Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

image

Курмангалиева Гулжан Кенесбековна

Математика пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Бурабай ауылы

«Бурабай орта мектебі» КММ

Менің педагогикалық мұратым

(Педагогикалық эссе)

 «Оқыту! Жарату! Жеңу!»

АРМАН… Осы өмірге деген өзіндік көзқарасым қалыптасып, болашақта қандай маман иесі болған дұрыс деген сұрақтар көңіліме ұялаған сәттен менің жүрек қалауым ұстаз болуды қалаған еді. Адамға ерекше шабыт сыйлайтын мұғалімдік мамандықты  таңдап, қызық мен қуанышты, қиыншылық пен қаталдықты, мейірім мен біліктілікті қатар алып жүруге тура келетін ұстаз болу – жай ғана мамандық, күнкөріс қамы емес екендігін жүрекпен сезіндім. Сөйтіп АРМАН атты белестен өттім.

ІЗДЕНІС… Мұғалім – өмірге, болашаққа бейімделген ұрпақтың ұстасы. Өмірінен үміт күткен шәкіртіміздің білімді, талапты, алғыр, тәрбиелі болып өсуіне біз тікелей жауаптымыз, әрі міндеттіміз. Ұстаз боламыз деп жоғарғы педагогикалық оқу орнын бітірсек те бұл білім жеткіліксіз екенін түсіндік, өйткені ұстазға «Өмір. Уақыт. Тәжірибе» тәрізді «мектептен» де білімді үздіксіз алу қажеттігін ұқтық. Ұмытылып бара жатқан студенттік өмірді қайта жаңғыртқандай әсер еткен жағдай – «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтындағы үш айлық курстан өтуім болды. Осы курс арқылы ұстаздық қызметті басқа қырынан танып-біліп, білімге ұмтылған жас ұрпақты үлкен өмірге өзіндік сеніммен, терең оймен, нақты шешіммен алға басудың қыр-сырын үйрендім. «Атты суатқа жетектеп апаруға болады, бірақ зорлықпен суару мүмкін емес» деген ағылшын мақалының мазмұны баланың білімге деген құлшынысын ояту, дамыту, жетектеу, бағыт беру, сенім арту бүгінгі ұстаздың басты мақсаты болуға тиіс. Өткен кезеңдегі білім алу мен болашақта қандай біліммен қарулану қажеттіліктері жайында ойлана келе бала жүрегіне талпыныс, қажеттілік, сенімділік, талапшылдық сияқты қасиеттерді сіңіре білу үшін аянбай еңбектену қажет екендігіне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Ұстаздықтың ұлы  шыңына шығу үшін өмір бойы оқып, өмір бойы өзіңді өзің тәрбиелеу керектігі тұр. Осы арқылы ІЗДЕНІС атты ізгі қасиеттің ұстаз үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндім.

СҮЙІСПЕНШІЛІК… Педагогикалық мамандықтың білгірі болып қана қоймай, оқушыны өзіңмен тең көріп ақылдаса білу, олардың да пікірін есепке алу, әр айтылған пікір мен сынның өзіндік құндылығы бар екендігін зерделеу ұстаздық жолымда алдыңғы орында тұрады. «Сенің бұл жауабың қате!» немесе «Бір дұрыс жауап беріп көрмедің!» деп оқушының қатесін бетке айтуды ешқашан алдыға ұстаған емеспін, ол жағдайда «Қайта ойланып көрсең қалай болар еді», «Тиімді тәсілді бірге талдап, қарап көрсек қалай болар еді» деп ынталандырып, белсенділігін арттыруға ықпал ету, кез келген тығырықтан шығудың жолын өз бетімен таба білуге үйрету менің өмірдегі басты талабым болып саналады. Бала жүрегіне жол тауып, өнерге, қолөнерге, белсенділікке баулитын, оларға түрлі бағытта тәлім-тәрбие беруді жүзеге асыру үлкен қуаныш, жаныңа ләззәт сыйлайтын сезім. Ұстаздық еткен жылдарда балаға жалаңаш білім берумен шектелмей әр оқушының жеке қасиетін зерделей білуді, өмірге деген көзқарасы мен жан-дүниесінің байлығын дамыта білуді, болашаққа үлкен сеніммен қарап, өмірден өзіндік орнын табуға көмектесу керектігін түсіндім. Мұны СҮЙІСПЕНШІЛІК атты ұлы сезім арқылы ғана сезіндім.

АСУ... Әр оқушы өз ойын ашық, еркін, жүйелі дәлелдеп, әрі сенімділікпен өз пікірін білдіре алып, нәтижесінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзінің және өзгенің жұмысына бағалай білетін, қатесін түзете отыра, бір-біріне көмектесетін, ортақ шешімді сыни көзқараспен қабылдай алатын тұлға. Өздігінен білім алатын, талабы мен талпынысы жоғары, жауапкершілік сезімі мен талдау жасап, сыни көзқараспен қарайтын мүмкіндігі дамыған азамат қалыптасу ұстаз міндеті ғой. Питер Клайнның «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік берген сайын, одан әрі жақсы оқи түседі» деген сөзі маған айтылған дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома іспеттес. «Жаңа білім көшіне» ілескен ұстаз ретінде бағдарламаның негізгі идеяларын өз әріптестеріме түсіндіріп, түрлі тренингтер мен үлгі-сабақтар өткізіп, шәкірттеріме өз пікірен ашық айтуға мүмкіндік беру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, сыни тұрғыда пайымдау жасау, ойлауға үйрету, т.б. идеяларды жүзеге асыра білуге тәрбиелеу жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Қазақта «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» деген сөз бар. Сондықтан білімді тек дайын күйінде алуға негізделген дәстүрлі білім беру жүйесінен жылдамырақ бас тартып, жаңа білім беру жүйесіне педагогтармен қатар ата-аналарды, қоғамды дайындап, ауқымды, жауапты, күрделі әрі маңызды жұмысты жүйелі жандандыру қажет. Осы бағыттағы жұмыс мен үшін алынған АСУ деп есептеймін.

ЖЕТІСТІК... Әр сыныптың, әр оқушының ұстаз үшін орны бөлек екендігі аян. Мінезін, ерекшелігін, қабілетін, ұстамдылығын ескере отыра, шығатын биігі, алатын қамалы, жететін жетістігі «мұғалім – оқушы – ата-ана» үштігі үшін де маңызды. Педагогикалық және психологиялық зерттеулер оқушыда оқығанның 10%, дыбыс-бейне құралдарды қолданған жағдайда 20%, көрнекіліктер арқылы 30%, пікір-таласта 50%, тәжірибе жасауда 75%, үйренген білімді қолданып, басқаларды үйреткенде 95% есте қалатындығын  анықтаған екен. Сондықтан мен бүгінде жаңа технологиямен жұмыс істеуге көшіп, оқу процесінің негізін интербелсенді әдістемелер құрудамын және әр ұстаз интербелсенді құралдар мен өзінің әдістемесінің іргетасын берік қалауы керек. Соның айғағы іспеттес бүгінде алдымда отырған шәкірттерімнің пәндік, интеллектуалдық олимпиадалардан бірінші, екінші, халықаралық қашықтық олимпиадалардан жүлделі орын алулары жеткіншек жетістігі емес пе?! Сабақта жеті модульді пайдалану арқылы шәкірттерімнің оқуға ынтасын, қызығушылығын оятып,   тапсырманы өз бетімен орындауға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, өзара бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеуге үлес қосып келемін. Шығармашылықпен, шыдамдылықпен, шынайылықпен еңбек ете отыра, бүгінде өзімнің ұстаздық қызметте ЖЕТІСТІККЕ жетуім – жүрек түбінде жетіліп, жүзеге асқан  педагогикалық мұратыма жеттім деп есептеймін.

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ