Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Оқыту мен оқудағы тәсілдер модулі идеяларының оқу үдерісіндегі маңыздылығы

Ысқақ Кеңескүл Бүркітбайқызы

Жалағаш ауданындағы №34 орта

мектептің математика пәні мұғалімі

      Бүгінгі таңда білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс- тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азамат етіп шығаруды көздейді. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы, ұстаз шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушы өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтижеге жете бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі, сол – баланы оқыта отырып, оның ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

      Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі, сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан-жақты дамуына аса мән беріп, яғни рухани бай тұлға етіп қалыптастыруымыз керек. К.Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі ойға оралады. Яғни,оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен  жауапкершілікті дамыту басты мәселе болып табылады.

Осы ретте мен өз тәжірибемде педагогикалық біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгейлі бағдарламасы аясында оқытудағы жаңа тәсілдерді  жаңа бастама етіп алып отырмын. Сындарлы оқыту бағдарламасында оқушы тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру қажет.

      Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге  болады. Осындай жаңа әдістердің бірі –« Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі және « Қалай оқу керектігін үйрету?», « Диалог арқылы оқыту». Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі әсіресе, диалогтық оқытудың маңызы үлкен. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады.

     Сабақ барысында Барнстың айтуы  бойынша білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде яғни  сөйлеу, талдау барысында жүзеге асады.

Сабақ процесінде диалог жүргізу,яғни оқушылардың бірлескен сұхбатты үлкен пайда келтіретінін көрсететін жеткілікті дәелдер бар.Олар:

 -оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік беруі;

-басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсіндіруіне көмектеседі;

-мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

   Атап айтқанда, оқушылармен бірлесе отырып әңгімелесу түрлі идеялар туғызады, яғни оқыту екіжақты бағытта жүріп, оқушының білім алу үрдісінің алға жылжуына көп көмек береді.Себебі, зертеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді.Оларды шешетін ортақ проблема болады, осы мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, өзара идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық біліммен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.

    Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер құбылыс немесе дағды емес.Оның негізгі тетіктері:оқыту әдісін таңдау, жүйелі ойлауға үйрету, оқушы талантын зерттеу немесе анықтау, сандық  технологиялар саласындағы құзыреттілікті дамыту болып табылады.

    Мектептегі тәжірибемде «Диалогтік оқытудың маңызы» және «Қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Өйткені оқу мен оқытудағы оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушы арасындағы байланыс диалог арқылы болары даусыз. Диалог дұрыс, тиімді құрылғанда оқушы өз ойын көзқарасын білдіре алады, еркін ойын жеткізуіне көмектеседі.

«Қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқыту керектігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап,қабілеттерін шыңдайды. 

ответил от Sania
0 голосов

   Оқушы   өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды [2.11.] деген ойды ескере отырып, оқушылармен сабақты бастамас бұрын өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керектігіне көзім жетті. Осы орайда Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады [1.40.]. немесе құрдастар тілі қарқынды дамитынын түсіндім.

   Орыс ғалымы Выготский білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде дамитындығын айтқан болатын. Сонымен қатар Выготский  кіші жастағы балаларды  танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Ал Бразиялық педагог Фриери «әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтік әңгімелесуге қатысуға қабілетті» екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі.

   Мерсер өз зерттеулерінде сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама – жауап – кейінгі әрекет»(БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігін анықтап, оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау секілді әр түрлі техникаларын пайдалануға болатынын айтқан. Осы теорияларды негізге ала отырып оқушылардан көбірек білетіні басқа адамдар мен атап айтқанда сыныптастарымен, мұғалімдермен болуы  диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда оқыту мен оқуы жеңілдейді. Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың зерттеулерін сілтеме ретінде негізге алған болатынмын. Тәжірибедегі сабақтар барысында сұрақ жауап әдісін тақырыпқа сай түрткі, сынама, қайта бағытттау сұрақтарын қоя отырып білімдерін бекітуге тырыстым.

Осы ретте сабақтарда қолданған әрбір әдістерде, мысалы «Кім жылдам?» ойынында бірінші түрткі сұрақ «Функция дегеніміз не?» деп сұрақ қойғанымда, С. есімді оқушы «Функция дегеніміз тәуелсіз айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін функционалдық тәуелділік » деп жауап берді.Мен оның жауабын толықтыру мақсатында «Мысал келтіре аласың ба?»,-деп айтқанымда ,оқушының тосырқап қалғанын байқап,қайта бағыттау сұрағын қоюға тырыстым.Яғни «Көмектесе алатындар бар ма?»дедім. Осы сәтте Н. есімді оқушы жылдамдық танытып,жауап беруге кезек алды.Ол «заттың құны оның санына немесе бағасына тәуелді»деп  жауап берді.Оқушының бұлай жауап беруі білгенінөткен сабақтарда  алған білімімен  ұштастыра білетіндігін,сабақтан тыс  уақытта өмірде қолдана алатындығын байқатты.Және әр сабағымда оқушының берген жауабы қате болған жағдайда  тоқтатпай,тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қойып,оқушының қатесін түзеуге мүмкіндік туғыздым.Мысалы, «Миға шабуыл» әдісі бойынша бірнеше сұрақтар дайындаған болатынмын.Алғашқысы «Функцияның қадамын қалай түсінеміз?»,-деген сұраққа осы кезде А. есімді оқушы «Функцияның мәні деп жауап берді».Оның дұрыс жауап бермегенін біліп, «қатар тұрған аргументтің айырмасының мәнін қалай түсінесің ?» сонда оқушы «қатар тұрған аргументтің мәнінің айырмасы функцияның қадамы деп аталады» деген ойлы тұжырымды жасады,яғни нақты жауапты айта білді.

Білі беруде диалогтік тәсілдерін дамытуда сұрақ қою техникасы арқылы оқушыны сындарлы  сөйлеуіне ынталандыруға,білімге құштарлығын оятуға,сыни тұрғыда ойлауға ықпал етуді, бір-бірін үйретіп,пікір бөлісіп,өзін және өзгені бағалай білуге,бір-бірімен  диалогтік қатынасқа түсуге,ойын жинақтауға, талдай алуға ықпал жасадым деп ойлаймын.Өйткені білім алуда пікірлесу,сұрақ қою барысында серіктестерінің айтқандары  елеулі орын алды деп білемін.

Мерсердіңзерттеуіне сәйкес,әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар:

1.Әңгіме дебат барысында:

-ой-пікірлерде  үлкен  алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде калады;

-ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

-қарым-қатынас көбіне бәсекелестікке бағытталған;

2.Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:

-әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

-әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен,мұқият бағалау жүргізіледі;

-қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

-топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады;

3.Топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар:

-айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;

-идея қайталанады және жасалынады,бірақ үнемі бағалана бермейді;

Көптеген талқылаулар,әдетте,әр түрлі әңгіме түрлерінен құралады.Мерсердің айтуынша,ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болды. Осы аталған жайт тәжірибе кезеңіндегі сабақтарда орын алды,әсіресе зерттеушілік әңгіме. Қорыта айтқанда, «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»маған  не берді?Бұл модульдің маған ұнағаны диалог арқылы оқыту тәсілі өз бетінше ізденіп оқуды,не қажет екенін өзі табуға көмектеседі.Әр түрлі сұрақ қою тәсілдері диалог арқылы оқу сабақтарды түрлендіріп өткізуге  мүмкіндік берді.

Оқушы не үйренді?Өз бетінше ойлай білуге,мәселеге басқа қырынан қарай білуге,бір-біріне түсіндіруге және бір-бірін тыңдай білуге үйренеді.

Қорыта келе айтарым,диалогтік оқыту нәтижем бойынша оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін  анықтау үшін жақсы қарым-қатынастың тілдік дағдылар және түсінікпен қарау талап етіледі. Маған қолданыстағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу менің де,оқушылардың да білім  алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болатынына көз жеткіздім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Бірінші  деңгей.

2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов