Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

6 Ответы

0 голосов

ТАҚЫРЫБЫ: Иондалған  сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру.

Сабақ түрі: Жаңа білім мен біліктерді меңгерту.

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі – бейнелі

Сабақтың мақсаттары:

Білімдік (оқытушылық) – радиоактивтивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену  туралы негізгі түсініктер бар болу, адамға сәуле алудың қауіпі аппараттарды меңгеру және олардың халық үшін тигізетін әсерін білу.

Тәрбиелік – білім алушылардың тақырыпқа деген қызуғушылықтарын арттыру

Дамытушылық – білім алушыларды мәселе қоюға және шешуге, алған білімдерін жинақтап қорытуға және жүйелеу, баулау                                         

                                                               

Сабақ уақыты:  90 минут.

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, бейнефильм, тест сұрақтары,тапсырмалар. 

Пән ішілік байланыс: Құтқару және басқа да жедел жұмыстар

Пән аралық байланыс: Аналитикалық химия. Жалпы гигиена.

САБАҚ ХРОНОКАРТАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚИСЫНДЫҚ СЫЗБАСЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі   - 5  минут

2.Алған білімдерін пысықтау  - 30 минутке дейін

а)  өткен тақырыпты сұрау

б) білімдерін жан-жақты тексеру

в) білім алушыларға жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық 

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (жаңа тақырыпты баяндау)  40 минутқа дейін

Теориялық сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын баулу. Сондықтан да сабақтың бұл кезеңіне көбірек уақыт бөлінеді. Сабақтың әдісі жаңа тақырыпты меңгертудің қалай өткізілетіндігіне қарай анықталады.                                                                                                                                                        

4.Баяндалған тақырыпты пысықтау – 10 минут.

5.Сабақтың қорытындыларын шығару  -  3 минут.

6.Үйге тапсырма  - 2  минут

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі .

а). Оқытушы білім алушылар мен дәрісхананың сабаққа дайындығын тексереді,  келмеген білім алушыларды топ журналына белгілейді (тізім бойынша).

б). Оқытушы сабақты мотивациялайды.

Әрбір азамат «Баршаның назарына!» дабылы бойынша іс әрекеттер тәртібін; қорғаныстық ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін; зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға міндетті. Кез келген теорияның практикамен ұштастырылуға тиістілігі ежелден белгілі. Барлығымыз ел болашағын қорғайтынымызды білуге тиіспіз. Ал білім алушылар сабақ барысында тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен танысып, радиоактивті ластанудың  түрлерін білуге тиіс және организмге әсерін.

2.Алған білімдерін пысықтау (өткен тақырыпты сұрау).

-Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

-Қысқаша сипаттап жазу берілген сұрақтарға ( тапсырмалар)

  3. Жаңа материалды баяндау (жаңа материалды түсіндіру)      

Жаңа материалды баяндау (жаңа материалды түсіндіру) 

ответил от Sania
0 голосов

Жоспар:

1.Радиациядық қауіпсіздік ұғым

2.Сәулеленудің экспозициялық, сіңген мөлшері туралы ұғым

3. Жіті сәулелік аурудың белгілері

4.Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің көлемі

1.Радиациядық қауіпсіздік ұғым

ҚР Заңы Халықтын радияциялық қауіпсіздігі туралы 1998 жылғы 23 сәуір.

Заң халықтын денсаулығын иондаушы сәулелендірудің зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Радиациялық қауіпсіздік-белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге,халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың кешені.

Иондаушы сәулелендіру- ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру.

Әсерлі мөлшер- адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген энергиясының шамасы.

Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық түрінен кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:

1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);

2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).

Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:

• Атом өнеткәсібі;

• Ядролық жарылыстар;

• Ядролық энергетика;

• Медицина мен ғылым.

Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек жолдары , өкпе, тері жамылғышы арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, лейкемия ауруы болуы мүмкін

Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі: адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет 

Радиоактивті заттардан қорғану.

Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. 

ответил от Sania
0 голосов

Физикалық тәсіл.

 Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған қолғаптарды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі мүшелерге өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Екер кішкентай бөлшектер ішкі ағзаларға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ ұлпаларға жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады. Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы. Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін.

Химиялық тәсіл.

Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады.Бұл цистамин 0,2 және калий йоды.

Биологиялық тәсіл

Иондалған сәулеленуді ем ретінде пайдалануға болады. Ауруды диагностика әдісімен тексеру үшін де таңбаланған атомды пайдаланады, ол радиоизотопты зерттеулер.Сәуле терапиясы мен қан өндіру жүйесінің ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек. 

ответил от Sania
0 голосов

2.Сәулеленудің экспозициялық, сіңген мөлшері туралы ұғым

Иондаушы сәулеленулер тірі организммен ықпалдасқан кезде олар энергиясын ұлпаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады.

Сәулеге ұшыраған дененің массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. СИ Халықаралық бірлік жүйесінде дозалық бірліктердің өлшемі (СИ) ГРЕЙ (Гр).Сіңірілген дозаны бағалау үшін,сондай-ақ РАД-0,04 1/кг; 1 Гр-100 Рад жүйеден тыс бірлігі пайдаланылады. Грей белгілі бір физикалық дене массасының сіңіріліген бірлігінің иондаушы сәулелену энергиясының санын білдіреді.

Экспозициялық доза, ол альфа,бета және гамма сәулеленудің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілген,сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1 рад хк -1бэр; 1Грхк-1 Зв (зиверт).

3. Жіті сәулелік аурудың белгілері

Иондаушы сәулелену адам ағзасына еніп өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез-келген молекуласын иондайды, олар химиялық байланысын бұзады, соның нәтижесінде биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Сәуле ауруының ауыртпалығы сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты.

Алынған сәуленің мөлшеріне қарай жіті және созылмалы түрі болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады.

Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады:

1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде;

2-ші дәрежесі орташа түрі - 200-400 рентген мөлшерінде;

3-ші дәрежесі ауыр түрі - 400-600 рентген мөлшерінде;

4-ші дәрежесі өте ауыр түрі - 600 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады. 

ответил от Sania
0 голосов

Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді:

бірінші кезең-жеңіл- сәуленің ағзаға әсері оның мөлшеріне карай болады. Ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының тұрақсыз болуы, естен тануы. Ауруды емдеуге болады.

екінші кезең – орташа-бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен деп айтамыз.Емделген жағдайда 2-3 ай ішінде сауығады.20 процент жағдайда адам өледі.

үшінші кезең -ауыр- жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады, екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, тершендік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады және қанда өзгеріс болады – тромбоцитопения, эритроцитопения, лейкоцитопения. Өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда, сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады - науқастың қызбасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады, жүқпалы аурулар дами бастайды,өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б. Сәтті жағдайда 3-6 айда сауығуы мүмкін, адамдардың  20-70 пайызы өледі.

төртінші кезең – өте ауыр-20-30 минутан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды.Дәрет сұйлып тоқтамайды.Тері зақымданады, тері ұлпаларында «бета-күйікті» тудырады.

4.Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің көлемі

1.Асқазанды жуу немесе құстыру.

2.Ацорбент – активтелген көмір таблеткасы 25-30 гр.

3.Қозуды және қорқыныш сезімі пайда болғанда – б/е 2 мл седуксен ертіндісі.

4.Қалқанша бездің зақымдануының  алдын алу ретінде – 0,125 г. калий йодид таблеткасын немесе 3-5 пайызды тұнбасын

5.Қан қысымы төмендегенде – б/е 60-90 мг преднизолон ертіндісі немесе 2 мл допамин ертіндісі.

6.Жоғалған сұйықтың көлемін толтыру- сілтілі сусын ішккізу.

7.Терінің ашық жеріне санитарлық өндеу.

8.Радиопртектор –цистамин 0,2 әр сағат сайын 1 таблеткадан

8.Жатқызған күйде зембілмен тасымалдау.

4. Баяндалған тақырыпты пысықтау

-тест 1 және 2 нұсқа (Қосымша)№1,2,3

5. Сабақтың қорытындыларын шығару. 

6.Үйге тапсырма 3-5 минут.

Негізгі әдебиет:

1.Е.Нәбиев.Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Астана қ.-2010ж. 193-196 б.

Қосымша әдебиет:

1.Л.Фефилова.Безопасность жизнедеятельности. М.,Медицина,2005г.

187-200с.

ответил от Sania
0 голосов
Иванова Анастасия
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ