Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Қалай уайым түбіне сүңгуді қойып, өз күшіңізге сенімділікпен жаңа өмір бастауға болады? депрессиядан шығудың психологиялық жолдары қандай?

спросил от Kuaniysh в категории Досуг, Развлечения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Өмір алма-кезек. Қиындығы мен қызығы да, қуанышы мен қайғысы да алмасып отырады. Қуанышты кездер жанымызды жадыратса, қиын кездерде, кейде, ары қарай қалай әрекет етерімізді білмей қиналып қаламыз. Өміріңіздің астан-кестеңін шығарған  жағымсыз оқиға болды ма? Бұндай жағдайда өзіңізге қалай көмектесуге болады?

Қалай уайым түбіне сүңгуді қойып, өз күшіңізге сенімділікпен жаңа өмір бастауға болады?

1.Біріншіден, барлығы өткінші екенін түйсініңіз. Сізбен болып жатқан нәрсенің бәрі – уақытша. Болашағыңызды, онда болатын жағымды жағдайларды ойлаңыз. Әрине, мұндай кезде бұл өте қиын. Сонда да, өз-өзіңізді қолға алыңыз, терең демалып, бір жағымды нәрсе туралы ойлауыңыз керек. Егер сіздің мұндай жағдайға түсуіңізге махаббат хикаясы немесе бір адамның ренжітуі себеп болса, ол адамды кешіріп, барлығын жаныңыздан жіберуге тырысыңыз. 

ответил от Kuaniysh
0 голосов

2.Екіншіден, тез шешуді қажет ететін проблемалар тізімін жасаңыз. Мәселені саралап, бұл істі шешу үшін не істеуге болатынын ойлаңыз, оны да тізімге қосыңыз. Бұл ойларыңыз бен сезімдеріңізді ретке келтіріп, күйзелістен арылуға мүмкіндік береді. Содан кейін барып өміріңіздің жаңа кезеңіне өту оңайырақ болады.

3.Үшіншіден, әлі де жаныңыз жай таппай жатса, қолдау іздеңіз. Туғандарыңызбен, достарыңызбен, психологпен кеңесіңіз. Жақындарыңыздың арасында қиын жағдайларды бастан кешкен адамдар болса, олар сіздің жағдайыңызды түсініп, мәселені қалай оңай қабылдау қажеттігі туралы дұрыс кеңес айта алады. Сондықтан оңаша қалмаңыз. Көмек сұраңыз.

Көп жағдайларда, мұндай қиындықтар үшін біз өзімізді кінәлауға дайын тұрамыз. Бір нәрсені дұрыс жасамадық, басқаша әрекет ету керек еді деген оймен жанымызды жегідей жейміз. Бірақ біз бәріміз қателіктерден үйренеміз, қаталік жібермесек, тәжірибеміз де болмайтын еді. Бірден барлығын дұрыс жасау мүмкін емес. Бізді қоршаған адамдар мен өмірдің өзі бізге жиі әділетсіздік танытады. Өзіңізді кінәлай беруден аулақ болыңыз. Пайда болған қиындықтар мен қателіктер сізге мықты болуға мүмкіндік беріп, келешекте мұндай мәселелерді оңай шешуге мүмкіндік беретінін ескеріп, өз жаныңызды жігерлендіріңіз.  

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Ажигалиева в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
спросил от Ажигалиева в категории Ұстаз