Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Ілмекбізбен тоқу. Шартты белгілер

Мақсаты: Ілмекбізбен тоқу технологиясымен таныстыру, орындалу әдістерін үйрену.

Білімділік: Қолмен ілмек бізбен тоқу технологиясын таныстырып, шартты

                   белгілерін үйрету. Оның күнделікті  өмірде пайдасының бар екенін

                   түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, 

                                тапсырма беріп олардың қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушының еңбекке деген қызығушылығын өз бетінше 

                        орындауға, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Түсіндірмелік теориялық, сарамандық.

Әдіс –тәсілдері: Іздену, түсіндіру, сұрақ – жауап, оқушымен жұмыс, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Математика, химия, бейнелеу.

Сабақтың жоспары:

І.   Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру «Ойлау» аялдамасы

ІІІ. Жаңа сабақ «Ғылым» аялдамасы

ІҮ. Сарамандық жұмыс «Өнер» аялдамасы

Ү.  Жаңа сабақты бекіту «Ойлан да, ойна» аялдамасы

ҮІ. Қорытынды «Пікір алмасу» аялдамасы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Ойлау» аялдамасы

1. Іліп тоқу неліктен ер адамдардың кәсібі саналады?

2. Тоқудың қандай түрлерін білесіңдер?

3. Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.

5. Сапасы және түсі әртүрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?

6. Тегіс, бедерлі, әртүрлі өрнектерді тоқу үшін қандай иірімжіпті қолданады?

7. Қай иірімжіпті тек сымтемірмен тоқиды?

ІІІ. Жаңа сабақ «Ғылым» аялдамасы

Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады. 
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз. 
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек. 

Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.
Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады. 
Негізгі шалулар Ілмек бізбен іліп тоқу
Ілмек бізбен іліп тоқу технологиясы
Қолды дұрыс ұстау
Шалманың пайда болуы
Жарты бағанша немесе біріктіргіш бағанша
Шалмасыз бағанша
Шалмалы бағанша
Екі шалмалы бағанша
Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу
Айналдырып шеңбер жасай тоқу.

ІҮ. Сарамандық жұмыс «Өнер» аялдамасы

Ү.Жаңа сабақты бекіту «Ойлан да, ойна» аялдамасы

  • Тоқыма тоқу үшін қандай құрал қажет?
  • Ілмекбізді неден жасайды?
  • Тоқыма тоқу үшін қандай жіптер пайдаланылады?
  • Негізгі шалулардың түрлері қандай?

ҮІ. Қорытынды«Пікір алмасу» аялдамасы

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ