Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
жапондар қалай әдемі көрінеді олардың құпиялары қандай?
спросил от Kuaniysh в категории Прочее о здоровье и красоте

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Жапон әйелдерінің сұлулығы туралы сөз болғанда, олардың нәзік әрі тартымды терісін айтпау кету – мүмкін емес. Күншығыс елі әйелдерінің сұлулық құпиясы – сан алуан. Ерекше күтімнің арқасында жапон әйелдері терісін жас күйінде сақтап қана қоймай, сымбатымен де көзге түседі.

Теріні жас қалпында сақтаудың алғашқы құпиясы – дұрыс тамақтану. Олар тамақтану барысында ешқашан асығыстық танытпайды. Таңғы ас күншығыс елінде басты орын алады.  Жапон әйелдерінің дастарханында таңнан түрлі тағамдар тұрады. Міндетті түрде көк шай, қайнатылған күріш, тофу, сорпа, көкөністер мен жемістердің тұруы қадағаланады. Әрқайсысы аз-аздан болғанымен, барлығын бірге алғанда, мұндай таңғы ас ағзаны пайдалы дәрумендер және микроэлементтермен  қамтамасыз етеді. 

ответил от Kuaniysh
0 голосов

Жапония халқы мұздатылған, консервіленген өнімдерді тұтынудан бас тартады. Көкөністер мен жемістерді бақшадан әкеле сап, балықты тек теңізден  алып қана тұтынады. Олар тамақты асықпай, әр бөлігін мұқият шайнап жейді, өйткені «жүз рет шайнасаң, жүз жыл өмір сүресің» деген қағидаға сүйенеді.

Жапон әйелдері сұлулығының тағы бір құпиясы – сапалы косметика. Жапон косметикасы аса танымал болмағанымен, оны қолданған қыз-келіншектер пайдасының орасан екеніне көз жеткізеді. Бұл косметикалық құралдардың басты артықшылығы – құрамының ерекше екендігінде. Мысалы құрамында олеин қышқылы мен ақуызы мол камелий майы бетті керемет жұмсартады және нәзіктік сыйлайды. Бұл заттарды, көбіне, иісмайлар мен лосьондарға қосады.

ответил от Kuaniysh
0 голосов

Тағы бір жапон косметикасында қолданылатын заттың бірі – көк шай. Ол бетті тазалап, сергітеді. Оны, көбінесе, бетке арналған маскаларға қолданады. Егер бұл масканы сіз де қолданып көргіңіз келсе, көк шайды әдеттегіден 3 есе артық демдеңіз. Сосын дәкені сол көк шайға салып, дәкеге көк шай әбден сіңген соң, бетіңізге 5 минут қойыңыз. Бұл процедураны күн сайын қолдансаңыз да, артық етпейді.

Күріш ұны да жапон косметикасында кеңінен қолданылады, бұл зат беттің әжімін жазып, нәрлендіреді. Ол үшін күріш ұнын көк шаймен және емдік шөптер қайнатпасымен араластырып, бетке жағады. Бетке жағар алдында, бет терісін зәйтүн майымен сүртсе, пайдасы арта түспек.

Әр таң сайын жапон әйелдері бетке косметика жағып, арнайы шиацу, нүктеге арналған массаж жасайды. Осы қарапайым процедуралар мен әрекеттер жапон әйелдерінің сұлулығын ұзақ сақтап, сымбатын арттыра түседі.

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов