Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы:

Тарих сабағында қолданылатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Мақсаты:

Мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде Кембридждік бағдарламаның «Сын тұрғысынан ойлау», «Диалогтік оқыту», «Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау» модульдерімен таныстыру. 

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер Кембридждік бағдарламаның модульдері туралы ақпарат алады.

Негізгі идеялар:

-мұғалімдер оқыту үшін оқушылардың дамуына назар аударады;

- оқу үрдісінде қатысушының ақпаратты қабылдауға белсене араласуына білім беру ортасы ықпал етеді.

Тапсырмалар:

Ой толғау:

Жағымды орта қалыптастырып, топқа бөлу.

«Жаңа әдіс-тәсілдер» еліне саяхат

  • «Жаңа әдіс-тәсілдер» еліне саяхатқа  пойызбен барамыз. Пойызға отыру үшін әркім өзінің есімін атап, өз тәжірибесінде пайдаланатын бір стратегияны немесе әдіс-тәсілдердің бірін атау қажет.

Қатысушылар 3 топқа бөлінеді

Ой шақыру

 «Үміт ағашы» тәсілі арқылы қатысушылар коучингтен күтілетін нәтижені жапырақ-стикерлерге жазу арқылы анықтайды да, «ағашқа» жапсырады.

Бейнефильм көру ұсынылады. «Переменная облачность»

  • Бейнефильмнің кейіпкерінен кімді байқай алдыңыздар?
  • Сіздердің ойларыңызша, мұғалім қандай қасиеттерге ие болуы керек?
  • Фильм соңында кейіпкер өзгерді. Мұғалімге өзгеру қажет пе?

№1 тапсырма «СОФТ» тәсілі бойынша орындалады.

Әлді  жақтары

Кемшіліктер

Мүмкіндіктер

Қауіп

image

Мағынаны тану

Презентация – таныстырылым

image          image

  

image            image

image

№2 тапсырма. Топпен жұмыс

1-топ: «Сын тұрғысынан ойлау»

  «Фишбоун» (балық қаңқасы) тәсілі

Бұл стратегия оқушыларға жалпы проблемалық тақырыпты бірнеше себептер мен дәлелдемелерге «бөлуге» мүмкіндік береді.  Бұл стратегияның көрінісі «балық қаңқасына» ұқсас немесе «қаңқаны» тігінен қойғанда шыршаға ұқсайды. Әсіресе, анықталмаған мәселелерді қарастыруға ұсынылады.

Проблемалық сұрақ:Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы

2-топ: «Диалогтік оқыту»

«Қарлы кесек» тәсілі

Топ мүшелерінің бірі әңгіме бастайды. Мысалы, мен бүгін дүкенге барып, өзімнің сүйікті шырынымды сатып алмақшы болдым, бірақ .... Екінші қатысушы бірінші қатысушының айтқанын қайталайды да өзінің ойын айтады. Үшінші қатысушы бірінші және екінші қатысушының сөйлемдерін қайталайды да, өз ойын айтады. Осындай ретпен барлық қатысушылар айтып болғанша жалғастырылады. Уақытқа байланысты екінші айналым қайталанады немесе ойынды топтар арасында да жалғастыруға болады. 

Проблемалық сұрақ: Алғашқы адамның бір күндік өмірі

3-топ: «Оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулі

Тапсырма:

Бәйтеректің суретін салыңыз. Суретке өз есіміңізді жазып, көршіңізге бағалауға беріңіз.

Бағалау парағындағы критерий бойынша суретті қайта бағалаңыз.

Бағалауды салыстырып, өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар

Проблемалық сұрақ: Бәйтеректің суретін салып, бағалау түрлерін көрсетеді.

Тапсырмалар бойынша топ мүшелері постерлерін қорғайды

  • Осы тапсырмалар арқылы аталған модульдердің қайсысы жүзеге асырылды деп ойлайсыздар?

Әр топ тапсырмалар арқылы қай модульдің мазмұнын ашқанын анықтайды. Ол туралы мәлімет беріледі

Рефлексия

 Коучингтен алған әсерлерін, пікірлерін, күтілетін нәтиженің қаншалықты жүзеге асырылғандығы туралы  «Үміт ағашына» алма-стикерлерге жазып, жапсыру тапсырылады.

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов