Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Өкпе-ренішті қалай тез  ұмытуға болады?
спросил от Kuaniysh в категории Досуг, Развлечения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Ренжу сезімі адамға кері әсер ететін әрі тез ұмытыла қоймайтын сезімдер қатарына жатады. Онымен күресу оңай емес. Өзге жанға ренжу арқылы, байқамастан, өз жанымызға зиян келтіреміз. Бізге қажетсіз эмоцияларға бой алдырып, соның әсерінен пайда болатын орынсыз мазасыздық жан-дүниемізге де, ағзамызға да кері әсер етеді. Жылдар бойы жиналып қалатын реніш адамға, тіпті, зиянды. Сондықтан, реніштен арылып отыру керек.

Реніш әр түрлі жағдайларда пайда болады. Адамдар тұйықталып, көз жасына ерік беріп, ашуланып, жүйкесі жұқарады. Бұлай ету арқылы жақсы жаққа қарай ештеңе өзгермейтінін түйсінуіміз керек. Сізді ренжіткен адам да өзін ақтап алу үшін түрлі сылтауларды алға тартады. Өзге адамдардың іс-әрекетіне өкпелеу адам дұрыс емес деп есептейтін әрекеттерден адам ағзасының қорғануға талпынуы деп ұғынуға болады.

ответил от Kuaniysh
0 голосов

Реніштен қалай құтылуға болады?

         Алдымен, реніш кезінде жан-дүниеңізде не болатынын сипаттап шығу керек. Нені ойладыңыз, өзіңізді қалай ұстадыңыз? Сізді ренжіткен адамға қандай сезімде болдыңыз? Қорықтыңыз ба? Қорғансыздықты сезіндіңіз бе, әлде жеккөрнішті ме? Ештеңені қалдырмастан, барлығын ақ параққа тізіп шығыңыз. Сосын оны жағып, қалдығын қоқыс жәшігіне тастаңыз.

         Барлығын ой елегінен өткізіңіз. Сізді ренжіткен адам кінәсінен құтылу үшін қандай әрекетке баруы керек деп ойлайсыз? Мәселен, «ол менімен жанын ақтара сөйлесіп, мәселенің басын ашуы  керек», т.б. Төмендегі сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз: ол адам неге дәл осындай әрекетке барды? Мен нені дұрыс істемедім? Не әсер етті? Ешкімді ақтап алуға тырысудың қажеті жоқ, өз-өзіңізге әділ болыңыз. Менің не күтетінімді ол білді ме? Мен одан не күттім? Маған қатысты іс-әрекетіне мен лайықтымын ба? Бұл оқиғаға не әсер етуі мүмкін еді?

Ең соңында, өкпе-ренішті, жіберуіңіз керек. Өзіңізге «мен алаңсыз әрі бақытты өмір сүремін. Өкпе-ренішімді жібердім» деп шын көңіліңізбен айтыңыз. Оны жібергеннен соң, әлдеқайда жеңілдеп қаласыз, ары қарай өмір сүруіңіз оңайырақ болады.

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Ажигалиева в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
спросил от Ажигалиева в категории Ұстаз