Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

  Сабақтың тақырыбы:                        Мамандық таңдау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың  мамандық таңдау  жөнінде білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру, өз мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, сөздік қорларын байыту, үйренген сөздерін ауызекі тілде қолдануға машықтандыру

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, сұрақтарға дұрыс жауап беруге, түсінгенін, білгенін байланыстырып айтуға жағдай жасау, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;

3. Таңдаған мамандықтың ыстық-суығына төзіп, оны сүйе білуге тәрбиелеу, оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Типі: аралас сабақ

Түрі: саяхат сабағы

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, іздендіру, топтық жұмыс, ойын;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

а) сәлемдесу

ә) сабақ мақсатын жариялау   

б) 2 топқа бөліну    Техникалық / Мұнайшы, ұщқыш, Құрылысшы, жүргізуші, 

                                  Шығармашылық /Суретші, әртіс, Сәулетші,әнші

в) Топ басшысы тағайындау

г) Топ ережесі

Топ ережесін оқу

1. Топ жұмысына белсене қатысу

2. Өз ойыңды ашық, қорғанбай айту.
3. Біреудің сөзін бөлмеу

4. Егер түсініксіз жағдай болса, сұрақтар қою
5. Жұмысыңды ұқыпты, тиянақты орындау

 6. Достарыңа көмектесу

7. Уақытты қадағалау 
8. Өзіңнің және достарыңның жұмысын бағалау

Оқушының бағалау парағы ____________________________________________

Сабақ кезеңдері

Өткенді қайталау

I.  «Мен қандаймын?»               

Үй тапсырмасы

/Жеке тапсырма/

II. «Мен таңдаған мамандық»              

Жаңа тақырыпты түсіну

III. «Мен мамандықтар әлеміндемін»

Білімді бекіту

IV. «Менің жетістігім»

Қорытынды баға

 Мұғалім

бағасы

1.

2.

3.

4.

ответил от Sania
0 голосов

Күнді жазу

Сабақ бөлімдері

I.  «Мен қандаймын?»               

II. «Мен таңдаған мамандық»              

III. «Мен мамандықтар әлеміндемін»

IV. «Менің жетістігім»

I-бөлім  «Мен қандаймын?»- Оқушылардың  мамандық таңдау  жөнінде білімдерін тексеру

Жүсіпбек Аймауытов айтқан сөзінде 

«Мамандықтың жаманы жоқ. Бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, бұл - үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» -деген.

Осы сөзден не   түсіндік? Мамандық алу үшін  не керек? Икемділік қандай сөздің синонимі? Өнер , шеберлік сөздердің синонимі?

1)мамандық тақырыбы бойынша алған білімдерімізді еске түсіріп кластер толықтырамыз

1-топ  Техникалық/КӨК/

    2-топ    Шығармашылық   /ҚЫЗЫЛ/

image

2) сұрақтарға жауап беріп  көреміз. Конвертегі сұрақтарға жауап береміз.

1-топ  Техникалық/КӨК/

Қалай ойлайсың, жақсы маман болуы үшін адам нені ескеруі қажет?

Қалай ойлайсың, талант деген не?

Жүсіпбек Аймауытов сөзі бойынша мамандықты таңдау үшін не қажет?

    2-топ    Шығармашылық   /ҚЫЗЫЛ/

Қалай ойлайсың, мамандық  дегеніміз не?

3.Қалай ойлайсың, қабілетілік  деген не?

5.Қалай ойлайсың, қабілетсіз адам бола ма?

ОҚУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Ендігі кезек  II-бөлім  «Мен таңдаған мамандық»  - Үй тапсырмасы

/Жеке тапсырма/  тексереміз Презентация дайындау          

Сұрақтар:

Сен қандай мамандық таңдадың?

Маман не Істеіді?

Неліктен ол мамандықты таңдадың?

Сен қайда окуға барасың?

Маман қайда жұмыс істейді?

Қоғамда сұранысқа ие мамандық па?

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етті?
- ата - ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы

III-бөлім  . «Мен мамандықтар әлеміндемін»-қосымша  ақпарат беру

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог  Евгений Александрович Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар.

“Адам- табиғат” (Ботаник, мал дәрігері, )

“Адам- техника” (жүргізуші, инженер, слесарь- темір ұстасы)

“Адам- адам” (психолог, дәрігер, режиссер)

“Адам- белгілі жүйе” (кітапханашы,  бағдарламашы-программист)

“Адам- көркем бейне” (актер, суретші, дизайнер

Дәптерге 1-ші типті жазып , мысалы жаз
1.Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
2Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын маман жатады. / ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь / мысалы жаз
3.Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады. мысалы жаз
4.Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық  жұмысшылары. мысалы жаз
5.Адам – көркем бейне: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер. мысалы жаз

Өз мамандығының типін анықтау

Сен  қандай мамандық таңдайсың?

Қандай типке жатады?

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI - ғасыр  адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы  ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Жаңа Мамандықтарды жазу

IV –бөлім «Менің жетістігім»

1.Мамандық таңдаудың тәсілі:  Біріншіден......

2.Сәкестігін та

бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын маман жатады

мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу

бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді

бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады

белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек

 

ответил от Sania
0 голосов

1.  Тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

Ол кім? бренд-менеджер 

 Специалист, который придумывает образ продукта –бренд- продвигает этот образ в массы

2.Бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

Ол кім? логистик

Специалист, регулирующий потоки: складские, транспортные, производственные.

3.Компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі

Ол кім? промоутер

Частное лицо, занимающееся целенаправленной рекламой товара  с целью продвижения их на рынок

4.Сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

Ол кім? супервайзер

Административная должность в различных отраслях бизнеса. Его функции  в основном ограничиваются контролем за работой персонала.

5.Сайт жасаумен шұғылданатын маман;

Ол кім? Web-дизайнер, Web-бағдарламашы 

Специалист по созданию сайтов глобальной сети Интернет

6.Сайт үшін контент құрушы

Ол кім? Копирайтер

Разработчик, составитель рекламных текстов, издатель новых идей в рекламе, защищённых авторским правом.

7. Қызметшілердің потенциалын өсіретін маман

Ол кім? коучер

Персональный тренер, который сопровождает клиента в поиске своей результативности. Он помогает понять, каких навыков не хватает и как их наработать.

8. Әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

Ол кім? интервьюер

Журналист, интервьюирующий кого-либо; тот, кто берёт интервью

9. Жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман

Ол кім? девелопер

Предпрениматель, занимающийся созданием новых объектов недвижимости.

10.Ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

Ол кім? сомелье

Работник  ресторана, ответственный за приобретение, хранение вин и представление их клиенту.

11. Оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ  акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

Ол кім? джоббер

Лицо, выполняющее на фондовой бирже операции с ценными бумагами, причем, в противоположность биржевому маклеру, - за собственный счет

12. Тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;

Ол кім? рецепшионист

Секретарь, в основные обязанности которого входит прием телефонных сообщений и посетителей.

Семантикалық карта

мамандық

Атқосшы

Бренд-менеджер 

Мұғалім

Мұржа тазалаушы

Дәрігер 

Қоғамда сұранысқа ие мамандықтар

Қазіргі уақытта жоқ, жойылған мамандық

Өзінің мәнін жоғалтпайтын  мамандықтар

Үйге Шығарма

Қорытынды
Мамандықтың жаманы жоқ әлемде,
Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.
Сондықтан да жалқаулықты тастайық,
Игі істермен өмір жолын бастайық!
Оқыған маман – шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта.

 

ответил от Sania
0 голосов

www.kstu.kz  Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

ответил от КарГТУ МДиГ

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ