Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ауыл туралы шығарма тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Ауылым-алтын бесігім
Мен дүние есігін ашқалы өз ауылымның боз шаңын жұтып келемін. Менің жасым небары 11-де болса да ауылымды шексіз жақсы көремін. Жазы сағымды, қысы қытымыр болса да, ел қысы-жазы мекендеген сары далам Бетпақтың төсінде, сақараның самалын сүйе отырып, ақсақалдардың жасы 70-ке келіпті. Ауылымды жақсы көретіндігім соншалық, алыс кетсем сағынып, құмында аунамасам қайта ауырып, анасын сағынған баладай іш құста боламын. Биылғы демалыста топыраққа аунап болдыңдар, енді тауға барып демалыңдар деген ата-анамның сөзіне еріп, Машат шатқалындағы Б.Саттарханов атындағы спорттық сауықтыру лагеріне барып қайттық. Әрине таудың ауасымен демалған жақсы ғой. Дегенмен Бетпақтың топырағына аунап үйреніп қалған біздерге таудың суы жаға қоймады. Аллергия беріп шыға келген майда бөрткендер Жуантөбеге табан тіресімен жоғалды. Ия, сонда туған топырағымның ауасы дертке дауа, жанға шипа екендігіне көз жеткізгендей болдым. Ауылымның іргесіндегі балығы тайдай тулаған ерке Шу өзені-бүгінгі ауыл жұртының тыныс-тіршілігіне, күн көрісіне, тұрмысын түзеуге көп септігін тигізіп отыр. Бүгінде шаруасын түзеген, тұрмыстың көшін сән-салтанаты жарасқан ауылымның еңбектеген сәбиі мен еңкейген қариясына дейін осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Әрбір жанұясы бақытқа кенелсін деп мына төмендегі өлең шумақтарын арнап отырмын:

Сәбидей мәңгі тербеткен,     
Анамсың мені еркелеткен.
Ауылыма 70 жыл толды міне,
Мейрам,тойдың барлығы осы жерде.

Алыстасам – сағынамын,
Қай құдірет сені маған,
Қазық етіп көрінбес жіппен
Кіндігіңе байлап қойған.

Сағынамын жырақ кетсем,
Жуантөбем- Алтын Ордам.
Саған арнап жыр арнасам,
Бақытты ұлың мен болам.

Тұрсынбай Ілияс Анарбайұлы
ОҚО.Созақ ауданы,Жуантөбе ауылы.
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта
мектебінің 6-сынып оқушысы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Менің ауылым
Менің ауылым Тасқала. Тасқалада мөлдір су, шүйгін шөп және таулар бар. Әсіресе, Ешкітауы өте емдік қасиеті бар жер. Бүкіл  ауылдардан Ешкітауды көруге келіп, демалады. Мектептер мен мектеп тыс орталықтар бар. Сол орталықтарда  әр түрлі үйірмелер ашылған. Жаңадан  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Сонымен қатар биылғы жылы жаңа қонақүй де салынды.
Кішіпейіл, ақкөңіл, мейірімді адамдар да бар. Әр түрлі ұлттар тұрады. Бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Мен өз ауылымды мақтан тұтамын.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Менің ауылым
  Мен Тасқала ауылында тұрамын. Менің ауылымның ауасы таза, табиғаты әдемі.
  Туған жерімнің табиғатына жетер жер жоқ. Ешкітаудың табиғаты таңғаларлықтай әдемі. Ауылдың қақ ортасынан Деркөл өзені ағып жатыр. Мен өз ауылымды мақтан тұтамын.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек, қателеспеген болар едік. Аттың құлағында асыр салып ойнаған халқымыз кең-байтақ, дархан даламыздың ауыл – анамыздың перзенті. Ауыл ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, көптеген қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан жоқ па? Кіндік қаны тамып, кірін жуған ауылына ақындар жыр жолдарын, жазушылар сөз қорларын аяды ма? Алайда уақыт өтіп, жылдар жылжи келе алдымыздағы бұрынғы жалындаған жастардың қатары сиреп барады. Біреулер қалаға білім іздеп кетсе, енді біреулер екі қолға бір күрек тауып жұмыс істеу үшін кетеді. Сен де кеттің, Мен де кеттім, Ол да кетті ауылдан. Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау қауымнан! … момын жұрттың, арқа сүйер, азаматы біз едік. – деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, шынымен де, бола-шағынан зор үміт күткен ауылдың арқа сүйер азаматтары қалаға ала көшіп бара жатса жаның қалай қынжылмасын. Әрине оларға да кінә тағуға болмайды. «Туған жерім, тал бесігім» – деп іліп істер кәсібі жоқ жерде, құрдан-құр қол қусырып қалай отырсын. Қайда барса қалмайтын, шешімін бір таппайтын осы жұмыссыздық мәселесі жастардың ауылда тұрақтай алмауының басты себебі. Сонымен қатар, көптеген ауылдарда электр энергиясы, су, жол сияқты мәселелер әлі күнге дейін дұрыс арнаға түсе қойған жоқ. Әсіресе ауылдардың электр энергиясымен толық қамтамасыз етілмеуі – адамдардың ауылда қоныстанбауының негізгі себептерінің бірі. Дәлірек айтқанда, халық бар жарықтың жоқтығынан зардап шегіп отыр. Бүгінгі ғылыми техника шарықтап дамыған таңда электр энергиясынсыз ешбір техниканың жұмыс істемейтіні бесенеден белгілі. Жоққа жүйрік жетпейді, ал бар нәрсені игілігіне істете алмай жатқан ауыл тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Егер бар технологияның қызығын көрмей, игілігіне пайдалана алмаса, ғылым мен білім салтанант құрған XXI ғасырда өмір сүрудің қажеті қанша? Ал бұл сұраққа әлі мектеп бітірмеген менің өрем жете қоймайды десек те, кемел келешекте ауылымыздың болашағы жарқын, ертеңі айқын болады деген үмітіміз үзілмек емес…
ответил от Бекарыс

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов