Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп бағдарламасына «Робот техникасы» элективтік курсы енгізілуде.    «Робот техникасы» элективті курсының мазмұны 5-10-сынып оқушыларының білімі мен білігін нақты тәжірибеде қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Яғни күрделі кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге құзыретті жаңа қызметкердің қалыптасуы туралы мемлекеттік әлеуметтік ниеттерін ақтау үшін оқушы білімді жай ғана алып қоймай, адам қоғамында өмір сүру жолдарында белгілі бір құзыреттілік деңгейге жетуге тиіс.  «Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп Президентіміз  Н. Ә. Назарбаев  айтқандай Алматы облысының  барлық аудандарындағы информатика пәнінің мұғалімдері 6 маусым және 22 шілде аралығында  Талдықорған қаласында педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Назарбаев зияткерлік мектебі базасында өз біліктіліктерін жетілдірді. Курстың бағдарламасы орта білім берудің қазақстандық жүйесіне енгізілетін педагогикалық инновациялар мәнмәтінінде әзірленген.  

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуыөскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Оқушылар «Робот техникасы»  элективті курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімімен дағдыларын кіріктіре отырып, роботтехникасы, инженерлік дизайн және технология  негіздерін зерттейді.  Осы курс бағдарламасы бойынша біздің топты Ерлан Аманжолұлы Жұбайдолла оқытты. Ерлан Аманжолұлы ең алдымен тыңдаушыларды бұл курстың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып кетті. Елбасымыз «Заманауи әлемде елдің қуаты білімімен өлшенеді. Сол білімді тұрмыс игілігіне жарата білумен бағаланады»деп атап өткендей жаһандану кезіндегі әлемнің түбегейлі өзгеріске ұшыраған заманда мұғалімдер заман талабына сай оқыту үдерісіндегі жаңалықтарды қолдайды. «Робот техникасы» элективтік курсында Lego mindstorms EV3 Education жинағымен, роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен таныстық. Робот техникасы пәнін енгізудің басты мақсаты – осы салаға баланы жастан бейімдеу, қосымша білім беру және техникалық мамандарды дайындау. Топ жетекшісі Ерлан Аманжолұлы курс мазмұнын түсіндіре келе мұғалімдерге жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісіндегі озық тәжірибелер мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетіне бағытталатынын курс барысында үйретіп отырды. Мұғалімдердің өзін топқа бөліп, топқа тапсырма беру кезінде мұғалімдердің белсенділігін арттырды.  Курс аясында тыңдаушылар оқыту мен оқудың әлемдегi өзектi әдiстемелерiмен танысты. Орта бiлiм мазмұнын жаңарту бойынша мұғалiмдер пәнаралық ықпалдастық, оқытудан күтiлетiн нәтижелер, үздiксiз оқу, қызметтiк тәсiл, саралап оқыту, шығармашылықты дамыту, психологиялық жайлылықты қалыптастыру әдiстемелерiн меңгердi. Сонымен қатар робот техникасының қыр-сырымен танысып, теория мен пракиканы ұштастырып отырды. Курс аяқталған соң мұғалiмдер онлайн режимiнде тест тапсырды. Тест қорытындысы бойынша сертификатталды. Соңында айтарым жазғы демалыста бiлiктiлiктi арттыра отырып, iс-тәжiрибе жинақтап жаңа оқу жылын тың әдiстемелермен бастаймыз  деген үмiт зор. Жетекшіміз Ерлан Аманжолұлына топ тыңдаушылары атынан  алғыс айтамын.

                                                                                  Акбейл Курманбаева

                                                                Информатика пәнінің мұғалімі

                                                                        Қарашоқы орта мектебі

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ