Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Үш жас-баланың туғаннан кейінгі ең негізгі жас ерекшелігі, себебі бұл жаста баланың дағдарыстан шығу кезеңі. Бұл жаста негізгі қажеттіліктер:қарым-қатынас, сыйластық пен мойындау және де басты іс-әрекет-ойын болып табылады.

Бұл жаста балаңыз:

  • Өз қалауынша, барлық істі өзі істегісі келеді, бұл кезде баланың өз «Мені» қалыптасады.
  • Өзін жеке тұлға ретінде ұстай бастайды, біреудің айтқанынан гөрі, өз білгенін істегенді жөн көреді және ата-анасының біреуінің ғана тілін алса, екіншісіне қыңырлық таныта бастайды.
  • Тек анасы мен жанұясындағы адамдардан басқа, өзімен жасты балалармен қарым- қатынасқа түскісі келе бастайды.

  • Ойын түрі-  көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі Бұл жаста бала бір ойынды 10-15 мин қана ойнайды, содан жалығып басқа ойын түріне ауысады. Заттармен ойнау сюжеттіктен, бейнелі-рөлдікке айналады.
  • Балалар құрдастарымен ойын барысында өздерінің тұлғалық шекараларын қорғап және сезінеді және басқа адамдарданда осы қасиеттерді байқай бастайды.
  • Жаңадан сөздер құрастыра бастайды,  бала белсенді түрде сөйлейді.
  • 3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде, бұл ол үшін әбден заңды, өйткені біреу оның тұлғалық

  • қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «

  тұлғалық» тетігі болып табылады.

Бала не істей алуы тиіс:

  • 3-4 жастағы балалар топтағы балалармен қарым-қатынасқа түсе алуы керек;
  • Қолына қарындаш ұстап, тік және көлденең сызықтар сыза біледі, суреттер сала бастайды;
  • 3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің сапалы жаңа қасиеттері қалыптасады: фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
  • Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді.
  • Активті түрде өзбеттілікке ұмтылады, өзіне қызмет көрсету мен гигиенасына үйрене бастайды;
  • Бұл жаста қысқаша тақпақтар, ертегілер, өлеңдер айтады және рахаттана қайталап айтып береді;

3-4 жастағы балалардың орнықты сипаты  («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Балалар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды: өзі тамақтанады, киінеді, мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі - ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.

Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.б.).

Міне, сол себептен балалардың жас ерекшеліктерін білген жөн.

Олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін және де жас ерекшелік дағдарыста көрінетін мінез- құлқындағы өзгерістерді байқауға көмек береді.

Балаңызбен оңай тіл табысуыңызға тілектеспін!!!

спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов