Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сәулет ескерткіштері
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Пәні: Қазақстан тарихы 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді игерту

Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі замандағы архитектураның  озық үлгілерімен  салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық тәрбие беру, «Мәдени мұраны» дәріптеуге баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, шығармашылық, интерактивті әдіс, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, интерактивті тақта, карталар, мультимедиялық диск

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. амандасу

2. оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау, психологиялық жағдай жасау,

ІІ. Үй тапсырмасы

1. Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уәлиханов

2. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Құнанбаев

3. Ағартушы, педагог - Ыбырай Алтынсарин

І топ

Шоқан Уәлиханов туралы не білетіндерін айта отырып, оның еңбектеріне қысқаша түрде тоқталып таныстырады.

ІІ топ

Абай Құнанбаев туралы білгендерін айта отырып, оның шығармаларына, өдеңдеріне, қарасөздеріне тоқталады.

ІІІ топ

Ыбырай Алтынсарин ағартушы, педагог екенін оның еңбектері арқылы дәлелдейді.

  • Әр топ өз тапсырмаларын шығармашылық негізде қорғайды
  • Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы үй тапсырмасын талдау,  мазмұнын ашу, әр топ қосымша әдебиеттер, шығармалары мен еңбектері жөнінде мәліметтерін ортаға салады.
  • Сыныпқа шығармашылық тапсырма

1. Абай философ - қара сөздерінен үш тілде үзінді айту

2. Абай аудармашы - А.С.Пушкин, М.Ю. Лермонтов т.б шығармаларын екі тілде айту

3. Абай ақын, сазгер – әндерін айту

Тақырыптық слайд негізінде негізгі ой-түйін жасау

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Сәулет өнерінің тарихы

2. Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері

3. Қазіргі заманғы сәулет өнері

1. Оқушыларды оқулықтан сәулет өнерінің тарихын зерттеуге бағыттау

Мық - ергежейлі, бірақ күшті адам деген сөз. Осындай үйлер Қазақстан жерінде б.з.б. III-II мыңжылдықтарда кеңінен тараған.

Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты киіз үй пайда болды.

image image image image 2. Тақырыптық слайд негізінде орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштерінің мазмұнын ашу, олардың тарихымен таныстыру.

XI-XII ғасырларда салынған Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан ғимарат Айша бибі кесенесі.

Тараз қаласының маңында орналасқан ерекше туындылардың бірі Қарахан кесенесі.

Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан құрылыс Жошы хан кесенесі.

Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Түркістан қаласында салынған құрылыс Ахмет Иассауи кесенесі.

3. Мультимедиялық презентация Ахмет Иассауи кесенесі.

IV. Бекіту

Жаңа сабақты оқушыларға өз ойларын қорытындылауды тапсыру.

Сәулет өнері

 

V. Бағалау

Үй тапсырмасы бойынша шығармашылық тапсырмаларға белсене жауап берген оқушыларды бағалау

VI. Үй тапсырмасын беру

1. параграфты  оқып, мазмұндау

2. тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ