Тағы бір жапон косметикасында қолданылатын заттың бірі – көк шай. Ол бетті тазалап, сергітеді. Оны, көбінесе, бетке арналған маскаларға қолданады. Егер бұл масканы сіз де қолданып көргіңіз келсе, көк шайды әдеттегіден 3 есе артық демдеңіз. Сосын дәкені сол көк шайға салып, дәкеге көк шай әбден сіңген соң, бетіңізге 5 минут қойыңыз. Бұл процедураны күн сайын қолдансаңыз да, артық етпейді.
Күріш ұны да жапон косметикасында кеңінен қолданылады, бұл зат беттің әжімін жазып, нәрлендіреді. Ол үшін күріш ұнын көк шаймен және емдік шөптер қайнатпасымен араластырып, бетке жағады. Бетке жағар алдында, бет терісін зәйтүн майымен сүртсе, пайдасы арта түспек.
Әр таң сайын жапон әйелдері бетке косметика жағып, арнайы шиацу, нүктеге арналған массаж жасайды. Осы қарапайым процедуралар мен әрекеттер жапон әйелдерінің сұлулығын ұзақ сақтап, сымбатын арттыра түседі.