Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Тұмаудан дәрі көмегінсіз қалай жылдам арылуға болады? Вирусқа қарсы дәрілер

спросил от Kuaniysh в категории Болезни, Лекарства

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Қыстың суық күндерінде еш адам тұмаудан сақтандырылмаған. Жиі тұмауратып, суық тигізіп алып жататынымыз рас. Алайда ауырып қалған болсаңыз, бұл үшін қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Егер дұрыс ем қабылдайтын болсаңыз, тұмаудан тез арылуға болады.

Жөтел мен тамақтың қабынуы

Тамағыңызда аздаған ауырсыну байқалған сәттен бастап, ол тіпті елеусіз болса да, жылы сұйықтықты көбірек ішкен жөн. Бұл жай ғана таза су, сонымен қатар бал және лимон қосылған шай, қайнатылған түймедақ немесе итмұрын болуы мүмкін. Тамақтағы ауырсыну кезінде бал мен сары май қосылған сүт  те аса пайдалы.

Мұрыннан су ағу

Мұрыннан су ағу – ағзаның қорғаныш қызметі. Мұрынның тез құрғауы үшін дұрыс жағдай жасау керек. Бұндай жағдайда мұрынды теңіз тұзы қосылған сумен шайған жөн. Сонымен қатар үйде де бірқалыпты салқын және ылғалды температура болған жөн(температура 20-22 градустан жоғары емес, ылғалдылық 60-70 %-дан төмен емес).

ответил от Kuaniysh
0 голосов

Температура

Суық тиген кезде температура 37,5-38 градустан көтерілетін жағдай сирек кездеседі,  көтерілмеуі де мүмкін. Өзіңізді қалай сезінетініңізді ескере отырып, температураны түсірген жөн. Егер 37,5 градуста өзіңізді жақсы сезінетін болсаңыз, онда температураны түсіретін дәрі-дәрмек ішудің қажеті жоқ.  

Тамақтану

Суық тиген кездері аз-аздан тамақтанған дұрыс, әсіресе , жеңіл көкөніс сорпасы немесе тауық сорпасы пайдасын тигізеді. Аурумен күресіп жатқан ағзаға ауыртпалық түсірмес үшін майлы тағамдардан бас тартқан жөн.

Вирусқа қарсы дәрілер

Қазіргі кезде бәріне таныс вирусқа қарсы құралдардың пайдасы дәлелденбеген. Әрі вирус суық тиюден пайда болған ауруларды қоздырмайды. Бұндай құралдарды пайдалануға болады, аса зияны да жоқ, алайда пайдасы да – күмәнді.

Профилактика

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының пайымдауынша, суық тиюге қарсы ең тиімді ем түрі – салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және шынығу. Сау әрі мықты ағза, қымбат дәірлердің көмегінсіз-ақ, тұмауды аз уақыт ішінде жеңіп шығады.

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ