді жүрегерін  ешкім айырбастай алмайды. Осы қамқор алақаннан жылынып, асыл жүрегінен мейірім алып жүрген барша адам ана атаулыны мәңгі  құрметтеп, мәңгі аялап, мәңгі сыйлап өтуі тиіс. Француз  жазушысы  Виктор Маги Гюгодың «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя» деген сөзі өте орынды. Себебі адам баласы қиналып, өмір сынақтарынан сүрініп жатса бірінші қолдау күтер жаны әрине Ана! Әр ана өз балан қандай жағдай болсын қорғап, қолпаштап отырары сөзсіз. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы азамат болуын қалайды. Тіпті баласының бақытты болуы жолына өмірін арнауы да мүмкін..
       Ақылы асқан данышпан да, ерлігі асқан батыр да, сөз бастаған шешен де, ел басқарған көсем де  анадан туады. Ананың туған баласына деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар. Ал сол тіршіліктің нәрі, шаңырақтың ұйытқысы, ұрпақтың тәрбиешісі болып отырған анамыздың алдында өз перзенттік борышымызды өтеп жүрміз бе деген сұрақ туындайды. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың » деген аталы сөз бар. Ия, ананың ақ сүтін, төрт бөлген түн ұйқысын, сен үшін ауырған жүрегі мен сен үшін төккен терінің өтеуі болмас. Дегенменде осы жолда аянбай еңбек етуіміз керек.
Осы өмірде ананың жылуын сезінбей, тіпті анасын білмей өткен адамдар қанша. Мен бақытты жандардың бірімін, өйткені менің анам осы өмірде бар. Мені және бауырларымды бар махаббатын сыйлап өсірді. Мен де анамды шексіз жақсы көремін. Қатты сыйлаймын, денінің саулығын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын, әсіресе жасөспірім шағымда  қабағына көп қаяу салдым. Оқуда үздік болып, тәртібім тамаша болғанымен мінезім шыдамсыз, бірбеткеймін. Анама қарсы сөйлеп, сөзбен болса да қабағына кірбің салған кездерім көп болды.  Уақыт өте өз қатемді түсініп жаттым. Өз – өзімді осы қылықтарым үшін жек көрсемде, анашым мені ешқашан жек көрген емес. Бірақ ана атаулы кешірімшіл, ақылды, төзімді болатын сияқты.
Әттең әр бала өз ата – анасына қартайған шағында ата – анасы оларды сәби шағында бағып – қаққандай қамқорлық танытса «қарттар үйі» деген суық қабырғалы үйлер болмас па еді...
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Ана.

“Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.
Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын:
Нұрын шашқан күніміз,
Айжұлдызды түніміз.
Мәпелеген қамқоршым,
Ана біздің гүліміз.
Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек”дер едім.. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас. Анадан батыр да туған, ақын да туған, дана да туған, бала  да туған. Осынау жүрекжарды сөзді қалай айтсақ та жарасады. Алда келе жатқан аналарға денсаулық тілеймін . Ананы-баласынан, Баланы-анасынан айырмасын!
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы