Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
асыл әже туралы шығарма тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Асыл әже

Әже... Осы бір үш әріптен құралған сөз мен үшін өте ыстық. Осы сөзді естігенде, көз алдыма нағашы әжем елестейді, балалық балдәурен шағым еске түседі.

Нағашы әжем Биғалима Нұрыш деген молданың жалғыз қызы екен. Көйлегінің етегін кестелеп киетін әжем шағын денелі, орта бойлы, ақ сары өңді болатын. Әжесі ешуақытта балаға дауыс көтерген емес. Бала түгіл, үлкенге де дауыс көтеріп сөйлегенін естіген емеспін. Сол кезде жасым он- он бір шамасында болса да отбасындағы адамдардың бір- біріне сыйластығы ерекше екендігін сезетінмін. Келін мен ене арасындағы келіспеушілікті де байқаған емеспін. Мүмкін «қайын ененің топырағынан» дегендей, әжемнің келіні де өзіне тартқан қарапайым, үлкенді сыйлар ізетті, ибалы адам болған шығар.Қолындағы барын немерелерінің аузына тосатын.

Мен әжемнің үлкен қызы Ырысжаннан туған екінші немересімін. Әжем екеуіміздің арамызда сөзбен айтып жеткізе алмайтынбір жақындық байланыстырп тұратын. Әжем мен барған сайын маған деп тығып қойған тәттілерін, ақшаларын беретін. Бірақ мен әжемді бір нәрсе бергені үшін емес,  жаны таза, ақкөңіл, жайдары болғандығы  үшін өте жақсы көрдім.  Әжем өмірден өткенде бұл қаза мен үшін өте ауыр болды. Ол кезде баламын ғой. Сондықтан Алладан әжемнің тіріліп, ортамызға келуін сұрадым. Әрине, бұл тілегім орындалмады... Бірақ әжем жанымда болмаса да, ол кісінің берген тәрбиесі санамнан ғұмыр бойы өшпейді.

Қайтадан қайырылып,

Қауымға келмейсің.

Барыңды, нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт- осыны ұқ,

Мәңгілік білгейсің!- деген Шәкәрім сөздері менің әжеме арналып айтылғандай.

Кеңпейіл әжемнің дастарқаны да мол әрі дәмді болатын. Әжем дайындаған қымыз туралы ойласам, әлі күнге дейін иісі мұрныма келгендей болып, сілекейім шұбырып кетеді. Ал ісмерлігі ше?! Көйлек, қамзол тігіп, ою- өрнек салып безендіретін. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқумен өатар алаша тоқитын. Атадан балаға мұра болып келе жатқан осы бір қолөнер түрінен қазіргі кезде біздің ауылда ешкімнің айналыспайтыны өте өкінішті.

«Намаз- имандылық бастауы» деген, әжем бес уақыт намазын қаза қылған емес. Тіпті қайтатын күні де таңғы намазын оқыған екен. Небәрі лапыс бес жасында өмірден өткен асыл әжемнің қайсарлығына , Аллаға адалдығына қайран қаламын.

Тіршілігінде адамдарға тек жақсы сөзімен, ісімен көмегін аямаған, өмірі немерелеріне өнеге болған ғибраты мол тұлға болған әжем менің мәңгілік өлмейді!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов