Сыныбы: 5«Б» | Пәні: Қазақ әдебиеті | Күні: 09.01.2015ж |
Сабақтың тақырыбы: | Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» |
Сабақтың мақсаты: | Мәтінді жан-жақты талдап, тәрбиелік мәнін ұғыну |
Сабақтың міндеттері: | - Жазушы туралы білімдерін толықтыруға бағыт-бағдар беру;
- Сабақта еркін сөйлеп, өз пікірлерін қысылмай айтуға мүмкіндік жасау;
- Адам өміріндегі еңбектің рөлін білуге, еңбек пен ақыл – таусылмас байлық екенін оқушы бойына дарытуға ықпал ету;
|
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін толықтырып, еркін сөйлеп, өз белсенділіктерін танытып, еңбектің адам өміріндегі рөлін алқылап, маңызды құндылықтарды біледі |
Керекті жабдықтар: | Суреттер, қима қағаздар, интербелсенді тақта |
Сабақ барысы |
І. Психологиялық ахуал. | Амандасу. Оқушыларды топқа бөлу (әр түрлі әріптер арқылы әр топ өзінің орындарын табады) | 2 минут |
Үй тапсырмасын тексеру | Аңыз-әңгімелер. Аңыз-әңгімелер әдебиеттің қай түріне жатады? Аңыз-әңгімелердің ерекшелігі қандай? Аңыз-әңгімелер дегеніміз не? Аңыз-әңгімелер неге байланысты дүниеге келген? Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері кімдер? Аңыз-әңгімелердің ертегіден айырмашылығы неде? Қандай аңыз-әңгімелерді білесіңдер? | 5 минут |
Кіріспе | Топта рөлдерді бөлу | 1 минут |
Негізгі бөлім: |
Жаңа сабақ: | Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет беремін | 5 минут |
Миға шабуыл: | 1-топ Жазушы туралы білімдерін топтастыру 2-топ Лексикалық жұмыс орындайды | 5 минут |
Мәтінмен жұмыс: «Әке мен бала» | - Сөздікпен жұмыс
- Түсініп оқу
- Өз сөзімен баяндау
| 10 минут |
Сергіту сәті: | «Сэм ағай» ойны арқылы сергіту | 2 мин |
Шығармашылық жұмыс: | «Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын ашатындай кесте, постер жасау, мәтінге сұрақтар құрастыру | 9 минут |
Бағалау: | Формативті бағалау | 3 минут |
Кері байланыс: | «Екі жұлдыз, бір тілек» | 2 минут |
Үй тапсырмасы: | Әңгімені мазмұндау; әңгіменің мазмұны бойынша мақал-мәтелдерді жаттап келу | 1 минут |
| | | |