Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сыныбы

Күні

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай ата

Мақсаты

Ыбырай Алтынсарин туралы түсінік алу, мысалдарынан өмір шындығын табу, өлеңді түсініп оқуға үйрену

Күтілетін нәтижелер

А)Ыбырай Алтынсарин туралы бұрыннан білетіндерін ортаға салады, оның өлеңін, мысалдарын еске түсіреді

В) Өлеңдегі Ыбырай ата кім, оның балаларға қандай өнеге қалдырғанын анықтайды

С)Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, өлеңдерін талдайды.

Керекті жабдықтар

Оқулық, флипчарт, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер, стикер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

7 мин

Психологиялық дайындық: Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдап тұрып, шеңберде тұрып, бір-біріне бір сөзбен не сезініп тұрғандарын айту.

Кіріспе: топқа бөлу (оқулықтарды таңдау –қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика).

 Үй тапсырмасын тексеру: «Жасырынған сұрақтар» (түрлі-түсті стикерлерге жазылған, оқулық беттерінің арасына жасырынған сұрақтарды тауып, оларға жауап беру).

1-топқа –Құрманғазының күйлерін атап шығу

2-топқа –Құрманғазының өмірі туралы не білесіңдер

3-топқа –Құрманғазының өнері қалай аталады? Басқа тағы қандай күйшілерді білесіңдер?

4-топқа –Домбыра туралы жұмбақ (Тартылған екі арқаны ұзын бойға, Сөйлеуге сондай шебер, тапсаң айла. Әр жерде аршындалған балдағы бар, Он бармақты қозғалтып, күйлер ойнар (Домбыра). Домбыра аспабы туралы не білесің? Сипаттап беріңдер.

Топқа бөліну.

Үй тапсырмасы бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, өз ойларын ортаға салады.

Тұсау кесер
 

Алдарыңдағы оқулықтарды атап шығыңдар. Біздің бұлардан басқа тағы қандай оқулықтарымыз бар? Біздің оқулықтарымыз көп.

Білесіңдер ме, балалар, қазақ балаларына арналған ең алғашқы мектепте жалғыз ғана оқулық болыпты. Ол қандай оқулық? Ол мектепте мұғалім кім болған оны білу үшін оқулықты ашайық (169-бет)

Табыс критерийлері

А)Ыбырай Алтынсарин туралы бұрыннан білетіндерін ортаға салады, оның өлеңін, мысалдарын еске түсіреді

В) Өлеңдегі Ыбырай ата кім, оның балаларға қандай өнеге қалдырғанын анықтайды

С)Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, өлеңдерін талдайды.

Негізгі бөлім

27 мин

«Ізденіп оқу» -Әр топ өздеріне берілген сөзді негізге ала отырып, ол сөзге қатысты мәтіннен деректер іздейді. (1-топқа -атасы, белгілі, 2-топқа- молда, үздік, 3-топқа - алғашқы, бастауыш, 4топқа –білім, оқулық)

Мәтіннен іздеп тапқан деректерін бұрынғы алған білімдерімен байланыстыру  (1-сыныпта Ыбырайдың қандай өлеңін оқыған едік, қандай әңгімесін оқып едік). Үзіндісін жатқа айтып беру

Өлеңді оқу.

«Өрмекші» әдісін пайдаланып, Ыбырай кім? деген сұраққа жауап беру.

(үздік оқушы, тұңғыш мектеп ашушы, тұңғыш оқулық авторы, жазушы, ақын, ұстаз, ағартушы, халқын ойлаған ер)

«Ыбырайдың мектебі»                   «Біздің мектеп»

Айырмашылықтарын екі шетке, ортасына ұқсастықтарын жазайық.

Білім туралы қандай мақалдар білеміз?

Оқушылар топқа берілген сөздерді негізге ала отырып, мәтіннен деректер тауып оқиды, оқығандарын ортаға салады.

Бұрынғы алған (1-сыныптағы) білімдерін еске түсіреді

Оқушылар Ыбырай туралы алған қазіргі және бұрынғы білімдерін біріктіре отырып, қорытады, топтастырады

Қорытынды

6 мин

«Ыбырайдың мақсаты»

Тақтада берілген 4 нұсқаның ішіндегі дұрысын тауып, өз ойларын дәлелдеп шығу.

Үйге тапсырма: «Үй тапсырмасын таңдау»

  1. «Кел балалар, оқылық» өлеңін жаттап келу.
  2. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығынан бір әңгімені оқып, түсінгенін айту
  3. Алғашқы оқулық қандай болды деп ойлайсыңдар, оны қазіргі оқулықпен салыстырып сипаттау.
  4. «Ыбырай ата» өлеңін мәнерлеп оқу.
  5. Ыбырайдың атынан алғашқы мектеп туралы айтып беру.
  6. Ыбырай туралы 5 жол өлең шығару.

Оқушылар берілген нұсқаларды талдай отырып, ішіндегі дұрысын тауып, негіздейді

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Махамбет ауылы

Махамбет жалпы ортабілім беретін мектебі

1-санатты бастауыш пәні мұғалімі

Елеусинова Жазира Жлдығали қызы

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов