Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Символдарды қолдана отырып шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау. «Наурыз эмблемасы».
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыстарды жасауға деген құлшыныстарын ояту.
Білімділігі: оқушыларға символдарды қолданып, ою-өрнектен композиция жасап, эмблема жасау туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ою-өрнектерді қолдану кезінде суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: наурызға қатысты эмблема суреттері, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, түрлі ойындар.
Сабақтың өту барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмалар орындау.
- Сабақты бекіту.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, кезекшіні анықтап, оларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді:
1.Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
2.Зооморфтық(жан-жануарлар).
3.Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).
3. Жаңа сабақты түсіндіру: - Ою-өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Символикалық өрнектер казіргі таңда өте шапшаң дамып келе жатыр. Бұл - фирмалық белгілер эмблемасы.
- Фирмалық белгі. Өрнектердің тағы бір тобы геометриялық топ, бұл өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құрушы топ. Геометриялық топтағы өрнектер ылғи да көркемдік ырғақты қасиеттермен шектеледі. Қазіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі болып табылады.
Енді сол сияқты біздің бүгінгі тақырыбымыз соған сәйкес символикалық ою-өрнектерді қолдану арқылы наурыз эмблемасы туралы болмақ. Мысалға мына бір эмблеманы алатын болсақ, мұнда...
Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышы наурызек пен наурызгүл болса
Биыл күн мен түннің теңелуі наурыздың 20-сы, яғни бүгінгі 23 сағат 32 минут 13 секундқа сәйкес келіп отыр. Бұл – Наурыз жаңа жылының басталғандығын күллі әлемге паш ететін жұлдызды сәт. Ендеше, келе жатқан Ұлыстың ұлы күні оң болғай!..
Ел ішінде наурызек, наурызкөк, немесе көкқұс аталатын жұдырықтай ғана жыл құсы өкпек есіп, қар ери бастағанда өзгелердің алды болып ұшып келеді. Наурызекті кей жерлерде жылқышы құс деп те атайды. Құсты бірінші көрген жан жақсылыққа балап, оған жем шашады. Біздіңше, осы құстың бейнесі халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын бейнелеуге сұранып-ақ тұр. Сонымен қатар наурызшешек, наурызгүл аталатын алғаш көктейтін өсімдік те Наурыздың нақышын жеткізіп бере алады.
Осы ретте, су, топырақ, наурызгүл (топырақтағы тіршілік иесі) және наурызектің (көктегі тіршілік иесі) элементтерін араластырып, Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын нақтылауға болады.