Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қалталар мен файлдардың аттарын өзгерту
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

27-сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қалталар мен файлдардың аттарын өзгерту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды файлдар мен қалталар ұғымдарымен  таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Болжамдап отырған нәтиже: Білімді, сауатты, салауатты ұрпақ

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

                                     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

                                    ІІІ. Жаңа сабақ

                                    ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

                                  Ү. Сабақты қорытындылау

                                    ҮІ. Үйге тапсырма беру

                                  ҮІІ.Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Сабаққа кімдер келген жоқ?

- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі де файлдармен жұмс істейді. Windows жүйесі әрбір адамды дискідегі файлдарды пайдалану кезінде оларды үнемі қадағалау қажеттігінен босатты.Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған мәліметтержиыны файл деп аталады да дискіде сақталады.

Файл – белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны. ОС жұмысы үшін керекті мәлімметтер рөлін әр түрлі типтегі файлдар атқарады.Файл программадан,не оларға қажетті берілген сандар тобынан,мәтіннен тұруы мүмкін.

Әрбір файлдың өзіндік аты болуы керек. Дискіде аттары әртүрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бөліктен құралады: аты және типі.

Windows ортасында файл аты 255 символға дейінгі сөз тіркестерінен құрала береді,ал типі сол үш таңбамен шектеледі.Бір каталогта,яғни бумада атары бірдей файлдар болмауы тиіс.Файлдың аты мен типі нүктемен бөленеді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Ү. Сабақты қорытындылау:

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау:Сабаққа белсене қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалаймын. Ал, сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларға ескерту жасаймын.

Бүгінгі сабақты Юсуф Баласағуни сөзімен аяқтағым келеді:

«Түйсік болып, қансаң білім нәріне –

Жетер қолың  ой-тілектің бәріне.»

Сау болыңыздар!

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов