Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, 

                                           демографиялық саясат.   

 Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік – Дүние жүзі халқының саны мен демографиялық көрсеткіштер, халық санының ұдайы өсуі мен демографиялық саясат түсініктерін ашу, халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы білімдерін одан әрі жетілду.
  2. Дамытушылық – өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
  3. Тәрбиелік мақсаты – жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, адамгершілік қасиеті мен өз пікірін ашық жеткізуге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Сабақтың құрал-жабдықтары: оқулық, 10 сынып атлас, дүние жүзінің саяси картасы, статистикалық анықтама, слайд

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Оқыту әдістері: коммуникативті, жобалап оқыту, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

  1. Литосфера тарауы бойынша: Бұл химиялық элементтік ыдырауы 4,51*109 жылға созылады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтайды.
  2. Атмосфера тарауы бойынша: Күннен келетін радиацияның неше түрі бар. Оларды атаңдар?
  3. Гидросфера тарауы бойынша: Судың тұздылығын қандай өлшем бірлікпен өлшейміз?
  4. Биосфера тарауы бойынша: Биосфераны құрайтын тірі организмдер  қандай екі үлкен топқа біріктіріледі? 

ІІІ. Жаңа сабақ.    

    Адамзаттың  шығу тегі  мен Жер шарындағы таралуы  әлі күнге дейін талас тудырып келе жатқан сұрақтардың бірі.  Жалпы адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антопология ғылымы екенін білеміз. Яғни антропос – адам деген сөзден шыққан. Көпшілік антрополог ғалымдардың пікірінше , алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. Жалпы саналы адам (Homo sapiens)  осыдан шамамен 50-100 мың жылдай бұрын пайда болған. Кейін алғашқы адамдар Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, одан әрі Азиядан Америка мен Аустралияға, ең соңында Мұхит аралдарына тараған деп есептейді. Оқулықтағы 15-суреттен көруге болады.

    Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымызда 3 млн аспайтын тұрған деп шамалайды. Ерте кезеңдерде халықтың саны тек шамамен ғана айтылатын. Қазір халық санақтары ұдайы жүргізіліп тұрады.

    Алғашқы халық санақтары б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте мемлекеттің әскери және салық саясаты үшін жүргізілген. Ал ХХ ғасырда барлық елдерде халық санағы жүргізілді.Кейбір мешеу елдерде халық санағын жүргізуге халықаралық ұйымдар қаржы бөлді. Мысалы: алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, ал Оман мемлекетінде 1993 жылы жүргізілген. Жалпы халық санағы БҰҰ-ның ұсынысы бойынша әрбір 10 жыл сайын жүргізуі керек.

     Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жылда жүргізілді. Ал тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1999 жылы халық санағы болды. Кезекті халық санағы 2009 жылы жүргізіліп халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жеткенін көрсетті.

    Жалпы Жер шары халық алғашында өте баяу өскен. Табиғи апаттар, жиі болатын соғыстар және әртүрлі жұқпалы аурулар т.б. Халық саны ХХ ғасырда күрт артты. Мысалы, 1930ж – 2млрд адам, 1962ж – 3 млрд, 1976ж – 4 млрд, 1987ж – 5 млрд, 1999ж – 6 млрд, 2011 жылдың қазан айында 7 млрд жетті. Халық санының мұндай күрт өсуін демографиялық жарылыс деп аталады.

    Енді жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады.

  1. Абсолютті көрсеткіш табиғи өсу (туу мен өлімнің арақатынас)  мен механикалық  өсу (иммигранттар мен эмигранттар)
  2. Салыстырмалы, яғни 1000 адамға шаққандағы промилле 0/00 есебімен өлшенетін коэффициент.

   Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді.Мысалы Ежелгі Рим және Грекия тұрғындары орташа есеппен 25-30 жас өмір сүрсе, ХХ ғасырдың орта шенінде 46 жас, ал 2012 жылы 70 жасқа жетті. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы көрсеткіш бойынша: орташа жас ұзақтығы  69жас, әйелдерде 74, ер адамдарда 64 жасты құрайды.

    Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

Халықтың ұдайы өсуінің типтері

Көрсеткіштер

Аймақтар

Туу

Өлу

Табиғи өсу

Дәстүрлі

Өте жоғары

Жоғары

Өте жоғары

Африка мен Азияның мешеу елдері

Өтпелі

Жоғары

Төмен

Өте жоғары

Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары

Қазіргі

Өте төмен

Төмен

Өте төмен

Еуропа елдері,АҚШ; аустралия Одағы, Канада

   Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясат – елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Мысалы Қытай, Үндістан және Бангладеш елдері.       

ІV. Сабақты бекіту.

Бөлінген екі елге,
Халық бар азиялық шетелде. (Солтүстік, Оңтүстік Корея)

Жер бетінде халқы көп,
Кім айтады елді дөп.  (Қытай)

Өзі - қала, ел - өзі,

дамыған үлгі үрдісі.
Азиялық болса да,

Еуропалық тұрмысы. (Жапония)

Мұсылман үшін қасиетті,

 дінінің туған жері еді.
 Мұнайдан  халқы байыған,

бұл әлемнің қай елі? ( Араб Әмірлігі)

V. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау

VI. Үйге тапсырма.

  1. Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат тақырыбын оқып келу.
  2. Кескін картадағы тақырып бойынша тапсырмаларды орындап келу.    
ответил от Sania
0 голосов

Сыныбы

7

Күні

Тақырыбы

§20. Дүние жүзінің халқының саны және ұдай өсуі. Демографиялық саясат

Мақсаты

Дүние жүзі халқының саны, оның өзгеру динамикасы, халық саны бойынша «Алғашқы ондық» елдерін анықтау, салыстыру, ұдайы өсуін 1,2 типіне жататын елдерді жіктеуге, демографиялық саясат түрлерін ажырата білуге үйрету. Оқушылардың дүние жүзінің халқының саны әр түрлі болу себептерін түсіндіре білуге, ұдайы өсуінің елдердің даму деңгейімен байланыстылығы туралы ой тұжырымдауға дағдылындыру

Күтілетін нәтиже

А) Дүние жүзі елдерінің алғашқы он елінің халқының саны, дүние жүзі елдерінің ұдайы өсуі, халық санағы, демографиялық саясат туралы біледі;

В) Дүние жүзі елдерінің алғашқы он елінің халқының саны, дүние жүзі елдерінің ұдайы өсуі, халық санағы, демографиялық саясат туралы біледі және дүние жүзі картасынан елдерді көрсете алады;

С) Дүние жүзі елдерінің алғашқы он елінің халқының саны, дүние жүзі елдерінің ұдайы өсуі, халық санағы, демографиялық саясат туралы біледі, Қазақстанның демографиялық деңгейімен салыстырып қорытынды шығарады.

Дереккөздер

Оқулық «География: Дүние жүзіне жалпы шолу.ТМД елдері».

Алматы «Мектеп» 2014ж

Құрал-жабдықтар

Оқулық,интерактивті тақта, атлас карта, ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы, үлестірме қағазы т.б.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

1.Амандасу, жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру.

2. Оқушыларды «пазл» арқылы 4 топқа бөледі. Топ басшысын сайлауды, тобын бағалап отыруды тапсырады.

3. Үй тапсырмасын тексереді :

Сәйкестендіру

1

Фридрих Ратцель

Ең ұтым

ды

өркениет

А

2

Алғашқы өркениет

«Әлемнің

көп

полюс

тілігі»

тұжы

рымы

Ә

3

Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей,

Тәжікстан

1945

Б

4

Батыс өркениет

Л.Н.Гу

милев

В

5

С.Коэн

Саяси

геогра

фия

Г

6

Этногенез теориясы

ХҮІІІ ғ

соңы

Ғ

7

БҰҰ

Жерорта

теңізі

алабы,

Орта,

Қиыр

Шығыс

Д

8

Саяси география

ШЫҰ

Е

1.Амандасады. Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

2. Топ басшысын сайлайды.

3. Үй жұмысына жауап береді. (Топ басшысы өз тобын бағалап отырады)

Тұсаукесер

1. «Дүние жүзі халқының таралуы» видеоролик көрсетеді.

2. Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын айқындап алады.

Сабақтың табыс критерийін анықтау (сұрақ-жауап):

1. Жаңа тақырыпқа байланысты біздер нені біліп түсінеміз деп ойлайсыздар?

2. Сабақта алатын жаңа материалды қайда қолданамыз?

3. Өтетін тақырып бойынша қандай қорытынды болуы мүмкін?

1. Видеоролик қарап, өз ойларымен бөліседі.

2. Оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында бүгінгі сабақтың мақсатын мұғаліммен біріге отырып айқандайды

Анықталатын табыс критерийлері:

1. Жер шарындағы алғашқы халық қоныстанған аймақтарды білеміз;

2. Алғашқы халық санағы туралы мәлімет аламыз;

3. Демографиялық саясаттың жүргізілу барысы, оң және теріс тұстарын айқындаймыз.

Негізгі бөлім

1.Әрбір топқа постер қорғау мақсатында түрлі тапсырмалар береді:

1-топ: Адамзаттың шығу тегі. Жер шарында таралуы;

2-топ: Халық санағы

3-топ: Дүниежүзі халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер

4-топ: Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат

2. Кескін картамен жұмыс:Атластан халық саны бойынша алғашқы ондық елдерін анықтап, кескін картаға түсіру

3. Дәптермен жеке жұмыс: «Демографиялық жарылыс» және «Демографиялық дағдарыс» елдерін кесте түрінде түсіру

4. Топтық талқылау:

1,2 топ – Демографиялық дағдарыс түрлері және мәселені шешу туралы өз көзқарастарын топта талқылап, ой тұжырымдау.

3,4 – Қазақстанның демографиялық жағдайына баға беру, талдау.

Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Топтар бір-бірінің жұмысын критерий бойынша бағалайды: «екі жұлдыз бір ұсыныс»

Кескін картамен жұмыстанады.

Дәптермен жеке жұмыс жүргізеді.

Топтан белсендісі шығып өз көзқарастарын білдіреді.

Қорытынды

Сабақты тест тапсырмасы бойынша қорытындылайды:

1.Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым:

А) география В) тарих

С) биология Д) этнология

Е) антропология

 

Үйге тапсырма:§20. Қазақстан мен Канаданың табиғи өсу коэффициентін шығарыңдар, айырмашылығын талдаңдар.

Рефлексия: «Бас, қол, жүрек» не білдім, не істедім, не сезіндім?

Тестке жауап береді. Бірін-бірі бағалайды.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Рефлексия парағын толтырады: «Көрдім, істедім, сезіндім»

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Sania в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов