Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы:

Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға мәни өсімдіктердің шыққан орталықтарын, селекционер – Н.И.Вавиловпен таныстыру.

Дамытушылық:  оқушылардың  біліктілігін арттыру, танымдылық қабілетін шыңдау, оқу материалдарын толық меңгерту қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:  оқушыларды   адамгершілікке, ұқыптылыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ меңгеру  

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО                                    

Сабақтың пәнаралық байланысы:  селекция, ботаника                   

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау             Оқушыларды жетон арылы бағалау.

  1. Ой қозғау (Есеп шығару).

А) Қызыл жемісті бүлдіргенді ақ жемісті бүлдіргенмен будандастырғанда алынған ұрпақтың жартысы ақ жемісті болып шыққан. Ата – енесінің генотипін табуға бола ма?

В) Әкесі және ұлы гемофилик, анасының қаны қалыпты. Ата – анасының және баланың генотиптері қандай болуы мүмкін?

С) Қаны АВ тобына жататын дальтоник жігіт, қаны О тобына жататын қалыпты көретін қызға үйленген. Қыздың әкесі дальтоник, қаны А тобына жатады; Осы некеден қаны А тобына жататын қалыпты көретін қыз бала дүниеге келген. Барлық отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар. Осы некеден дальтоник балалар дүниеге келуі мүмкін бе?

  1. Сөздіктер сыр шертеді.

Ботаника – өсімдіктерді зерттейтін ғылым.

Зоология – жануарларды зерттейтін ғылым.

Цитология – жасушаны зерттейтін ғылым.

Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

Селекция – «сұрыптау» деген мағынаны білдіреді. Оның басты міндеті — үй жануарларының, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жоғары өнімді жаңа түрлерін шығару және олардың эволюциясын зерттеу.

ІІІ. Жаңа сабақ баяндау.           

                                              генетик                                            ботаник

imageimage

Н.И.Вавилов

                                                                                

imageimage     мәдени орталық                                                                                                  саяхатшы

imageimage

 

                                       1887-1943                                                        300 мың

Мәдени өсімдіктердіц шығу орталықтары

1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық

Баклажан, шай, күріш, қияр,  лимон, апельсин, қант  қамысы, манго, банан (50%).

2. Шығыс   Азиялық

Соя,  тары, қытай алмасы, құрма, алмұрт, алхоры,   қарақұмық   және   т.б. (20%)

3.Онтүстік – Батыс Азиялык   орталық

Жұмсақ бидай, аласа бидай, домалақ дәнді бидай, асбұршақ, жасымық, зығыр, кендір, сәбіз, сарымсақ, жүзім, алхоры, атбұршақ (чина), ноқат,  мақта, алмұрт (14%).

4. Жерорта   тенізі

Орамжапырақ, зәйтүн, қызылша, бақша дақылдары (11%).

5. Абиссиния (Эфиопия) 

Қатты бидай, арпа, кофе ағашы, зығыр, пияз, кырыққабат,   сәбіз, жүзім, қызылша,  тарна, банан (1%).

6. Орталық Америка

Жүгері, Америка үрмебүршағы, асқабақ, бұрыш, какао,   темекі, батат, күнбағыс (3%).

7. Оңтүстік   Америка (Анд)   орталығы

Картоп, темекі, ананас, жержаңғақ (арахис), қызанақ   (помидор), какао, жүгері, мақта, хина ағашы (1%).

ответил от Sania
0 голосов

Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып, экономиканы нығайтуда сұрыптау жұмыстарының маңызы зор. Бұл тұрғыда, әлемдік селекцияда көптеген қол жеткен табыстар бар. Соның ішінде, орыс селекционері И.В.Мичуринді ерекше атауға болады. Ол өзі ойлап тапқан телу әдісін және т.б. будандастыру әдістерін қолдана отырып, жеміс-жидектердің суыққа, ауруға төзімді, жемістері сапалы көптеген сорттарын шығарды. Сонымен қатар орыс селекционерлері В.С.Пустовойт күнбағыстың майлы сорттарын, П.П.Лукьяненко бидайдың гектарына 50 центнерге дейін өнім беретін Безостоя – 1 сортын, В.Н.Ремесло мол өнімді Мироновская – 264,208 және т.б. сорттарын алды. Селекционерлер — А.П.Шехурдин мен В.Н.Маманов шығарған жаздық бидайдын Саратов – 29 сорты жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Бұл аталған сорттар Қазақстанның eric алқаптарына егіледі. Мұндай жетістіктер басқа елдерде де бар. Мысалы, Украинада қант қызылшасының, Беларусьта картоптың, Өзбекстанда мақтаның көптеген мол өнімді сорттары шығарылған. Бұл салада Қазақстан селекционерлерінің де кол жеткен елеулі табыстары бар. Қазіргі кезде елімізде Қазақстандық селекционерлер шығарған әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының 200 – ден астам сорттары бар. Соның ішінде дәнді дақылдардың 20 – дан астам, мал азықтық дақылдардың 40 – қа жуық, техникалық және майлы дақылдардың — 15, жеміс – жидек және жүзімнің 80 – ге жуық сорттары бар. Сол сияқты қазақстандық ғалымдар І.Ә.Әбуғалиев, Ш.Н.Илялетдинов және М.Х.Мұратов қант қызылшасының өнімді көп беретін «Қазақстан полигибрид – 24» және «Қазақстан» сорттарын алды. Атақты қазақстандық рекордшылар — Ыбырай Жақаев күріштің әр гектарынан 171 центнерге дейін, тарышы Шығанақ Берсиев 201 центнердей түсім алып, еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосқан болатын.

ответил от Sania
0 голосов

ІV. Пысықтау                      1. Тест тапсырмасы

1. Селекцияның теориялық негізі қай ғылым?

а) ботаника     ә) цитология        б) генетика         в) гистология

2. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтауға зор еңбегін сіңірген ғалым кім?

а) И.В.Мичурин   ә) Н.И.Вавилов   б) Г.Д.Карпеченко  в) М.Ф.Иванов

3. Жүгері, мақта, какао өсімдіктерінің отаны қайсы?

А) Анд орталығы                               ә) Жерорта теңіз орталығы

Б) Орталық Америка орталығы       в) Абиссиния орталығы

4. Тары, қарақұмықтың отаны

а) ШығысАзия  ә) Абиссиния б) Орт Америка  в) Оңт Америка

5. Картоптың отаны

а) ШығысАзия  ә) Абиссиния б) Орт Америка  в) Оңт Америка

6. Телу әдісін ойлап тапқан ғалым

а) И.В.Мичурин   ә) Н.И.Вавилов   б) Г.Д.Карпеченко  в) М.Ф.Иванов

7. Н.И.Вавиловтың генетикалық материалдары қазіргі кезде қай жерде сақталған

а) Москва ә) Новосибирск б) Астана в) Санкт – Петербург

8. Орамжапырақтың отаны

А) Анд орталығы  ә) Жерорта теңіз орталығы  Б) Орталық Америка  в) Абиссиния орталығы

9. Бидайдың отаны

А) Анд орталығы  ә) Жерорта теңіз орталығы   Б) Оңт Батыс Азия орталығы    в) Абиссиния

10. Мақта, асқабақтың отаны

А) Анд орталығы  ә) Жерорта теңіз орталығы  Б) Орталық Америка орталығы 

в) Абиссиния

Дұрыс жауабы: 1 – б; 2 – ә; 3 – б; 4 – а; 5 – в; 6 – а; 7 – в; 8 – ә; 9 – б; 10 – в.

ответил от Sania
0 голосов

2.Сәйкестендіру тесті

Мәдени орталықтар

Өсімдік атаулары

Дұрыс жауап

1. Оңтүстік Азия

2. Шығыс Азия

3. Оңтүстік – Батыс Азия

4. Жерорта теңізі

5. Абиссиния орталығы

6. Орталық Америка

7. Анд (Оңтүстік Америка)

А. Картоп

Ә. Мақта, кокос

Б. Банан

В. Зәйтүн ағашы

Г. Бидай

Ғ. Қара бидай

Д. Соя, тары

Е. Күріш

Ж. Қант қамысы

З. Үрмебұршақ

И. Асқабақ

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

  1. Графикалық диктант

Тапсырма: Егер төмендегі оқылған сөйлемдер дұрыс болса тұсына “/\” белгісін, ал бұрыс болса “-” белгісін қойыңыздар.

1. Мәдени өсімдіктерді зерттеп олардың шығу орталықтарын анықтаған орыс ғалымы Н.И.Вавилов.

2. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктерді 9 орталыққа бөлді.

3. Жоңышқаның отаны Шығыс Азия орталығы.

4. Сарымсақтың отаны Оңтүстік Батыс Азия.

5. Ананастың отаны Абиссиния.

6. Арпаның 20 – ға жуық жабайы түрлерінен бір ғана мәдени түрі шығарылған.

7 . Хина ағашының отаны Шығыс Азия

Дұрыс жауабы:   /\ _ _ /\ _/\ _

  1. Бейнекөрініс

V. Жаңа сабақты қорытындылау

Кубизм

Суретте                     Сарала                      Салыстыр

Қолдан                      Қарсылас                  Ойыңмен байланыстыр

VІ. Үйге тапсырма беру

  1. «Селекционер – Н.И.Вавилов» реферат жазу.
  2. Контур картаға сызу:

а) картаға орталықтардың аттарын жазыңдар;

ә) төмендегі рет саны берілген іріктемелерді шыққан орталықтары бойынша орналастырыңдар.

1. Банан               2. Күріш                3. Тары              4. Қант қамысы

5. Нан ағашы      6. Қарбыз              7. Сәбіз              8. Жүзім

9.  Бидай             10. Қарабидай       11. Арпа            12. Мақта

13. Үрмебұршақ 14. Картоп             15. Жүгері        16. Асқабақ

17. Темекі            18. Какао

       3.  Тест жазу.

VІІ. Оқушыларды бағалау

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов