Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Күні:

Сынып: 7

Сабақ № 3

Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Оқушыларды  қоршаған ортадағы сан түрлі кодтармен таныстыру.
  • Ақпаратты кодтаудың маныздылығын анықтау. 
  •  ASCII, екілік, он алтылық код, Морзе алфавиті туралы түсінік қалыптастыру
  • Оқушыларға ақпаратты  кері кодтауға үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. 

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту 

6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

• Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

• Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

• Байланыс тілі деп нені айтады?

• Қандай тілдерді білесіңдер?

• Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

• Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

Жаңа түсініктер:

Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды кодтау деп айтады.

Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір таңбалар жиынын екінші

таңбалар жиынына көшіру  ережесін код деп айтады.


Мысалы, біздің лицейдегі оқушы саны:

үш жүз отыз төрт, 334 немесе триста тридцать четыре

Ақпаратты кодтау оның кері кодталу (декодтау) процесімен тікелей байланысты

Сигнал түрінде

Графиктік түрде

Сигнал түрінде

АҚПАРАТТЫ КОДТАУДАҒЫ
 НЕГІЗГІ ӘДІСТЕР

Символ түрінде

Сандық түрде

 

АSСП коды.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- АSСІІ коды-американдық апарат алмасудың стандартты коды.

Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен түрады: стандартты, баламалы.

Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0-ден 127 -ге дейінгі кодтар: цифрлар,  латын алфавитінің әріптері мен копьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі - 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ). Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі 2-суретте келтірілген. Парта сөзін кодтау үшін

• Мәтіннің әр символының кодон АSСІІ кестесінен табу керек. Оның коды-екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан көлденең   жолды4

номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді.  Сосын сәйкестендіру кестесінен оның екілік жүйеге ауыстыру керек.

Практикалық жұмыс:

Сабақты бекіту сұрақтары:

• Кодтау мен кері кодтау деген не?

• Бит, байт деген не?

• Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

Үйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу• Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз