Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Ұстаздық еткен жалықпас...
                                                                   Адам ғалам, ғажайып жеке дана,
                                                                   Жан құмары ізденген мәңгі сана.
                                                                   Өзіңді өзің танысаң – істің басы,
                                                                   Түзеген ғаламын болған дана.
                                                                                                          Әл – Машани
    Рас... Әр адам өзінше бір ғалам. Әр адамның бойында ерекше қасиет, қабілет болатыны белгілі. Ал оны ашуға ұстаздың үлес қосары сөзсіз.
    Ұстаздық ету – ол талмай еңбектену. «Ұстаз болу – өзіңнің уақытыңды аямау , біреудің уақытын аялау» деген ойдың ақиқат екені анық. Осы жолды таңдап, мамандығын сүйген адам шәкіртіне білім нәрін беріп қана қоймай, адами қасиет пен мейірімін төгіп, шәкіртінің биіктен көрінуіне мүмкіндік жасайды.Кез келген ұстаз шәкіртінің әр жетістігіне қуанады. Шәкірт ұстазына баласындай болады. Өзінің бар білгенін үйретуге тырысып, алдыға жетелейтін бірден бір жан – мұғалім.Ұстаздың мойнында ел келешегі ұрпақтың тәрбиесі тұр. Алдындағы оқушыны білімді ғана емес, Отансүйгіш патриот, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуге де мұғалімнің атсалысатыны анық.
    Халқымыздың біртуар  ұлдарының бірі  Мұхтар Шаханов «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қасында әр кез сол кілт тұру керек» дейді. Шындығында, ол кілт тұруы міндетті деп ойлаймын.Мен де ел ертеңін тәрбиелеймін деп тыным таппай еңбектеніп жүрген мұғаліммін. Өзімнің мамандығыма жүктелетін міндеттің ауырлығын түсінемін. Осыдан 20 жыл бұрын еңбек жолымды Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектептен бастадым. Міне, 20 жылдан бері осы мектепте ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығын көріп, шәкірттеріме білім мен өмірдің қатар ұғым екенін түсіндіріп келемін.
    «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деген Абылай хан бірнеше ғасыр бұрын айтқан сөзін шәкірттеріме күнделікті айтып отыру менің дағдыма айналған. Сан ғасыр бұрын ата- бабаларымыз бізге найзаның ұшымен кең – байтақ Ұлы Даланы аманат етті, оны біліммен сақтап қалатынымызды да біліп, жол сілтеді. Ендеше сол үмітті ақтау біздің басты мақсатымыз болу керектігін алдымнан өткен шәкірттеріме айтып, түсіндіріп отыруды ұстаздық міндетімнің бірі деп санаймын.
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
деп жырлаған  Ғафу Қайырбековтың өлеңіндегі төрт қасиет ұстаз болмысын толық ашып тұрғаны анық. Осы қасиетті бойына тұмар еткен ұстаз биікке ұмтылары сөзсіз. Менің ұстаздық жолым шәкірттеріме жол ашатынын білемін. Сондықтан өз мамандығымның қажеттілігін сезінемін. Менің мамандығым – бойтұмарым.
                        №74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
«Ұстаздық еткен жалықпас...»

Қазақстан білім басқару ісінің  тарапынан мектептерде «Озат» тәжірибе бірлестігі, «Озат» шығармашылық бірлестігі, жаңа технология үрдісіндегі үйірмелер мен «Жас ұландар» ұйымдары құрылғаны мәлім. Осындай сапалы, әрі тиімді бірлестік жетекшілері өз жұмысын ұдайы атқарып келеді. Соған орай мектебімізде ғылыми әдіскер жетекшісі  Бисембекова Шамшибанудың ұйғаруымен «Озат» тәжірибе мектебінің мүшелері «Озат тәжірибе – көпке ортақ» деген тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, жаңа технология элементтерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігі мен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өзара тәжірибе алмасу барысында білікті ұстаздардың іс-тәжірибесінен тәлім алу мақсатында ашық есік күні сәтті өтті.
     «Озат тәжірибе» мектебінің құрамында 12 ұстаз бар. Олар жоғары және бірінші санатты  тәжірибелі ұстаздар. Ашық есік кезінде 4 сабақ өткізілді. Ұстаздар өз сабақтарында оқытудың тиімді тәсілдерін, жаңа технология әдістерін, АКТ-ны тиімді пайдалана отырып оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттыру арқылы өз жетістіктерін көрсетті. Өткізілген 4 сабаққа 58 ұстаз қатысып тәжірибе бөлісті. «Озат тәжірибе» мектебінің жетекшісі Пазылбекова Аманбике ұстаздар қауымына таныстырылымдар көрсету арқылы хабарлама жасап, өткізілетін іс-шарамен таныстырды.
Математика пәнінің мұғалімі Утебаева Айгул 6 «А» сыныбына жаңа технология үрдісінде «Рационал сандар» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың түрі сайыс сабақ. Сабақтың құрылымы өте сауатты құрылған және қызықты болды. Айгул биылғы жыл «мешін» жылы және сыныптағы оқушылар мешін жылғы туылған екендігін ескере отырып, сыныпты осы атаумен байланыстыра  үш топқа бөлген. Сабақты оқытудың жаңа тәсілдерін және АКТ-ны пайдалана отырып тартымды өткізді. Сабақта топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабақ кезінде пәнге қызығушылық танытып, белсенді қатысты.
Информатика пәнінің мұғалімі Алмаханова Айгул «Қаріп. Абзац» деген тақырыпта ашық сабақ берді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы нәтижесінде, практикалық жұмыс кезінде оқушылар белсенділік танытты. Сабақта оқушылар АКТ толық меңгергендігі жаңа сабақ барысында тақырыппен жұмыс жасаған кезде байқалып отырды. Пәннің ерекшелігіне байланысты сергіту сәттері жүргізілді.
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Сандибаева Раиса Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі деген тақырыпта ақпараттық жаңа технология әдісі бойынша сабақ берді. Сабақта оқушылар екі топқа бөлінді. Мұғалім сабағында аудио, «Ақсақ киік» туралы видеоролик көрсету арқылы оқушылардың  пәнге қызығушылығын арттырды. Сабақта мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс, сатылай кешенді талдау, сөздік жұмыстар орындалды. Мұғалім өз сабағында жаңа  технология мен АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы уақытын үнемді пайдалана білді.
Ағылшын пәнінің мұғалімі Оразбаева Мирамкүл 10 «Ә» сыныбына «Bad habits» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Мұғалім сыныпты төрт топқа бөліп, сабақты  «Жүректен жүрекке»  атты сергіту сәтімен бастап сыныпта жағымды ақуал орнатып алды. Интер белсенді тақтаның көмегімен мәтіннің негізінен суреттер көрсету арқылы оқушылардың сабаққа көңілін бөліп, қызығушылығын арттырды. Сабақта топтық, жеке жұмыстар орындалды. Кері байланыс, формативті бағалаулар болды. Сабақ өте қызықты өтті. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды. Оқушылар сабақта белсенділік танытты.
Әр түрлі жаңа технология әдістері арқылы өткен сабақтарға ұстаздар қатысып, тәжірибе алмасты. Сабақтардың нәтижесін мектебіміздегі ғылыми әдіскер жетекшісі  Бисембекова Шамшибану қорытындылап, сөз сөйледі. Ұстаздар қауымы іс-тәжірибе алмасып, өз тәжірибемізді шыңдап қайттық.
Қазақстанның білім ордасына қосылғалы көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, мектебімізде өз шығармашылыған шыңдаған ұстаздарымыз да болды. Оны мектебіміздегі «Озат» шығармашылық топтың жетекшілігімен өткен «Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазудан  шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Сонда, қарбалас жұмыстың жетегінде жүрсе де, өз ойын шыңдап, «қаламы қайтпас қайраткер, қалт жібермес суреткер» болған ұстаздарымыз да болды. Соның нәтижесінде  эстетика сызу-бейнелеу пәнінің мұғалімі Абтикерова Аманкүл І орын алды. ІІ орынды ағылшын пәнінің мұғалімі Нұржанова Жадыра, ІІІ орынға орыс тілі пәнінің мұғалімі Майбалаева Дамегуль мен технология пәнінің мұғалімі Иманова Шынарай иеленді. Осындай шығармашылық байқауда  өзінің шеберлігін танытқан  және ерекше ашық сабақ беріп, білім беру жүйесіндегі жаңа технологияны меңгерткен бүкіл ұстаздар қауымын, мектеп басшысы Калмаханов Берден Игенбайұлы алғысқа бөлеп, мақтау қағазымен марапаттады.
 Жалпы, ұстаздар қауымы ізденімпаз, жігерлі, намысқой халық. Олардың еңбектеріне сәттілік тілеп, қашанда алғысқа бөленіп, өмірлері мәнді де сәнді өтсін демекпіз.


Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
2017 жыл, қаңтар айы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Ұстаздық еткен жалықпас
Эссе

Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданы
КММ «Үштөбе орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі:
Омирбаева Майгуль Рымбековна

 Дүниедегі мамандық атаулының төресі–ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық
 мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
 «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алды
 нан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып
терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі
ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам ба ласы құрметпен бас иеді.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасы на білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.
Мен бүгінгі таңда Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданы КММ «Үштөбе орта мектебі» нде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істеймін.
Менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары.Ұстаздардың ғылымның соңғы жаңалықтарын күнделікті сабақтарында пайдалануда білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың орны ерекше.
Жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады.
Қорыта келгенде мен өзімнің тандаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе,оған өзі сүйсіне білмесе,ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі ,мен әр сабағымда оқушымен қарым-қатынасты,олармен сайлау мәнерін,сабақты ашып түсіндіру,оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан-жақты болуына үлкен көзқараспен ,сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін,қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. Кәсіби міндетім- бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл-ой ынтасын көтеріп,білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру,ойлау қабілетін шыңдау,сөйтіп жан-жақты дамыған,жаңаша,тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов