Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

ХИМИЯ САБАҒЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ

Л.С.Мукатаева

 №41 жаратылыстану – математика бағытындағы мектеп-лицейінің

химия пәнінің мұғалімі

Орал қаласы

Жұмыстың өзектілігі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық  университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында   «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» [1]. Мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде жүріп жатқан жоғары мектеп реформасының негізін құрайды. Осы тұрғыда  орта мектепте оқу процесінің негізін жаңа педагогикалық (инновациялық) технологиялар құрайды. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы білім беру көп сатылы үрдістен тұрады,  интербелсенді тақтаны пайдалана отырып оқушылардың химиялық білім денгейін көтеру, сонымен қатар қызығушылығын арттыру.

Мақсаты: Химия  сабағында инновациялық технологиялар түрлерін интербелсенді тақтаны қолдану  арқылы сабақ жүргізуде оқушылардың химиялық білім денгейін және қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

1.Қазіргі кезде оқушылардың санасына қоғам байлығы  хал-ахуалдың толыққанды болуы мен анықталатындығын сезіндіре, ұғындыра отырып инновациялық технологиялармен оқыту және тәрбиелеу;

2.Химия  сабақтарында білім мен тәрбие беру жүйесінде интербелсенді тақтаны пайдалану;

3.Жекелеген тақырыптарға арналған ғылыми инновациялық мазмұндағы  химия сабақтарын өткізу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңа тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйыдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

ответил от Sania
0 голосов
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»- дейді. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді». Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтамаберген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырап, өзінің жіктемесінде ииновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке –дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі  (мектепті толық қамтитын). Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.

Модификациялық инновация – бұлбұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалды инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту инновациялық технологияларды қолданумен жүзеге асады.

Динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді, өйткені бұл дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан келесідей құзырлылықтарды талап етеді:

- ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;

- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

- социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;

-өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;

- өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.

Егерде дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген  білім жиынтығын игерумен шектесе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идеясы деп пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген инновациялықтехнологиялар құрауы керек деп түсінеді. Ал инновациялық технологиялар мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Инновациялық оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» [4].

Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;

- ақпаратты жан-жақты талдау;

- өздігінен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

-оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- басқа да балама пікірлерді ескеру;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

- ортақ жұмысқа жұмыла білу;

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу            Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек белгілі аудиторияда орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.
ответил от Sania
0 голосов

Дәстүрлі оқытуда басты мақсат «нәтиже» болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын «үйретуге» бағыттайды, шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі оқушыға ақпарат «беруге» бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп мұғалімнің оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысады.

Ал инновациялық оқыту басты назарды «процеске», яғни үйрену процесінің өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай» әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді, Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі [5].

Сол себепті де инновациялық оқытуда үйренушілер келесідей әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек:

-   бірлескен жұмыс;

- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту;

- бастамашылдық;

- кері байланыс жасау;

- проблема шешу, шешім қабылдау.

Инновациялық оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тандауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады (кесте 1).

Кесте 1. Инновациялық оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары

      Қағидалар

                              Мақсаттар

Орта

қалыптастыру

- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;

- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқылы

үйрету/үйрену

- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәеледеу;

- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.

Өмірмен

байланыстыру

- Үйрету/үйренуді рактикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.

Өзіндік пен

дербестікке баулу

- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуге өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;

- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндау, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре алу, дәлелдеме келтіру).

Инновациялық оқу/оқыту  орындарда келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),

- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,

- рөлдік және іскерлік ойындар,

- пікірталастар,

- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, интербелсенді тақта, мұражай, т.б.),

- шығармашылық,

- презентациялар,

- компьютерлік оқыту бағдарламасы,

- тренингтер,

- сауалнама, т.б.

Инновациялық оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек: олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.(кесте 2)

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Пак Чеён в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ