Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сыныптан  тыс тәрбие  сағаты 

 «Көктем  аруы»   сайысы

 Мақсаты: Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер

 Барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы  күн,  құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

 2-жүргізуші: Бүгінгі  «Көктем   аруы»   атты қыздар   сайысына қош келдіңіздер!

 1-жүргізуші:

 Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

 Жанары жаны жаздай жайраңдаған

 «Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді,

 Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші:

 Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

 Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

 Қыздардың қылығы  мен  өмір қызық,

 Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

1-жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларды

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

 (Арулар сахна төріне шақырылады)

 2-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

 Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

 Әділдік пен шындықты арқа тұтып,

 Әділқазы алқасымен танысайық

 Қыздарымыздың өнерін  бағалап,  әділ  баға  беретін  Әділқазы алқалары:

1-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, көрсетеді.

--------------------------------------------------------------

 1-жүргізуші:  Сайысымыз 5 турдан тұрады.

Байқаудың шарттары төмендегідей:

1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру

(қатысушылар өздерін қара  сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Өнер»

(Ән айту, би билеу, күй тарту, мінерлеп  оқу)

3. «Сұлулық сыры»

(Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)

4. «Зерделінің ойы озық»

(Сұрақтарға жауап беру)

5. «Қыз еркем – кестесімен көркем»

(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)

2-жүргізуші: Кел,достар, бастайық,

 Бастайық той кешін.

 Қызықтан еш адам,

 Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші:

 Көңілге түй сен мұны,

 Әр бүлдіршін-ел гүлі.

 Бақытты елде туғаның

 Есіміңнен белгілі

 Бірінші сайыс өзін-өзі таныстыру.

-------------------------------------------------

Әділқазы  алқасы  1 - сайыстың  бағаларын  берсеңіздер

2-жүргізуші:

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

 Еңбектегі әріптестер мақтаны.

 Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

 Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

 Екінші сайыс – өз  өнерін  көрсету

------------------------------------------------------

Әділқазы  алқасы  2 - сайыстың  бағаларын  берсеңіздер

1-жүргізуші:

Сымбатына сай киім жарасатын,

 Аспандағы айменен таласатын.

 Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

 Аруларға қызығып қарасын деп, -  келесі үшінші  сайыс  «Сұлулық сыры».

 Музыка  ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету  сайысы.

 -----------------------------------------------------------------------

Әділқазы  алқасы  3 - сайыстың  бағаларын  берсеңіздер

ответил от Sania
0 голосов
2-жүргізуші:

Кең даланың ежелгі,

 Қазақ дейтін халқымыз.

 Өзге ұлттай бізде де,

 Бар дәстүр мен салтымыз.

1-жүргізуші:

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

 Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

 Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

 Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

4 – сайыс «Зерделінің ойы озық»

(Сұрақтарға жауап беру)

------------------------------------------------------------------

Әділқазы  алқасы  4 - сайыстың  бағаларын  берсеңіздер

 2-жүргізуші:

 Өнерліге  өріс кең.

 Өнерсізден қашып жүр,

 Өнермен үлгі шашып жүр.

 Өнерді көп білетін дана болар,

 Өнерсіздің ісі шала болар.

 5-  сайыс- қолөнер   Қане, қыздардың қолөнерін тамашалайық.

---------------------------------------------------------

Әділқазы  алқасы  5 - сайыстың  бағаларын  берсеңіздер

Бүгінгі   «Көктем  аруы»   сайысының  жеңімпаздарын  құттықтау   үшін   сөз  кезегі Әділқазы  алқаларына  беріледі.

1-жүргізуші: Өнеріміз сайыста,

 Жетелейді алысқа.

 Бүгінгі күннің жеңісі,

 Достық болып қалуда.

2-жүргізуші: Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.  Наурыз құт-береке, бірлік әкелсін!
ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ